Ұлттық Медиа Қауымдастықтың атынан Кемелбек Бақтығұлұлын «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз!
Ол кісі өзінің Facebook парақшасында осы жағымды жаңалығымен бөлісті. «Хабар», «Хабар 24» және «El Arna» телеарналарын дамыту, сондай-ақ осы мақсатта интернет кеңістігін неғұрлым прогрессивті пайдалану жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Қазақстанның жетекші медиа-агенттігі елдің ақпараттық нарығындағы өз позициясын нығайтып қана қоймай, жаһандық ауқымда өз аудиториясын арттыратынына сенемін.
Айта кетейік, Кемелбек Бақтығұлұлы қауымдастық басшысы және ҰМА Бақылау кеңесі міндеттерін орындауды жалғастырады.
«Хабар» агенттігінің қазақстандық медиа қоғамдастығы мен үлкен телесемилиясын дамытуда табыс тілеймін!

Атқарушы хатшы З. Баянова

Перевод
Facebook
Instagram