Қазақстан қалалары мен ауылдары, 0+, 6+ аудиториясы

14–20 қыркүйек аралығы телеарналар арасындағы көшбасшының тағы да ауысуымен ерекшеленді. Бірінші орынға Еуразия бірінші арнасы шықты. Арнаның рейтингі – 0,50%, аудитория үлесі – 14,41%. Екінші орынды Жетінші арна (0,40%; 11,63%), үшінші орынды КТК (0,34%; 9,84%) иеленді. Одан кейін Мир (0,29%; 8,26%) және Qazaqstan (0,28%; 8,04%) арналары орналасты. Алдыңғы аптамен салыстырғанда Еуразия бірінші арнасы екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, ең жақын бәсекелестерінен алшақтығын айтарлықтай арттырды.

Жаңалықтар сегменті. Аптаның көшбасшысы – Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости на Первом канале Евразия» бағдарламасы. Оның рейтингі 2,06%-ды құрады. Екінші орында – КТК арнасындағы «Новости» (1,92%), үшінші орында – Жетінші арнадағы «Новости» (1,37%). Одан кейін Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» (1,36%) және 31 арнадағы Informburo (1,22%) орналасты. Осылайша, Еуразия бірінші арнасы алғашқы төрттікте бірден екі жобамен көрінді.

Ақпараттық-талдамалық сегмент. Ақпараттық-талдамалық сегментте де көш бастады Еуразия бірінші арнасы. Арнаның «Аналитика» бағдарламасы 1,55% рейтинг көрсетіп, Qazaqstan арнасындағы «Apta/Апта» бағдарламасынан (0,88%) айтарлықтай озып кетті. Үшінші орында – Еуразия бірінші арнасындағы Basty prime (0,54%), төртінші орында – Astana TV арнасындағы Sarap times (0,50%), бесінші орында – КТК арнасындағы «Портрет недели» (0,42%).

Әлеуметтік-экономикалық сегмент. Алғашқы екі орынды Еуразия бірінші арнасының жобалары иеленді. Koremiз show 1,46% рейтингпен көш бастаса, «Құрылтай online» 1,34% көрсеткішпен екінші орынға жайғасты. Үшінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Зейнет капитал» (0,62%). Алғашқы бестікке сондай-ақ 24KZ арнасындағы «Елге қызмет» (0,61%) және Qazaqstan арнасындағы «Қазір айтайық» (0,42%) бағдарламалары кірді.

Юмористік сегмент. Юмористік сегментте бірінші орынды Qazaqstan арнасындағы «Тұрсынбек Қабатов. 10-шы жеке концерті» және Almaty TV арнасындағы «Үздік әзілдер» бағдарламалары бөлісті – екеуінің де рейтингі 0,87%. Үшінші орында – Жетінші арнадағы «Әзілін жарасса» (0,74%). Одан кейін Almaty TV арнасындағы «Алдараспан…» (0,65%) және КТК арнасындағы «Алдараспан…» (0,39%) бағдарламалары орналасты.

Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары. Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында көшбасшы – Balapan арнасындағы «Жекпе жек-2» жобасы. Оның рейтингі 0,87%-ды құрады. Екінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Қызық екен…/Qyzyq eken…» (0,77%), үшінші орында – Еуразия бірінші арнасындағы QosLike (0,76%). Алғашқы бестікке сондай-ақ Jibek Joly арнасындағы «Дәмді Life» (0,50%) және 31 арнадағы «Готовим с Адель» (0,48%) бағдарламалары енді.

Музыкалық сегмент. Музыкалық сегментте Хабар арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» 0,94% рейтингпен бірінші орынға шықты. Екінші орында – Qazaqstan арнасындағы Superstar.kz (0,85%), үшінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Көңіл толқыны» (0,42%). Алғашқы бестікке сондай-ақ Almaty TV арнасындағы «Әсем әуен» (0,37%) және Almaty Cover Show (0,34%) жобалары кірді.

Сериалдар сегменті. Сериалдар сегментінде бірінші орынды Qazaqstan арнасындағы «Жоғалған есім» иеленді. Оның рейтингі – 0,87%. Одан кейін Хабар арнасындағы екі сериал орналасты: «Келінжан-3» – 0,85% және «Келінжан-2» – 0,68%. Төртінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Сезім толқыны» (0,64%), бесінші орында – Astana TV арнасындағы «Зу-Зу Күлпәш» (0,52%).

Киносегменті. Кино сегментінің көшбасшысы – Balapan арнасындағы «Әділ ағай» фильмі. Рейтингі – 0,83%. Екінші және үшінші орындарды Astana TV арнасының фильмдері иеленді: «Заманback» – 0,69%, «Брат или брак» – 0,57%. Кейінгі орындарға КТК арнасындағы «Тимучин» (0,41%) және Astana TV арнасындағы «Lemon. Күлпәштің хикаялары» (0,38%) орналасты.

Аптаның негізгі қорытындысы. Аптаның басты қорытындысы – Еуразия бірінші арнасының айтарлықтай күшеюі.Арна 0,50% рейтинг көрсеткішімен жалпы рейтингте бірінші орынға шығып, сонымен қатар жаңалықтар, ақпараттық-талдамалық және әлеуметтік-экономикалық сегменттерде де көшбасшылық позицияларға ие болды. Жетінші арна екінші орнын, КТК үшінші орнын сақтап қалды. Жекелеген бағдарламалар арасында аптаның ең жоғары нәтижесін Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости на Первом канале Евразия» көрсетті – 2,06%.

Перевод
Facebook
Instagram