Қазақстан қалалары мен ауылдары, 0+, 6+ аудиториясы
Қыркүйек айының екінші аптасында Жетінші арна көшбасшылығын сақтап, 0,39% рейтинг және 12,17% аудитория үлесімен бірінші орынға шықты. Еуразия бірінші арнасы екінші орнын (0,35%; аудитория үлесі – 10,91%), ал КТК үшінші орнын (0,34%; 10,78%) сақтап қалды. Одан кейін Мир (0,28%; 8,83%), Qazaqstan (0,26%; 8,37%) және 31 арна (0,23%; 7,20%) орналасты. Алдыңғы аптамен салыстырғанда алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ, алайда Жетінші арна мен ең жақын бәсекелестері арасындағы айырмашылық қысқарды.

Жаңалықтар сегменті. Аптаның көшбасшысы қайтадан КТК арнасындағы «Новости» бағдарламасы болды. Оның рейтингі 1,82%-ды құрады. Екінші орында – Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости на Первом канале Евразия» (1,37%), үшінші орында – Жетінші арнадағы «Новости» (1,22%). Одан кейін 31 арнадағы Informburo (1,17%) және Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» (1,05%) орналасты.

Ақпараттық-талдамалық сегмент. Ақпараттық-талдамалық сегментте Еуразия бірінші арнасындағы «Аналитика» бағдарламасы 0,64% рейтингпен көш бастады. Екінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Apta/Апта» (0,51%), үшінші орында – КТК арнасындағы «Портрет недели» (0,49%).

Әлеуметтік-экономикалық сегмент. Әлеуметтік-экономикалық сегменттің көшбасшысы – Еуразия бірінші арнасындағы Koremiz show. Бағдарламаның рейтингі 0,98%-ды құрады. Екінші орында осы арнадағы «Құрылтай online» (0,72%). Үшінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Әлем және біз» (0,61%). Одан кейін осы арнадағы «Көрінбейтін дерт» (0,49%) орналасты.

Юмористік сегмент. Юмористік сегментте бірінші орынды Almaty TV арнасындағы «Шымкент Шоу» 0,56% рейтингпен иеленді. Жетінші арнадағы «Әзілін жарасса» бағдарламасы 0,55% көрсеткішпен оған жақын нәтиже көрсетті. Үшінші орында – Almaty TV арнасындағы «Шаншар…» (0,52%). Алғашқы ондықта Astana TV және 31 арна жобалары да кеңінен ұсынылды.

Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары. Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында алғашқы екі орынды Balapan арнасы иеленді. «Жекпе жек-2» 0,95% рейтингпен көш бастаса, «Жас кеменгер» 0,72% көрсеткішпен екінші орынға жайғасты. Үшінші орында – Jibek Joly арнасындағы «Дәмді Life» (0,70%), төртінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Қызық екен…/Qyzyq eken…» (0,69%).

Музыкалық сегмент. Музыкалық сегментте Astana TV арнасындағы «Үздік әндер» 0,72% рейтингпен көш бастады. Екінші орында – Qazaqstan арнасындағы Superstar.kz (0,69%), үшінші орында – Qazaqstan арнасындағы «Көңіл толқыны» (0,59%).

Сериалдар сегменті. Сериалдар сегментінде Qazaqstan арнасы сенімді көш бастады. Бірінші орынды «Естай мен Қорлан» сериалы 1,41% рейтингпен иеленді. Екінші орында – «Сен қасымда болмасан…» (0,93%). Үшінші орында – Astana TV арнасындағы «Ағайынды алтаумыз» (0,75%).

Кино сегменті. Кино сегментінде Astana TV көш бастады. Бірінші орында – «Періште» фильмі (0,80%), екінші орында – Жетінші арнадағы «Бойдақ күйеу» (0,50%). КТК арнасындағы «Тимучин» және Astana TV арнасындағы «Жеті гүл» фильмдерінің көрсеткіші бірдей – 0,45%. Жалпы, Astana TV аптаның фильмдер рейтингіндегі алғашқы он позицияның бесеуін иеленді.
