Өткен жылы телевизия саласы тұрақтылығынан айныған жоқ. Еліміздегі арналардың рейтингтері өз позицияларын нығайтып, жақсы қарқынмен жұмыс істеді. Алғашқы ондықтың аз бөлігі сенсация жасады деуге де болады. Осылайша өз бағыттарын түбегейлі өзгерте алды. Өкініштісі бұрын рейтингтен жоғарылай алмаған арналар сол күйінде орындарынан қозғалған жоқ. Сонымен, 2023 жылдың үздік 5 арнасының қатарына Еуразия бірінші арнасы, КТК, Qazaqstan, НТК және AstanaTV енді.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР

Жекелеген бағдарламалардың көрсеткіштері максималды рейтингі және ең маңызды, көп қаралған тележобаларды анықтауға мүмкіндік береді. 8 ақпанда КТК жаңалықтары бұрын-соңды болмаған жоғары рейтингті көрсетті — 5,26%, бұл көрсеткішке ешкім жете алмады. 20 қарашадағы Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» екінші орынға тұрақтады. Нәтижесі – 4,98%. Ал 12 желтоқсанда эфирге шыққан «Басты жаңалықтардың» қазақ тіліндегі нұсқасы – 3,66% жинап үшінші орынға табан тіреді. Айта кетейік, Еуразия бірінші арнасының төрт бірдей жаңалықтар шығарылымы ең жоғары және орташа рейтинг бойынша үздік ондыққа кірді.

Егер біз бір жылда шыққан бағдарламалардың орташа рейтингімен салыстыратын болсақ, онда көрсеткіш те өзгереді. Мәселен, Qazaqstan ұлттық арнасы «Qazaqstan. Aqparat» бір жылда, ал МИР телеарнасынан эфирге 1 202 рет берілген жаңалықтар шығарылымы (10 және 7 орын). Сонымен қатар, Еуразия бірінші арнасының жаңалықтар бағдарламаларының жалпы саны бір жарым мыңнан асады, бірақ олар шығу уақыты мен тіліне байланысты бөлек әрі дара жоба болғандықтан, олардың әрқайсысының орташа рейтингі әртүрлі болып тұр. Сонымен, 260 шығарылым үшін орташа рейтинг бойынша ең жақсы жаңалықтар бағдарламасы Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» болды.

АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТОП-ОНДЫҒЫ

Еуразия бірінші арнасы және КТК осы санаттағы негізгі тұғырды екіге бөледі. Олардың ауқымды сараптамалары, ҚР Парламентінің жұмысы туралы репортаждары және қорытынды шығарылымдары ең көп көрермен жинай алды. Мысалы, «Аналитика» бағдарламасы Еуразия бірінші арнасында 29 қазандағы шығарылым үшін 3,73% рейтинг жинаған. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл санат үш кіші топқа бөлінеді – әзіл-оспақ бағдарламалары, ток-шоулар және басқа да ойын-сауық бағдарламалары. Олардың әрқайсысының өз фавориттері яғни белсенділері бар және жыл қорытындысы бойынша КТК-дағы «Астарлы ақиқат» ток-шоуы, Qazaqstan-дағы «Әзіл әлемі» және Хабарадағы жаңа жылдық «Қызық премия» үздіктер қатарынан табылды.

2023 жылы «Астарлы ақиқат» шоуының 382 шығарылымы эфирге берілді. Бұл ең өнімді отандық ток-шоу (рейтинг 1,69%, 1 орын). Мәселен, әзіл-сықақ бағдарламаларының арасында әр түрлі арналарда «Алдараспан» шоуының (тек КТК және Astana TV-де 126) шығарылымдары өте көп көрсетілді.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Ел тұрғындары музыкалық бағдарламаларды керемет жақсы көреді. Нағыз ән жанкүйерлері деп айтуға негіз бар. Өйткені көрермендердің сүйікті бағдарламаларының қатарында танымал әртістердің шығармашылық кештері, музыкалық байқаулар, мерекелік һәм концерттік бағдарламалар бар. Дәстүр бойынша, мұндай бағдарламалар әдетте ұлттық және мемлекеттік мерекелер қарсаңында беріледі. Мысалы, «Жақсылықпен кел, Жаңа жыл!» жобасының 4 шығарылымы үшін ең жоғары орташа рейтингке ие болды. Көрсеткіш-2,73%. Ал көрермендердің көбі 31 желтоқсан күні КТК-дан берілген «Ән мен әнші» концертін тамашалау үшін экран алдына жиналды.

ҮЗДІК 10 ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Бұл санаттағы бағдарламалар сапында тек танымдық және гуманитарлық бағдарламалар ғана емес,  Еуразия бірінші арнасынан шығатын  «Доброе утро, Казахстан!» немесе Qazaqstan-дағы «Таңшолпан» жобалары да кіреді. Білім беру контентін Qazaqstan ұлттық арнасы ең көп және ең жақсы шығарады. Бұл жай сөз емес. Бір жылдағы ең жоғары және орташа рейтингтердің сандары осылай дейді. 

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауы  барлық рекордтарды жаңартты. Мемлекет басшысының құттықтау сөзі елдің барлық негізгі арналарында көрсетіліп, 2023 жылы ең көп қаралған дүниеге айналды. 7,72% — бұл телеөлшегіштердің жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Көптеген көрермен Президент құттықтауын Еуразия бірінші арнасынан тамашалаған екен. Сонымен қатар, көрермендер Еуразиядағы «Koremiz» және «Грани» ток-шоуларына, КТК-дағы «Дау-дамайсызға», Qazaqstan-дағы «Ақорда» бағдарламаларына көп көңіл бөлді.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Balapan телеарнасының ең жоғары рейтингтері алдыңғы санаттардың ешқайсысына кірмеген басқа қазақстандық бағдарламаларға мүмкіндік қалдырмады. Демек алдына қара салмай, дара шапты. Осылайша бұл санатта үздіктер тұғырында тұр. Жас көрермендердің де рейтингке әсері ересектерден еш төмен емес. Олар да өздерінің сүйікті бағдарламалары мен хикаяларын тамашалап отырады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЗДІК 10 СЕРИАЛ

Биылғы жылы отандық телехикаялар шығаратын фабрикаға айналған – Qazaqstan телеарнасы осы жүрісінен жаңылған жоқ. Ең жоғары рейтинг бойынша ондықтағы 90% және орташа есеппен ондықтағы 60% — көрсеткіш те осы арнаның еншісінде. Бұл өткен 2023 жылғы Ұлттық арна жұмысының оң нәтижесі. Арнаның сценаристері мен шығармашылық топ көрермен тартудың құпиясын жақсы меңгерген. Диірменнен жаңа піскен нан сияқты қылып ыстық та, жаңа дүниелерді яғни көрермен көп жинайтын сериалдарды шығарды. Сериалды үлкен экранға лайық толықметражды фильмге айналдыру тәжірибесі де сәтті болды. Бұған мысал ретінде «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін атауға негіз бар.

ҮЗДІК 10 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ

Хабар тарату желісінде көрсету үшін фильмдерді таңдау бойынша көшбасшылықта Qazaqstan, Astana TV, 31 арна, НТК және Жетінші арна бақ сынайды. Қайта көрсетілсе де, кейбір фильмдердің орташа рейтингі бұл арналарды жоғары деңгейге шығарады. Біздің отандастарымыздың жанрлық қалауы комедиялар, тарихи картиналар мен экшн-фильмдер арасында болып тұр. Алайда арналар көрермен көкейіндегісін дөп басатын фильмдерді эфирге ұсына алды.

ҮЗДІК 10 ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Биылғы жыл елдегі жекелеген оқиғаларға, сондай-ақ маңызды саяси оқиғаларға қатысты егжей-тегжейлі репортаждар мен терең зерттеулерді ұсынатын деректі картиналарға көрермендердің қызығушылығы артты. ҚР Президентінің телерадиокешені үлкен жұмыс атқарды, Мемлекет басшысының ТМД елдеріне сапарлары туралы баяндайтын көптеген деректі фильмдер түсірілді. Сондай-ақ, көрермендер елімізде болған қайғылы оқиғалар – «Очаг смерти», «Қантар. Предпосылки и последствия»және басқалар.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМА

«Новогодняя ночь на Первом. 10 лет спустя» — өткен жылдың соңғы күніндегі осы мерекелік бағдарлама теледидар экрандарының алдына көптеген көрерменді жинай алды. Осылайша бұрын-соңды болмаған көрсеткішке ие болды. Екінші орында Еуразия бірінші арнасы арқыры әр апта сайын шығатын әйгілі «Поле чудес» тұр.  UEFA Euro-2024 кубогымен Qazsport осы санаттағы үшінші орынға қол жеткізді.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасы қазақстандықтардың сүйікті арнасы атағына тек жаңалықтар, аналитика және ойын-сауық шоулары үшін ғана емес, сонымен қатар үздік фильмдер мен сериалдар үшін де ие болды. Трансляцияланған көркем картиналардың орташа рейтингі арнаға алғашқы он жолды аяқтауға мүмкіндік берді. Көшбасшылардың ең жоғары рейтингі бойынша «Один дома 2. Потерявшийся в Нью-Йорке»  тұр. Кішкентай Кевиннің шытырман оқиғалары туралы киноны Жаңа жыл түні тамашалауды дәстірүрге айналдырған көптеген көрермен бар. Сондықтан болса керек 31 арнада көрсетілген осы картина жақсы рейтинг жинады. Қалған уақыттарда көрермендер Ресей мен Түркияда түсірілген сериалдар мен фильмдерді көбірек көрген.

Перевод
Facebook
Instagram