Үздік 10 арна

Бұл аптада да үздік он арна өз орындарын сақтап қалды. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сонымен қатар, егер алғашқы бес арнаның рейтингі цифрлық тұрғыдан сәл төмендесе, онда олардың эфир уақытының үлесі тіпті артты деуге негіз барі. Еуразия бірінші арнасы бірінші орында, КТК екінші орында, ал AstanaTV үшінші орынға тұрақтады.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» кезекті апталық рейтингте көшбасы болып қала береді. Жаңалықтарға деген сұраныстың дүйсенбіде артқанын аңғарамыз. Шамасы, демалыс күндерінен кейін қазақстандықтар ақпарат ағынын қуып жетуге тырысады. Осылайша шынайы ақпарат алу үшін телеарналардыерекше ынтамен тамашалайтын сияқты.Талғамы биік көрермен көп назар аударған арналар мыналар: Еуразия бірінші арнасы, КТК, Qazaqstan, Astana TV, 31 арна және МИР.

Сараптамалық шолу бағдарламаларының арасында тенденция керісінше – олардың көрермендері аптаның соңында белсенді түрде өседі. Үздік үштікте «Аналитика», сурдоаудармасын қатар алғанда «Апта» және «Парламент Онлайн» жобалары бар. Хабар агенттігінің және 24 KZ арнайы ақпараттық шығарылымдары да ондыққа енді.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

«Егіз лебіз» ойын-сауық шоуының тағы бір маусымы аяқталды. Бұл осы жанрдың басқа бағдарламаларына өз жанкүйерлерінің назарын аударуға мүмкіндік беріп отыр. Сәуірдің бірінші аптасы «Шымкент Шоу», «Y-night show» және «Шаншар» әзіл-сықақ бағдарламалары үшін сәтті өтті. Олардың танымалдылықтың осы рекордын ұстап тұра алатынын немесе тұра алмайтынын уақыттың еншісіне қалдырайық.

Ток-шоулар қатарында КТК-дағы«Астарлы ақиқат», Еуразия бірінші арнасындағы«QosLike» және үшінші орынға көтерілген балаларға арналған«Тай-тай шоу» фавориттер болып қала береді. Astana TV өзінің хабар тарату желісіне «Jaidarman»-ды енгізіп, бірден 4-орынға ие болып, «Кел, шырқайық» танымал шоуын басып озды.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

Осы санаттардағы бағдарламалардың рейтингі басқа жобалар сияқты жоғары деуге келе қоймайды. Әдетте пайдаланушылар әуенді смартфондары арқылы тыңдауға әдеттенген. Ал танымдық контентті де арнайы платформаларда немесе YouTube арналары арқылы тамашалайды. Бірақ музыкалық және танымдық хабарларды дәстүрлі түрдетеледидардан көргенді ұнататын  көрермендер де көп. Егер концерттік бағдарламалар мен шоулар түрлі арналарда жиі берілсе, онда сапалы білім беру контентін Qazaqstan, Еуразия бірінші арнасы, Jibek Joly, El Arna және Хабардан табуға болады.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Өткір әлеуметтік проблемаларды объективті түрде ұсыну, бағдарламалардың кейіпкерлеріне, білікті сарапшылар мен журналистерге деген ашық көзқарас – Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» және «Айна» бағдарламаларының табысқа жетуінің құпиясы деуге болады. Сондай-ақ, көрермендердің назары Qazaqstan-дағы «Республикалық ақпарат штабы» және «Ашық алаң»жобаларына көбірек ауатыны шындық. Негізгі санаттардан тыс 5 сәуір күні Рамазан айының аяқталуына жақындаған сәтте эфирден берілген «Қадыр түні» бағдарламасымен Qazaqstan бірінші орында тұр. Алғашқы ондықтың басқа хабарлары негізінен Balapan телеарнасының сенбідегі контенті болып табылады.

Қазақстандық телехикаялар мен фильмдердің топ-ондығы

2 сәуірде Qazaqstan-да шыққан «Жат бауыр-2» сериалының эпизоды көрермендердің қалауы бойынша үлкен айырмашылықпен бірінші орынға шықты. Бұл ретте екінші және үшінші орында тұрған «Құдаша қыз» және «Әпке» (0,87%) сериалдарының рейтингінің екі есеге төмендегенін байқаймыз. Фильмдер санатында көрермендер сұранысының білгірлері Astana TV, 31 арна және El Arna болып табылады. Олардың «Казахи против пришелцев», «Реально нереальная история», және «Гудбай, мой бай!» аптаның үздіктері атанды. Сондай-ақ, ондықта «Құнанбай» және «Томирис» тарихи фильмдері бар.

Үздік деректі фильм Astana TV телеарнасында «Елмен бірге» сериясының қысқаметражды шығарылымы болды. Жоба Отанымыздың әр түкпіріндегі қазақстандықтардың шынайы өмірі туралы баяндайды.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар мен фильмдер

«Поле чудеске» бәсекелесіс шақ келмейтін болды. Еуразия бірінші арнасы бір кездері осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпайтын таңғажайып шоудың өндірісін құрды және көптеген жылдар бойы бұл өзінің жоғары нәтижесін беріп келеді. Қазақстандық телекөрермендер үшін шетелдік бағдарламаларды трансляциялау құқығы отандық телеарналарға олардың назарын аударуға және рейтингтерін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте рейтингтің ондығында бағдарламалардың тек 40% — ы қазақ тіліне дубляждалған.

Елордалық арнадағы «Осман-4»  түрік телехикаясы ең танымал болып қала береді. Түркия, Ресей және Украина-қазақстандық нарыққа үздік телехикаяларды жеткізушілер болып отыр. Айта кетейік, он жолдың төртеуін Еуразия бірінші арнасы ешкімге бермей тұр.

Перевод
Facebook
Instagram