Үздік 10 арна

Qazaqstan бір апта ішінде көшбасшылар үштігіне қайта оралды, дегенмен, оның рейтингі, сондай-ақ қамту үлесі төмендеді. Сондай-ақ, елордалық арна осы мүмкіндікті қалт жібермеді. Рейтинг төмендеген кезде ол екі жолға көтерілді. Бұл бәсекелестердің көрсеткіштерін төменгі позициялардан арттыру арқылы ғана болды. Өткен аптадағы кездейсоқ үшінші орыннан кейін МИР телеарнасы тағы да алтыншы орынға ие болды, ал Qazsport рейтингте және көрермендердің үлесінде өз позициясын жоғалтқанымен, ондықтан ойып тұрып орын алды.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

КТК мен Еуразия бірінші арнасы арасында көшбасшылық үшін күрес жалғасуда. Өткен аптада КТК жаңалықтары Еуразияның жаңалықтарын басып озып, рейтингті басқарды! Еуразия Басты жаңалықтар мен Главные новости ақпараттық шығарылымымен екінші және үшінші орынға ие болды. Бірақ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында өзгеріссіз – «Парламент онлайн» мен «Аналитика» Еуразия бірінші арнасыалдыңғы қатардан түскен жоқ. Сараптама бойынша КТК үштікті жабады.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

Ойын – сауық санаты екі топтан тұрады. Ол әрине әзіл-оспақ театрларының қойылымдары және басқа да ойын-сауық жобалар. Әзілді қалт жібермей тамашалайытын да көрермен көп. Сонымен қатар әртүрлі аспаздық, реалити және ток-шоуларды, сұхбаттар, викториналар, ойын бағдарламаларын, сән, үй жөндеу, цирк және басқа бағытты да күтіп отырып көретін кісілер жеткілікті. Осы санаттардағы алғашқы екі орынға екі арнаның керемет жобалары ие болды.Олар: «Егіз лебіз» шоуымен Qazaqstan және «Астарлы ақиқат» ток-шоуымен КТК арналасы. Ал көшбасышылықты көп уақыт уысынан шығармаған «QosLike» романтикалық шоуы үшінші орында.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

Бізде бірнеше таза әуен беретін арналар жұмыс істегенімен, алғашқы ондықта әрдайым – Той думан арнасы тұратынын ескеру керек. (7 және 8 орын). Үздік концерттік бағдарламаларды көрермен КТК мен Qazaqstan арнасы арқылы жиі тамашалайды. Өткен аптада «Nur Bullin», «Көңіл толқыны», «Жарқын жүздесу» концерттері болды. Білім беру бағдарламалары бөлігінде Еуразия бірінші арнасының «Қайырлы таң, Қазақстан!» және «Доброе утро, Казахстан!» жобалары алдыда тұр. Медицина, балық аулау және туризм туралы хабарлардан басқа, қоғамды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Бишімбаевтың сот процесінің барысы туралы бағдарлама ондыққа енді.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Қоғамды толғандыратын өткір тақырыптарды көрермен Еуразия бірінші арнасы мен КТК  арнасының эфирінен іздейді. «Koremiz» және «Дау-дамайсыз» ток-шоулары өзекті мәселелерді объективті талқылау үшін өздерін сұранысқа ие ашық алаңдар ретінде көрсете білді. Басқа отандық бағдарламалар дәрежесінде осы бағыттағы, санаттағы үлесін Balapan балалар телеарнасының өнімдері алады. Жексенбіде шыққан «Аспазия» және «Шахмат патшалығы» анимациялық сериялдары кестенің басында тұр.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

Qazaqstan «Әскери ант» сериалымен көшбасшылықты сақтап қалды. Astana TV «Ангел-хранитель» телехикаясының жексенбілік шығарылымымен екінші орынға тұрақтады. Олардан үлкен алшақтықпен үшінші орында «Мұқағали. Бұл ғасырлардан еспін» картинасы. Фильмдер санатында көшбасшылардың үштігі келесідей: 31 арна, Qazaqstan, Хабар. Сондай-ақ, ондықтағы бес бірдей орында отандық киноларды көрермен назарына ұсынатын El Arna арнасының кинокартиналары орналасқан.

Үздік деректі фильм Қазақ археология мектебінің негізін қалаушының өмір тарихы мен еңбектері туралы «Әлкей Марғұлан. Бабалар ізімен» МИР телеарнасы.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, телехикаялар мен фильмдер

Бірден төрт әзіл-оспақ бағдарламасы өткен аптада ең жақсы шетелдік бағдарламалардың ондығына кірді (НТК және КТК). Әдеттегідей «Поле чудес» тұрақты шоуы бар Еуразия бірінші арнасынан басқа, жеңімпаздар қатарында«Fight Nights Naiza» ережесіз жекпе-жек турнирінің Astana TV-да көрсетілген шығаралымы да бар.

8/2-бұл пропорцияда соңғы санаттағы шетелдік сериалдар мен көркем фильмдер бар. «Осман-5» Еуразияның бірінші арнасындағы ресейлік «Крепкие орешки» сериалына өзінің көшбасшылық жолын беруге мәжбүр болды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені үшінші орындағы («Құрсаудағы қыз» деп аталатын түрік телехикасымен салыстырғанда) рейтингтің 0,50%-ы бөліп тұрғанын ескеру керек. Бұл аз көрсеткіш емес.

Перевод
Facebook
Instagram