14 маусымда Алматыда «Телевизия және жарнама нарығының өзекті мәселелері мен даму жолдары» деген атаумен Ұлттық Медиа қауымдастықтың конференциясы өтеді.

Телевизия болашағы бар ма? Қазақстандық телеарналар көрерменді экран алдында ұстай ала ма, әлде интернеттен ұтыла ма? «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасы еліміздің медиа индустриясына қалай әсер етеді? Теледидар арқылы берілетін жарнама нарығы қалай өрбиді? Болашақта телеарналардың рейтингі қалай есептеледі? Әлемдегі медиа өлшегіштер нарықтың сенімін қалай сақтауды жоспарлап отыр?

Осы мәселелердің барлығы ҰМҚ конференциясында талқыланады.

Барлық республикалық телеарналардың, жарнама агенттіктерінің және сейлс-хаустардың бірінші басшыларының қатысуы жоспарлануда. Конференцияға сондай – ақ Британдық «Kantar» өлшеу компаниясының өкілі, өзге де өкілдіктер мен ірі әлемдік бренд-жарнама берушілердің медиа менеджерлері шақырылды.

Конференцияға қатысуға ниетті жеке және заңды тұлғалар электронды мекен-жайға хабарлама жазса болады. Электронды пошта: d.panova@nma.kz

Перевод
Facebook
Instagram