ҮЗДІК 10 АРНА
Өткен аптада НТК телеарнасының жұмысы қарқынды болғанын аңғару қиын емес. Өйткені, бірден екі жолға көтеріліп, Qazaqstan және Astana TV-ді 4-ші және 5-ші орындарға ығыстырып жіберді. Арна көрермендерінің үлесін 8,5-тен 10,2-ге дейін арттырып, рейтингін 0,37% — ден 0,49% — ға дейін өзгертті. Егер бұл жоспарланған стратегия болса, онда көшбасшыларға нақты қауіп төнді! Ал Еуразия бірінші арнасы мен КТК өз тұғырынан түспей, бірінші және екінші орында нық тұрақтады.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Еуразия бірінші арнасының «Басты жаңалықтары» осы санатта алтынды еркін еншіледі. Ондаған арнаның ақпараттық бөлімін шаң қаптырып, алға озған Еуразия өз телеарнасынан шығатын («Жаңалықтар» мен «Новости») жобаларды да көш соңында қалдырды. Айта кетерлігі, «Новости КТК» мен «Басты жаңалықтар» рейтингі бірдей – 2,48%. Сонымен, сандарға сүйенер болсақ, Qazaqstan «Ақпарат» бағдарламасымен үшінші орынға тұрақтағанын байқауға болады.
Ал ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың атаулары да қысқа, хабарлары да болған оқиға жайлы да қысқаша мазмұнын түсінікті бағытта көрсете біледі. Негізгі тақырыптар Үкімет жұмысының нәтижелері және әлемдік аренадағы елеулі оқиғаларға шағын шолу жасалды. Бұл санатта Еуразия бірінші арнасы тағы да бірінші және екінші орындарды ешкімге бермеді. Олар: «Парламент онлайн» және «Аналитика» бағдарламалары. Одан кейін Qazaqstan, 24KZ, AstanaTV және НТК тұрақтайды.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ойын-сауық контенті бойынша Еуразия, Qazaqstan, КТК, НТК және Astana TV дұрыс бағытты таңдай біледі. Біз атаған арналарда көрермендер көбінесе «Егіз лебіз», «Алдараспан», «ӘЗІЛ ӘЛЕМІ», «QosLike», «Астарлы ақиқат» және «Бір болайық» ток-шоуларын тамашалағанды ұнатады. Дәстүр бойынша, танымал жобалардың дені эфиргедемалыс күндері беріледі.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Qazaqstan осы аптада өз эфирі арқылы қос бірдей «хит» жасады. 26 мамыр күні Шәмші Қалдаяқовтың ән кеші және 24 мамыр яғни жұма күні «Таңшолпан» таңғы шоуы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Екі бағдарлама да өз топтарында бірінші орында тұр. Айта кету керек, арна музыкалық санатта үш орынды, ал танымдық бағдарламалар арасында алты орынды бірден иеленді. Сонымен қатар, ондыққа Димаш Құдайбергеннің екі концертіде кірді. Концерт «Жетінші арна» мен Qazaqstan арнасына арқылы көрсетілді.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ОТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Отандық телеарналар арасында алып кемеге баланатын үштік бар. Олар: Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan және КТК. Бұл ұжымдар әрдайым халық назарын өздеріне аудару үшін тынбай еңбектенеді. «Koremiz», «Было дело» және «Ақорда» жобалары осы санаттағы көшбасшылардың үштігін құрап тұр. Сондай-ақ, біз Qazaqstan арнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасының рейтингі төмендегенін байқаймыз.
Ал өзге де жобалар арасында балалар контенті жанданды. Осы жолы екінші орынды Jibek Joly арнасының «Мың бір түн. Айтылмаған оқиға» мультсериалы алды.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Сериалды үзбей көретін, ұнататын көрермендердің басымдығы ересектерден балаларға ауысқанын байқадық. Бұл жазғы каникулдың басталғанынан болса керек. Әлбетте рейтингке де әсер етті. Демсалыс басталған уақытта кішкентай көрермендерді экран алдына «байлап қоятын» телехикаялардың да саны артты (Balapan). Алғы үштікте: Qazaqstan көрсететін «Сұңқар» мен «Әскери ант» және Balapan эфирінен берілген «Вундеркин дбала» бар.
«Бизнес по-казахски» франшизасы авторларға прокат бағытындағы жоғары кассалық табысты ғана емес, өз эфирінен киноны көрсеткен арналарға да жоғары рейтингтер әкелеті сөзсіз. Өткен аптада «Бизнес по-казахски» циклының төрт фильмі де ең көп қаралған ондыққа кірді (31 арна, Almaty TV). Сондай-ақ, бұл санатта Ел арнаның бес отандық фильмі бар.
Аптаның үздік деректі фильмі Qazaqstan телеарнасында берілген Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы туралы «Сағадат салған жол» картинасы болды. Фильм 25 мамырда көрсетілді, сонымен қатар арна мен Youtube платформаларында орналастырылды.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР,ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Үздік ондықтағы шетелдік бағдарламалардың 70%-ы орыс тілінде шығады. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлардан орын алады. Мәселен Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Поле чудес» және «Давай поженимся» (1 және 4 орын), НТК-дағы «Однажды в Росии» жобасы мен «Уральские пельмени» шоуы (2 және 3 орын), МИР телеарнасындағы «Игра в кино» және «Вместе» қорытынды бағдарламасы (5 және 6 орын), және КТК-дағы «Парад юмора» (9 орын).
AstanaTV «Осман-5» сериалымен алдыңғы позицияны ешкімге бергісі жоқ. Әлбетте әрдайым бірінші орыннан түспейді. Екінші орында Qazaqstan арнасындағы «Құрсаудағы қыз» телехикасы тұр. Ал үшінші орынға Еуразия бірінші арнасынан берілген «Крепкие орешки-2» фильмі тұрақтады. Сондай-ақ, үздік ондықта НТК-дан көрсетілген «Казино Рояль» фильмі және КТК-дағы «Маруся» сериалының екі түрлі сериясы бар.