Үздік 10 арна
Осы аптада Astana TV жоғалған позицияларын қайтарып қана қоймай, бірден үшінші орынға көтерілді. Аздаған уақыт алдыңғы қатарға жайғасқан НТК сәл төмендеп, тағы да 0,41% рейтингімен бесінші орынға ие болды. Ал Qazsport бұл жолы Хабардың арқасында ондыққа енді. Телевизия алаңындағы негізгі ойыншылар өз орындарын және көрермендердің назарын сақтап қалды.
Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар
30мамыр, бейсенбі, елімізде әр түрлі оқиғаларға толы болды. Бұл жаңалықтардың алғашқы ондығындағы көрсеткіштерге оң әсер етті. Өйткені негізгі елең еткізер оқиғалардың жартысы дәл осы күні эфирге шықты. Еуразия бірінші арнасы және оның төрт бірдей жаңалықтар бағдарламасы рейтингтің 6,56% құрайтын алғашқы тақ қатарлардан орын алды. Дәл осы арнадағы «Парламент онлайн» және «Аналитика» жобалары алдына бәсекелесетін ешкімді жіберген жоқ. Сондай-ақ, осы санаттың ондығында 24 kz, Qazaqstan, Astana TV, НТК, Хабар және Turkistan каналдары бар.
Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы
Qazaqstan-дағы «Егіз лебіз» көшбасшылықты сақтап қалды. Онымен бірге «Әзіл Time» және «Шаншар 25 жыл» бағдарламаларын эфирге берген Жетінші арна құрмет тұғырына көтерілді. КТК-дағы «Астарлы ақиқат» жобасы болса ойын-сауық ток-шоуларының арасында көрсеткіштер бойынша Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» романтикалық бағдарламасына бір табан жақындап, екінші орынды иеленді. Үшінші орында «Кел, шырқайық!» жобасы көрермен ықыласына бөленді.
Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламалар
1 маусым яғни балаларды қорғау күні «Балапан» арнасында «Балдәурен» деп аталатын мерекелік концерт беріліп, бірінші орынды иеленді. Келесі күні Qazaqstan-дағы «Жырлайды жүрек» және «Көңіл толқыны» атты екі музыкалық шоу да көптеген көрермендерді экран алдына жинай алды. Танымдық бағдарламалардың алғашқы бестігінеді жоғары рейтингдер Qazaqstan Ұлттық арнасының «Ақорда», «1001 түн» мен «Tansholpan» жобаларына және Еуразия бірінші арнасының таңғы шоуларына тиесілі.
ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар
Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар санатында Еуразия бірінші арнасының «Koremiz» танымал ток-шоуы, КТК-дағы «Было дело» және «Дау-дамайсыз» бағдарламаларынан басқа, өзекті қоғамдық мәселелер туралы жеке хабарлар да өзге арналарға көптеген көрермен тарта білді. Мәселен 24kz-тен берілген «Дороги KZ и «Stop жемқорлық», AstanaTV-дағы «Прямая связь» және «Эксперимент» жобалары да өзекті мәселелерді көтерді.
Жазғы демалыстың басталуымен жас көрермендердің де саны артқанын айта кету керек. Balapan арнасындағы балалар тележобалары басқа бағдарламалардың 90%-н иеленді. «Ақжелен» және «Желаяқ» анимациялық сериалдары, сондай – ақ Balapan LIVE тікелей эфирі де осы санаттағы көшбасшылардың үштігін бастап тұр.
Қазақстандық телехикаялар мен фильмдердің ТОП ондығы
27 мамырдағы «Сұңқар» сериалының эпизодын ең көп көрермен тамашалады– оның рейтингі 1,27%, бұл екінші орында тұрған «Келінжан-2» телехикаясының үштен бірінен артық көрсеткіш. Сондай-ақ, ондықтың қатарынан «Балапан» арнасын да көрдік. Бұл оқу жылының аяқталуымен де байланысты болуы мүмкін. Өйткені балалар арнасының үш бірдей сериалы үздік ондық қатарында.
31 арна Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахски» отандық франшизасы жеңімпаздың орнын ешкімге ұсынар емес. Осы аптада кинокомедия кейіпкерлері Кореяға жол тартты. Яғни 1 маусым, сенбі күні көрермен де олармен бірге эфир арқылы сапарлады деуге болады. El Arna өз көрермендерін тарту жолында тамаша көрсеткішке ие болды. Мәселен бірден бес картина алтыншы орыннан оныншы орынға дейінгі тұғырды иеленді.
Үздік деректі фильм санатында Президент бастаған Қазақстан делегациясының Сингапурға мемлекеттік сапары туралы телеочерк болды. «Астана-Сингапур» жарты сағаттық фильмі Еуразия Бірінші арнасында 29 мамырда эфирге шықты.
Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, телехикаялар мен фильмдер
Қазақстандық футбол жанкүйерлері сенбіден жексенбіге қараған түнді теледидар алдында өткізді. Өйткені QAZSPORT арнасында УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарын көрсеткен еді (2-шіорын). Ал бірінші орында әдеттегідей Еуразия бірінші арнасы. «Поле чудес» қанша уақыттан бері көштің басын ешкімге бермей тұр. Үшінші орын МИР телеарнасынан берілген «Игра в кино» жобасында.
«Осман-5» тарихи сериалы да көрермендердің сүйікті телехикаяларының біріне айналды. Осылайша Astana TV осы аптада осы санаттағы бірінші орынды сақтап тұр. Келесі екі орын Qazaqstan-дағы «Бауырлар» және «Құрсаудағы қыз» түрік телехикаяларында. Сондай-ақ, Еуразия арнасы ондықтағы төрт орынға ие болды.