2024 жылғы 14 маусым Алматы қ.
Ұлттық медиа ассоцияциясының конференциясы жыл сайын телевизия саласының барлық қатысушыларын және еліміздегі медиа индустриясы бағытындағы негізгі спикерлерді бір алаңға жинайды. Нарықты дамытудың негізгі мәселелері, өзекті түйткілдер және оларды шешу жолдары, заңнаманың әсері – осы және басқа да тармақтар күн тәртібіндегі басты мәселелерге айналды.
Бірінші сессия аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Масс-медиа туралы» заңға енгізілген негізгі өзгерістер туралы баяндады. Атап айтқанда, олар ақпараттық мемлекеттік тапсырыстан гранттық қаржыландыруға көшуге, телерадио хабарларын тарату операторларын ішін ара субсидиялауға, мемлекеттік тілдегі теле- және радио контенттің үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ ойын бизнесінің жаппай жарнамасын шектеуге қатысты болды.
ҰМА басшысы Кемелбек Ойшыбаев шараның сәтті өтуін тілеп, конференцияның негізгі блогын сала мәселелерін талқылау және оларды тиімді шешу бойынша бір қатар шараларды ұсыну қажеттілігін айтты. Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында телевизиялық жарнамаға салынған инвестиция көлемі 25%-ға өсті, сондықтан алдағы жылдардағы нарық перспективаларына күмән жоқ. Қазақстандықтардың шетелдік өндіріс контентіне деген қызығушылығының төмендеуі аясында отандық телеарналардың бағдарламаларына сұраныстың тұрақты өсуі байқалады.
«Qazaqstan» арнасын «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды. Басқарма төрайымы өз сөзінде телекөрсетілім рейтингісінің жалпы төмендеуі аясында «Qazaqstan» телеарнасының көрсеткіштері күн санап артып келе жатқанын атап өтті. Аудиторияның артуына тағы бір себеп — мемлекеттік тілдегі қазақстандық контенттің көптеп қаралуы болып отыр.
– «Қазақстан» Корпорациясы көрермен назарына жылына 160 бөлім телехикая ұсынады. Алайда бұған кететін шығын Қазақстанда сұранысқа ие Түркия мен Ресей сериалдарына қарағанда бірнеше есе төмен. Біздің сериалдар телеэфир арқылы да, интернет желісінде де көп қаралады. Бір жыл ішінде өндірісімізді дистрибуциялау бізге 104 миллион теңге табыс әкелді, — деп атап өтті Ләззат Танысбай.
«ATAMEKEN BUSINESS» Медиа холдингінің бас директоры Қанат Сахарианов жасанды интеллекттің телевизиялық және цифрлық контентті қалыптастыруға әсері тақырыбына тоқталды. Ол отандық телевизиялық құрылымдар жасанды интеллектті белсенді игеріп жатқанын, бірақ журналист мамандығына қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Екінші сессияда Қазақстанның жарнама нарығының дамуымен телевизиялық жарнама саласындағы үрдістер жарнама агенттіктерінің, сейлс-хаустардың және ірі әлемдік бренд – жарнама берушілердің қатысуымен талқыланды.
Мысалы, Samsung Electronics ірі жарнама берушілерінің бірі жарнаманы теледидарға бұрынғы көлемде орналастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Берік Омаров (Samsung Electronics Central Eurasia): «Біз жарнама нарығының ірі ойыншысы ретінде инвестициялаудың оң динамикасы бар теледидарды қолдаймыз».
Олег Бородулин (TV Media Advertising Agency) жалпы және теледидарда жарнама нарығының өсу сандарын келтірді (2023 жылы, 33%/-14%), сондай-ақ республикалық теледидарда ірі және орта жарнама берушілердің басым екенін атап өтті.
Наталья Смелова (DASM Group) өз баяндамасында ағындық платформалар мен интеграцияны, кез-келген құрылғылардан теледидарға қолжеткізуді және интерактивті технологиялар мен OTT платформаларын қолдануды ескере отырып, теледидарлық жарнаманы дамытудың негізгі векторларын белгіледі. Қазақстан мен Орталық Азия жарнама берушілері компанияларының сауалнамасының қорытындысы бойынша медиа нарықтың өсу әлеуеті х2 ретінде бағаланды. DASM Group атқарушы директоры Наталья Смелова: «теледидар кез – келген медиадан сенім деңгейіне недәуір озып кетті», — деді.
Роберт Мурадян (ҚР Президентінің ТРК) өз сөзінде теледидар нарығына әсерететін факторлар мен заңнама, Бәсекелестік және өлшеу жүйесі бөлігіндегі проблемалар арасындағы тығыз байланысты атап өтті. Спикер кешенді тәсілді қалыптастыру және қажетті нәтижеге жету үшін стратегияны әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Конференция соңында қатысушылар әлемдегі медиа өлшеу жүйелерін дамытудың соңғы үрдістерімен және олардың Қазақстандағы қазіргі жағдайымен танысты.
Үшінші сессияның спикері Евгения Молчина (Kantar- әлемдегі жетекші теле өлшеу компаниясы) теледидар елдің барлық халқын қамтуға қабілетті жалғыз бұқаралық ақпарат құралы болып қалаберетінін атап өтті. Қазақстан үшін бұл көрсеткіш 94% құрайды.
«Kresearch Central Asia» бас директоры Татьяна Старцева Қазақстандағы өлшеу жүйелерінің даму бағыттары туралы баяндады. Спикердің айтуынша, дәлірек өлшеу үшін желілік теледидарды ғана емес, қазақстандық теледидармен стримингтік платформалардың веб-аудиториясын да қамту жоспарлануда. 2026 жылға қарай деректердің дәлдігін арттыру және халықты қамтуды арттыру үшін қосымша панельдерді енгізу аяқталады.
Конференция спикерлерінің материалдарымен Конференция материалдары парақшасында толығырақ танысуға болады. Барлық сұрақтар бойынша эл.пошта: d.panova@nma.kz