Мамыр айында ондықтан түспей келген арналардың арасында аздаған өзгерістер болды. Мәселен «Жетінші арна» балалардың сүйікті арнасы «Балапан» каналын тоғызыншы орынға ығыстырып, бір сатыға жоғары көтерілді. Ал негізінен көшбасшылар үштігі өз орындарын сақтап қалды. Олар: Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan. 24KZ өз позициясын жоғалтып, 15-ші орынға төмендеді (-3), AlmatyTV (+3), AlatauTV (+2), Turkistan (+3).
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Еуразия бірінші арнасының «Главные новости» жобасы мамыр айындағы 23 шығарылым үшін орташа 2,97 % рейтингімен алға озды. Ал 20 мамырда кешкі жаңалықтар бағдарламасы 4,14% яғни ең жоғары рейтингке ие болды. Екінші орында эфирге 66 шығарылым әзірлеген «Новости КТК» (1,52% және максималды рейтинг 3,63%) қол жеткізді. Екі көрсеткіш бойынша да үшінші орынға «Басты жаңалықтар» табан тіреді. МИР телеарнасы ең көп хабар таратты – мамыр айында 121 рет олардың «Новости» жобасы эфирге берілді.
Еуразия бірінші арнасы «Парламент онлайн» және «Аналитика» бағдарламаларымен ең жоғары және орташа рейтинг бойынша,тіпті аптасына эфирге сирек шыққанына қарамастан бірінші орынды сақтап қалды. Таңғы бағдарламаларды беруде алдына жан салмаған 24kz арнасы. Олар осы айда 41 рет эфирге шыққан.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Qazaqstan-да аптасына екі ретшығатын «Егіз лебіз» ойын-сауық шоуы жалпы есептеде, жеке шығарылым үшін де (04.05) ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Екінші орында «Әзіл әлемі» бағдарламасы тұр. Осылайша бұл жоба жақсы рейтинг жинап «Жетінші арнаны» екінші орынға шығарды. Ал орташа рейтинг бойынша Qazaqstan арнасын атауға болады. Қазақстандықтардың сүйікті әзіл-сықақ бағдарламалары – «Шаншар», «Алдараспан» және өзге де әзіл ұсынатын театрлар.
Көрермендер Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» шоуына қатысушылар арасындағы романтикалық қарым-қатынастардың дамуын қызығушылықпен бақылауды жалғастырып келеді. Бағдарлама мамыр айында 22 рет эфирге шықты. Ал 1 мамырдағы шығарылымы ең көпқаралды. КТК-дағы «Астарлы ақиқат» орташа рейтинг бойынша 30 шығарылым жасаған. Бұл еңбектері еш кетпей, үшінші орынға тұрақтады. Осы жобаның 6 мамырдағы шығарылымы 1,63% рейтинг жинап, екінші орынға ие болды. «Кел, шырқайық!» өткен айда не бәрі төрт-ақ ретшықты, десе де бұл жоба 0,96 % екінші кезектегі рейтингті жинады, ал оның 19 мамырдағы эпизоды 1,38% ең жоғары рейтингімен үшінші орынға қол жеткізген.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Барлық ең танымал концерттік бағдарламаларды Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Осылай ауыз толтырып айтуға толық негіз бар. Өйткені арнаның тоғыз музыкалық бағдарламасының орташа рейтингі теле ұжымға өз санатының ондығынан ойып тұрып орын алуға мүмкіндік берді. Ең жоғары рейтинг бойынша «Сағындыған әндер-ай», «Жігіттер квартеті 20жыл» және «Жан анам» концерттері үздік атанды.
Еуразия бірінші арнасымен Qazaqstan ұлттық арнасы танымдық бағдарламалар тобында ондықта өзге әріптестеріне орынды мүлдем берген жоқ. Бұл «Қайырлы таң, Қазақстан!» және «Таңшолпан», сондай-ақ «1001 түн» авторлық хабарлары. Айта кетейік, Balapan балалар арнасы «Майталман» (9 шығарылым) және «Жануарлар әлемі» (27 шығарылым) бағдарламаларымен орта рейтинг бойынша ТОП ондыққа жетті.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Әлеуметтік маңызды оқиғалар мен мерекелік даталар осы айдың теледидарлық мазмұнына да әсер етпей қоймады. Алғашқы ондықтағы орташа рейтинг бойынша Еуразия бірінші арнасынын көрсетілген «Вечная память» пен «Батырларға мәңгілік тағзым!», Qazaqstan эфирінен берілген «Алапат тасқын», пасха мерекесіне құттықтаулар мен өзге де жобалар бар. Ал барлық көрсеткіштер бойынша Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуы бірінші тұр.
Басқа бағдарламалардың ішінде алғашқы ондықта ұсынылған бағдарламалардың 90% — ы — Balapan балалар арнасының контентіне тиесілі. Ал МИР телеарнасында Жеңіс күніне арналған отшашуды көптеген көрермен зор қызығушылықпен тамашалаған.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ТОП ОНДЫҒЫ
Qazaqstan телеарнасының телехикаялар фабрикасы ұжым үшін де қолайлы контент береді және көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алады. Ең жоғары рейтинг бойынша көшбасшылар үштігі – «Екі жүз», «Әскери ант», «Сұңқар» телехикаяларының жекелеген эпизодтары.
Көркем фильмдерді сүйетіндердің басымдығы — комедия, тарихи картиналар және мелодрамалар көреді. Мамыр айында осындай тақырыптағы картиналарды 31арна, Qazaqstan, Жетінші арна мен Хабар эфирге берді.
Президентіміз Қ. Тоқаев бастаған еліміздің ресми делегациясының Сингапурға сапары туралы деректі фильм айдың соңында Еуразия бірінші арнасында жарық көрді. Осылайша осы санатта көш бастады.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Спорттық хабарлар, «Поле чудес», Жеңіс күніне арналған бағдарламалар және әзіл-оспақ шоулары мамыр айындағы рейтингтің ондығына кірді. Көрермен өз уақыты мен назарын Astana TV, Kazsport, НТК, МИР және Еуразия бірінші арнасына аударды.
«Осман-5» сериалының 30 мамырдағы эпизоды ең жоғары рейтингтің 3,94%-н құрады, алайда бұл көрсеткіш елордалық арнаның орташа рейтинг бойынша жанрдың үздік ондығында орнығуына ықпал ете алған жоқ. Бұл санатта «Любимая учительница» сериалымен бірінші орында Еуразия бірінші арнасы тұр. 10 сериалдың 7-і Еуразия бірінші арнасында орташа рейтинг бойынша ондыққа іліккенін айта кету керек.