Үздік 10 арна

Көпшілік көреремен сүйіп көретін телеарналардың алғашқы ондығында аздаған өзгерістер бар. Алайда үздік үштік ауысқан жоқ. Олар: Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan ұлттық арнасы. UEFA Euro-2024 Кубогының матчтарын эфирге ұсыну арқылы Qazsport рейтингін айтарлықтай көтеріп алды. Осы аптада спорттық арна бесінші орында тұр.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

КТК жаңалықтары маусым айдың соңғы аптасында сытылып алға озды. Осылайша жеңіс тұғырының бірінші орынына ие болды. Рейтингтің 2,41% жинаған шығарылым 25 маусым күні яғни сейсенбі күннің кешінде эфирге берілген жаңалықтар топтамасы болатын. Ал алдыңғы орында ешкімге бермей келген Еуразия бірінші арнасы бұл аптада сәл төмен рейтинг жинады. Еуразияның жаңалықтары 2, 3, 5 және 7 орындарды алады.

Сараптамалық бағдарламалар санаты бойынша Еуразия бірінші арнасының «Парламент онлайн» жобасы бірінші орында тұр. Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы сурдоаудармасы бар «Апта» бағдарламасы екінші орынға шықты. Еуразия бірінші арнасындағы «Аналитика» үшінші орынға ие болды.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

Біз ойын-сауық бағытындағы жобаларды әзіл-оспақ және ойын-сауық санаттары деп екіге бөлеміз. Біріншісіне сатиралық шоулар, тосын әзілдер, езуге еріксіз күлкі үйірер видеолар мен әзіл-оспақ бағдарламалары кіреді. Өткен аптаның жеңімпаздары- Astana TV («Үздік әзілдер»), Almaty TV («Алдараспан») және НТК арнасы ұсынған «Y night show».

Ал ойын-сауық бағдарламаларының ішінде Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» романтикалық шоуы көрермендердің назарын тағыда өзіне аударды. Сондай-ақ БАҚ қызметкерлерінің мерекелік «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының (Qazaqstan) көрсетілімі көрерменнің қызығушылық тудырды. КТК-дағы «Астарлы ақиқат» ток-шоуы көшбасшыларының үштігін түйіндеп тұр.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Айдың аяғын қортындылайтын аптаның демалыс күндерін де көрермен музыкалық бағдарламаларды тамашалауды жөн санайтынын аңғарамыз. Бұл санаттағы бірінші орын Qazaqstan арнасының еншісінде. Ұлттық арнадан көрсетілген «Жарқын жүздесу» концерті көш бастады. AstanaTV  ұсынған Заттыбек Көпбосыновтың шығармашылық кешінің көрсетілімі екінші тұғырда. Ал үшінші орын «Ән мен жылдар» концертін эфирге берген КТК арнасының қанжығасында.

Qazaqstan телеарнасы танымдық бағдарламалар санатында бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Осы арнадағы «Таңшолпан» таңертеңгілік шоуы, «1001 түн» бағдарламасы, сондай-ақ «Дала дәмі» жобалары үздіктер қатарында. Ұлттық арнаның бес бірдей бағдарламасы үздік ондықтан ойып тұрып орын алды.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

28 маусымда журналистер күнін мерекелеуге байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар санатында Qazaqstan телеарнасы екінші орынға ие болды. Ұлттық арна көрсеткен «Медиа мәртебесі» бағдарламасын көптеген көрермен арнайы тамашалағанын байқаймыз. Ал бірінші және үшінші орын Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» және «Айна» ток-шоуларының еншісінде.

Жоғарыда аталған санаттарға енбеген бағдарламалардың ішінде өзге орындарды Balapan балалар телеарнасы иеленді. Көшбастаған «Қаһарман» анимациялық сериалы, оданкейін «Сиқырлы бөлме» және «Тәуекел» спорттық шоуы.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

Отандық сериалдардың ішінде көрермендердің қалауына негізделген жанрлардың алуан түрі бар. Алғашқы үштік  төмендегідей: Qazaqstan (47 баланның анасы), КТК (Дурь), Хабар (Келінжан). Сериалдардың көпшілігі орыс субтирімен қазақтілінде көрсетіледі.

Astana TV, KTK, Qazaqstan телеарнасы, 31 арна және El Arna әр түрлі жанрлық бағыттағы көркем фильмдерді әдемі ұсына біледі. «Ажырасам» комедиясы, «Рысь»  және «Көкжалдар» көркем туындылары аптаның үздік үштігін бастап тұр.

Деректі фильм санатында еліміздің көліксаласында жұмыс істейтін теміржолшылардың әулеті жөніндегі «Трудовые династии» деректі циклы көптеген көрерменнің көңіл төрінен орын алды. Фильм дүйсенбі яғни 24 маусым күні Мир телеарнасында көрсетілген еді.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдермен сериалдар

UEFA Euro-2024 кубогы тек біздің елдің эфирін емес, дүниежүзінің назарын өзіне бұрып тұрғаны жасырын емес. Матчтарды үйінде, спорт кафелерінде, бейне платформаларда және арнайы ұйымдастырылған көшедегі адам көп шоғырланған жерлердегі әлеуметтік кинотеатрларда көруге болады. Футбол жанкүйерлері Qazsport және Qazaqstan телеарналарына осы санаттағы бірінші және екінші орындарды алып берді.  Жеңіс тұғырын ешкімге бермей келе жатқан жобалар еріксіз төмен ысырылды. Мәселен осы аптада «Поле чудес» шоуы үшінші орынды қанағат тұтты.

Бір қызығы, 26 маусым яғни сәрсенбі күні AstanaTV арнасы «Осман-5», Еуразия бірінші арнасы «Условный мент-4» және Qazaqstan арнасы «Құрсаудағы қыз» сериалдарын эфирге берді. Бұл телехикаялар бір күнде көрсетілсе де рейтингтері жоғары, Соған қарағанда әр сериалды көрермен кезек-кезек тамашалаған сыңайлы. 

Перевод
Facebook
Instagram