Үздік арналар

Қазақстанның барлық көрермендер аудиториясын саралап көрдік. Көрсеткіштің 1/5 бөлігі Еуразия бірінші арнасының еншісінде. Демек ел тұрғындарының дені осы арнаны тамашалайтынына көз жеткіземіз. Оның рейтингі 0,88%. КТК мен Qazaqstan маусым айында рейтингтің бірдей көрсеткішіне қол жеткізді. Қос арнада 0,45%, үлес бірдей– 10,30 және 10,10. Бұдан әрі НТК мен AstanaTV бар. Футбол жанкүйерлерінің арқасында Qazsport телеарнасы өзінің көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарты палтыншы орынға көтерілді.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары

Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» рейтингі ең жоғары 5 маусым сәрсенбі күнгі және 20 маусымдағы орташа көрсеткіш бойынша үздік болып танылды. КТК жаңалықтары 75 рет эфирге шықты, 18 маусым күнгі шығарылым 2,68% көрсеткішке қол жеткізіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын да Еуразия бірінші арнасының «Басты жаңаларықтарында». Олар маусым айында эфирге 40 рет шыққан.

«Аналитика» және «Парламент онлайн» бағдарламалары Еуразия бірінші арнасын жеңіске жетеледі. Ал ТОП бестіктің қатарында Qazaqstan арнасындағы «Апта», Astana TV «Super Times» және МИР арнасындағы «Арнайы репортаж» жобалары бар. Айтпақшы, «Апта» бағдарламасы маусым айында 14 рет эфирге берілген. Бұл бестіктегі ең көп шығарылым екенін де ескеру керек.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

Qazaqstan, Astana TV және 31 арна әзіл-сықақ бағдарламаларының жекелеген шығарылымдары ең жоғары рейтингтер жинады. Осылайша өзге әріптестерінен осы үш арна озық шықты. Орташа есеппен қарағанда, алғашқы үш позиция максималды рейтинг кестесіне ұқсайды.

Еуразия бірінші арнасының «QosLike» романтикалық шоуы ойын-сауық бағдарламалар арасында маусым айының көшбасшысы болды. «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы тек бір рет қана эфирге берілсе де ең жоғары және орташа рейтинг бойынша екінші орынға қол жеткізді. КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» ток-шоуы да үздік үштік қатарында.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Qazaqstan телеарнасының музыкалық және танымдық бағдарламалары халық арасында жоғары танымалдылыққа ие. Бұл осы арнаның алғашқы ондықтағы көрсеткіштерінен-ақ белгілі. Ең жоғары рейтинг бойынша бірінші орында 14 маусым күні шыққан «Көңіл толқыны» концерті, екінші орында «Жарқын жүздесу», үшінші орында Балапан арнасындағы «Балдәурен» балалар концерті тұр. Негізінен, музыкалық бағдарламалар қайталанбайды және айына бір неше рет эфирге сирек беріледі.

Танымдық бағдарламалар санатында таңертеңгілік үш шоу бар. Олардың бірі – Еуразия бірінші арнасындағы «Доброе утро, Казахстан» (айына 20 шығарылым). Бірінші орында Qazaqstan телеарнасындағы «Ақорда» бағдарламасы тұр.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Қоғамдық һәм өткір мәселелерді жан-жақты талқылайтын ток-шоулардың негізін Еуразия бірінші арнасы әзірлейді. Күн сайын көрермендер қызу пікірталастармен тұрмыстық дау-дамайларды осы арнадан тамашалайды. Ток-шоулардың 39 шығарылымы орташа 1,14% рейтингке ие болды, ал 3 маусым күнгі эпизоды осы айда ең көп қаралған шығарылымдардың бірі болды. Осылайша рейтингтің 2,85%-ын алды. Екінші орынға КТК ұсынған «Дау-дамайсыз» ток-шоуы жайғасты. Оның максималды рейтингі алдыңғы арнаныкымен салыстырғанда екі есеге төмен.

Жазғы кезеңде Balapan балалар телеарнасы өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. «Анаммен бірге», «Сиқырлы бөлме» бағдарламалары, «Тәуекел» спорттық шоуы ең жоғары рейтингтер жинап, үздік үштік қатарынан табылды. Кішкентай көрермендер «Мақтаншақ қыз» және «Күлтегін» мультфильміне ерекше назар аударған.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

Орташа көрсеткіш бойынша рейтингтің алғашқы ондығында «Сұңқар» сериалы тұр. 28 серианың орташа көрсеткіші бойынша 0,49%. Бұл ретте бірінші орындарда «Келінжан» телехикаясының 3 және 2 маусымдағы сериялары тұр. Ал «47 баланның анасы», «Сұңқар» мен «Аферисты» хикаяларының жекелеген серияларын көптеген көрермен көрген (1, 2, 3 орын).

«Жар-жар» (Qazaqstan), «Ажырасамын» (AstanaTV) және «Рысь» фильмдері КТК-да өз санаттарында құрмет тұғырын бөлісті.

Деректі таспалардың ішінде интернетке тәуелділік туралы Еуразия бірінші арнасындағы «Паутина» үздік деп танылды. Фильм 8 маусым яғни сенбі күні эфирге шықты және 0,82% рейтингке ие болды.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, телехикаялар мен фильмдер

Осыайда UEFA Euro-2024 Кубогының трансляциялары көрермендердің назарын өзіне аударды. Осылайша рейтинг кестелеріне көптеген өзгеріс әкелді. Qazsport маусым айында 80-нен астам шығарылым жасады. Бұл еңбек зая кеткен жоқ. Спорттық арна өз санаты бойынша көшбасшыларының үштігіне кірді. Еуразия бірінші арнасында шығатын дәстүрлі «Поле чудес» ток-шоуы үздік жоба ретінде көш бастап тұр.

Еуразия бірінші арнасы шетелдік телевизиялық контентті елімізге таратушы арна екені рас. Өйткені өзге елдің теле өнімдерін тамашалағанды ұнататын көрермен осы арнаға көңіл аударады. Түрлі хабарларды, фильмдерді және шоуларды тамашалайды. Ең жоғары рейтинг бойынша ондықтағы 8 ұпай және орташа рейтинг бойынша 9 ұпай. Бұл маусым айындағы теле өлшегіштің нәтижесі. Ал «Осман-5» және «Дельфин» сериалдары әдеттегідей бірінші орында тұр.

Перевод
Facebook
Instagram