ҮЗДІК 10 АРНА

Осы аптадағы үздік он арнаның көрсеткіштері футболдан Еуропа Кубогына дейінгі қалпына қайта оралды. Үштікті ешкімге бермей келген Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan арналарының алдын Kazsport орап кетіп еді. Футбол додасы аяқталған соң рейтингтер де өзгергенін айтып кету керек. Ал, еліміздің бас спорт арнасы Олимпиада ойындары басталғана сәл тыныстап алатын сияқты.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Апта басында көрермендердің дені әлемдік жаңалыққа да назар аударады. Айналада болып жатқан оқиғаларға қанығуға тырысады. Сол себепті болсы керек дүйсенбі күні ақпараттық бағыттағы материалдардың көрсеткіштері де арта түседі.  Еуразия бірінші арнасымен КТК ақпаратты ең тиімді форматта және жедел беруге тырысады. Ондықтағы алғашқы бес орын осы арналардың еншісінде.

Осы аптада 24 KZ арнасының сараптамалық жобалары өз санатында бірінші орынға ие болды. Олар: «Әлем24KZ», «Спецпрект», «Акценты» және «МИР 24 KZ» бағдарламалары. Бұл хабарлардың бәрі демалыс күндері эфирге шықты.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сенбі- әзіл-сықақ бағдарламалары үшін ең сәтті күн. Олай дейтініміз дәл сенбі күндері осы бағыттағы жобалардың рейтингтері де шарықтайды. КТК арнасынан көрсетілген «Шымкент Шоу» 0,83% көрсеткіш жинап бірінші орынға ие болды. 31 арна эфирінен берілген «Алдараспан» бағдарламасы екінші орында. Jibek Joly арнасы үшінші орында. Бұл арна Тұрсынбек Қабатовтың концертін көрсеткен болатын. Сонымен қатар, 31 арна өзінің әзіл-оспақ контентін жан-жақты жетілдіріп жатыр. Осы арнаның алты бағдарламасы үздік ондықтың бірінші жартысын ешкімге бермей тұр.

Ойын-сауық ток-шоуларының арасында КТК арнасынан көрсетілетін «Астарлы ақиқат», «Кел, шырқайық!» көрерменнің күтіп көретін жобалары болып қала береді. Сондай-ақ, «Балапан» арнасындағы «Кімтапқыр?» бағдарламасы үздік үштікті түйіндеп тұр.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Qazaqstan телеарнасының бес бірдей музыкалық бағдарламасы аптаның үздік ондығынан ойып тұрып орын алды. «Жарқын жүздесу», «Ұлытау ұлы», «Көңіл толқыны» концерттері алғашқы үштікте. Демек көрерменнің талғамынан шыққан. Еуразия бірінші арнасының қазақ және орыс тілдеріндегі таңғы бағдарламаларын да көрермендер күтіп тамашалайды. Осылайша танымдық жобалар санатындағы алғашқы екі орынды иеленіп отыр.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» әлеуметтік ток-шоуы – оның рейтингі 1,68%. Бұл өзге жобалардан көш бойы озық көрсеткіш екенін айта кету керек. Ал КТК арнасындағы «Было дело» мен «Дау-дамайсыз» бағдарламалары Еуразиялық әріптестерінен кейінгі қатарға жайғасты. 

Осы жазда өтетін бір қатар әлемдік спорт жарыстарының аясында «Балапан» арнасындағы «Тәуекел» балалар шоуына көрермен қызығушылығы артты. Екінші орында Astana TV арнасындағы «Саулықтың сыры» бағдарламасы тұр. Одан кейінгі сегіз орын еліміздегі балалар арнасының телеөнімдеріне тиесілі.

ҮЗДІК ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Сериалдық өнімдерді ел тұрғындары аса жоғары бағалайды. Әсіресе, өзіміздің күнделікті өмірімізге етене жақын отандық хикаялар болса тіптен тамаша. Осы апта да көшбасшылар үштігінде «Сәке» (Astana TV), «Құдаша» (Qazaqstan) және «Келінжан-4» (Хабар) жобалары бар.

Көрермендеріміз сенбінің кешінде фильмдерді тамашалағанды ұнатады. Мысалы, Astana TV арнасынан көрсетілген «Вакцина против корупции» және Qazaqstan арнасының эфирінен шыққан «Анаға апарар жол» фильмдері сенбі күні көрсетілген.  Екі картина бірінші және екінші орындарға ие болды.

Осы аптада МИР телеарнасының эфирінен берілген «День Республики. На пути к независимости» деректі картинасы үздік деп танылды. 

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасынан берілетін «Поле чудес» ток-шоуы осы аптаның аяғында көрермендердің назарын өзіне аударды. Осылайша бірінші орынға қайта тұрақтады. НТК арнасындағы «Уральские пельмени» және Еуразия бірінші арнасындағы «Три аккорда» бағдарламалары аптаның үздік үштігінде.

Елордалық арнадан көрсетілетін «Осман-5» тарихи сериалы, Жетінші арнадағы «Великолепный век. Хюррем», Qazaqstan телеарнасындағы «Зейнеп» атты түрік сериалдары үздік үштікте. Ал сенбі мен жексенбі күндері теледидар алдында отырып демалуды қалайтын көрермендер әлі де бар. Сондықтан телеарналар да ел тұрғындарының көңілдерінен шығатын жобаларды шығаруын тоқтатпауы тиіс.

Перевод
Facebook
Instagram