ҮЗДІК 10 АРНА
Еуразия бірінші арнасы алдына арна салмай, көшбасшылық орынды сақтап қалды. Оның үлесі бүкіл ел бойынша телевизиялық эфирдің 15,10%-н құрайды. КТК екінші орында (11,70%), Qazaqstan үшінші орында (10,80%). 2024 жылғы Жазғы Олимпиада Qazsport телеарнасының позицияларын нығайтуға және үздік он арнаның қатарынан көрінуге мүмкіндік берді.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Тамыз айының екінші аптасы КТК арнасы үшін сәтті болғаны анық. Өйткені арна жаңалықтары әріптестерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықпен алға озып, рейтинг кестесінде көш бастады. 7 тамыз күні «Новости КТК» шығарылымы 2,54% жинады. Ал екінші орынға қол жеткізген Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» 1,78% рейтингке ие болды. Үшінші орында тағыда КТК. Яғни 5 тамыз, дүйсенбі күні эфирге шыққан «Жаңалықтар» үздік үштікті қортындылап тұр.
Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың ондығында алты бірдей орынды 24 KZ телеарнасының әртүрлі жобалары алды. Бұл әрине үлкен көрсеткіш деуге негіз бар. Мәселен, бірінші орында 24 KZ эфирінен берілген «Арнайы жоба», ал үшінші орында «Іс жүзінде» бағдарламасы. Төртінші орында «Мир 24» пен басқа да телевизиялық жобалар бар. МИР телеарнасының 5 тамыз күні көрерменге ұсынған «Специальный репортаж» бағдарламасы екінші орына қол жеткізді.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ойын-сауық бағытындағы жобалар демалыс күндері үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Осы аптаның да сенбісі мен жексенбі күндері көрермен көрсеткіші жоғары. Әзіл-сықақ бағдарламаларының арасында КТК арнасынан көрсетілген «Шымкент Шоу» көш бастап тұр. Айтпақшы бұл ұжымның қойылымдарын өзге де арналар эфирге береді. Тиісінше үздік ондықтан ойып тұрып орын алады. Осы апта Жетінші арна көрсеткен «Әзіл әлемі театры» екінші орынға табан тіреді. «Шымкент Шоу 20 жыл» мерейтойлық шығарылымын эфирге берген елордалық арна үшінші орынға ие болды.
Ойын-сауықток-шоулары да әзіл-сықақ саласындағы әріптестерінен қалыспайды. Демек көрерменнің сұранысына ие. Бірінші және екінші орынды НТК арнасындағы «Бір болайық» және «Insta Like» бағдарламалары иеленді. Үшінші орынға 31 арнадағы «Готовим с Адель» аспаздық шоуы ие болды.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Өткен демалыс күндері Qazaqstan телеарнасы үздік музыкалық бағдарламаларды көрермен назарына ұсынды. «Әнім сен едің», «Сағындырған әндер-ай» және «Жарқын жүздесу» концерттері осының айғағы. Әсерлі ән, ырғақты әуен тыңдауды ұнататын қауымның көрсеткіші көп. Осы санаттағы ондыққа, өзге әріптестерімен бірге Balapan балалар телеарнасының («Караоке» және «Музыка на ТВ») екі шоуы кірді.
Ел тұрғындары таңғы уақыттарын Еуразия бірінші арнасы мен Qazaqstan арнасының бағдарламаларына бөлгенді ұнататын сияқты. Өйткені осы қос арнаның таңғы жобалары әрдайым бірінші орынға ие болады. Тағы бір айта кетерлігі, осы аптада үш медициналық бағдарлама жоғары рейтингке ие болды.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Әлеуметтік тақырыптағы ток-шоулар және елдегі экономикалық ахуал туралы хабарлар, саясат және қоғамдық маңызы бар ақпарат телевизия контентінің ажырамас бір бөлігіекені түсінікті. Осы бағыттардағы бағдарламаларды үздік көрсете білетін Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan және КТК екенін айта кетекен жөн.
Әдеттегідей, балалар бағдарламалары мен анимациялық сериалдар басқа бағдарламалар санатында әрдайым өз орнын табады. Көрсеткіштер бойынша мұндай мазмұн көбінесе Balapan телеарнасының эфирінде орналасқандықтан, үздік ондықтың сегіз орыны осы арнаға тиетіні таңқалатын жаңалық емес. Бұл санаттағы бірінші және үшінші орындар Qazaqstan телеарнасының еншісінде.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Сериалдар жанрында Astana TV бірінші орында уысында мықтап ұстап тұр. «Сәке-2» сериалы қазір көптеген көрермен күтіп көретін хикаяға айналды. КТК арнасы журналистер мен телевизия саласы мамандарының күнделікті өмірі мен қызықты оқиғалары туралы баяндайтын «Тоғжан» сериалын көрсетіп жүр. Бұл сериал екінші орын алды. Qazaqstan телеарнасына «Жат бауыр-2» телехикаясы үшінші орынды алып берді.
Көркем фильмдер санатында жұманың кешінде көрсетілген «Ва-банк» фильмі мен НТК үздік атанды. Екінші орынға «Хотя бы кинода-2» комедиясын эфирге берген 31 арна жайғасты. Хабар «Маған назар аудар» картинасымен үшінші орынды иеленді. Егерде жанрлар бағыттармен саралайтын болсақ, комедиялық сипаттағы картиналардың үлес салмағыбасым түседі.
6 тамыз күні El Arna телеарнасының эфирінен берілген «Алакөл» картинасы деректі фильм санатында үздік атанды. Ішкі туризмді дамыту жөніндегі өзекті тақырыпты жан-жақты көрсете білген телеарна ұжымының жұмысы көрермендерді баурап алды.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Апталық рейтингте Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының шығарылымдары көп көрсеткіш жинаған. Әркеш сайын еліміздің жанкүйерлері теледидарларын қосып, түрлі спорт түрлерінен сайысқа түскен отандастарымызға қолдау білдірді. Алайда Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Поле чудес» шоуы осы санаттағы бірінші орынды иеленді.
«Великолепный век. Хюррем» сериалындағы оқиғалардың өрбуі де көп көрсеткіш жинаған. Осылайша Жетінші арнаны бірінші орынға шығара білді. «Зейнеп» деп аталатын түрік сериалы да Qazaqstan Ұлттық арнасының екінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Одан кейінгі орындар «Сестра по наследству» және «Радуга в небе» сериалдарын көрсететін Еуразия бірінші арнасының еншісінде.