Үздік 10 арна

Еуразия бірінші арнасы үшін осы апта өте тиімді болды. Өйткені ел көрермендерін қамту үлесін арттырды және өзге әріптестерінен көрсеткіштері басым түсіп бірінші орын алды. Екінші орында КТК арнасы тұр. Олардың рейтинг көрсеткіші 0,49%, ал көрермендер назарының үлесі 12,50-ді құрады. Бұл да аз жетістік емес. Ал Жетінші арнаның қарқыны күшті. Олай дейтін себебіміз биыл 15 жылдығын атап өтетін арна үшінші орынға көтеріліп, Qazaqstan ұлттық арнасын да артта қалдырды.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

КТК жаңалықтары бұл санатта үздік шығып, бірінші орынға ие болды. 13 тамыз күні күндізгі шығарылымы рейтингтің 2,98% құрады. Бұл екінші орынға тұрақтаған Еуразия біріші арнасының «Главные новости» шығарылымының көрсеткішінен екі есе артық екенін айта кету керек. Qazaqstan арнасы осы аптада үшінші орында.

24 KZ арнасының сараптамалық шолуы осы аптада да өз өзектілігін сақтап қалды. «Әлем KZ» және «Спецпрект» жобалары 0,26% рейтинге қол жеткізді. Бұл осы санаттағы ең жоғары көрсеткіш. Ал «Іс жүзінде» бағдарламасы үшінші орынға ие болды.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

«Шымкент Шоу» жобасы осы аптада елордалық арнада ең көп көрермен жинай білді.  Ал «Шаншар» ұжымының қойылымдарын 18 тамыз күні Almaty TV арнасынан беріліп, екінші орынға ие болды. Үздік он әзіл-сықақ бағдарламаның алтауы 31 арна эфирінен шыққанын да ескеру керек.

КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» және «Кел, шырқайық!» ток-шоулары бұл аптада көш бастады. Ал үздік үштікті НТК арнасындағы «Бір болайық» хабары қортындылады. 

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Qazaqstan телеарнасыосы аптада бес түрлі концерттік бағдарламаларын ұсыныған екен. Солардың төртеуі үздік ондықтағы алғашқы орындарға ие болды. Бұл өте керемет көрсеткіш. Бірінші орында Шәмші Қалдаяқов әндері концерті тұр. Сондай-ақ, Еуразия бірінші арнасының таңғы ойын-сауық бағытындағы бағдарламалары мен Qazaqstan арнасындағы «Теледәрігер» жобасы да көрерменнің ықыласына бөленді.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan арналарын осы санаттағы ең үздік трио деп атауға негіз бар. Өйткені әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар рейтингінің бірінші жартысын осы арналардың жобалары иеленді («Koremiz», «Было дело», «Иная реальность», «Отандастар», «Ақорда»). Сондай-ақ, өзекті әрі көрерменді көп жинайтын тақырыптар деп Мемлекет басшысының жұмыс барысын, елдегі жолдардың жай-күйі және қоршаған орта мәселелерін айтуға болады.

Басқа бағдарламалар санатында көш бастаған жобалардың көпшілігі Balapan балалар телеарнасы ұсыныған – арнаның өз теле өнімдері. Яғни мультфильмдерімен сериалдары деуге болады. Жазғы каникул жалғасып жатыр. Демек кішкентай көрермендеріміздің ойын-сауық контентін тамашалауға да уақыттары бар.

Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер

«Сәке-2» сериалын көретін көрермен көп. Бұл сериалды эфирге беріп отырған Astana TV арнасы бірінші орында тұр. Келесі үшорын Qazaqstan телеарнасынан шығатын–«Жат бауыр-2», «Күйеу бала-2» және «Замандастар» телехикаяларыне тиесілі. Үздік ондықта комедиялар да, экшн-фильмдер де, драмалар да бар. НТК бірінші, Qazaqstan екінші, Хабар арнасы үшінші орында. Ал Astana TV арнасының бірден үш фильмі осы аптада үздік ондыққа енді.

18 тамыз күні Қазақстан шекара әскері күні атап өтіледі. Осы күнге орайластырылып Qazaqstan телеарнасында «Шекарашылар» деп аталатын деректі фильмі көрсетілді. Бұл жоба өз санатында үздік атанды.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Сейсенбі күні яғни 13 тамызда Жетінші арна танымал түрік сериалы «Великолепный век. Создание легенды» деп аталатын деректі фильм көрсетті. Көрермені көп хикаяның қалай түсірілгені туралы жоба арнаны бірінші орынға алып шықты. Деректі фильм тіпті Еуразия бірінші арнасынан берілетін, аты аңызға айналған «Поле чудес» шоуын да басып озды.

Сонымен қатар, «Великолепный век. Хюррем»  сериалының жұма күні эфирге шыққан сериясы рейтинг бойынша рекорд жасап 3,13% көрсеткіш жинады. Осылайша өз санатында бірінші орынға ие болды. Екінші орында Еуразия бірінші арнасындағы «Письмо надежды» сериалы. Ал үздік үштікті НТК арнасы көресеткен «Ромео должен умереть» фильмі түйіндейді.

Перевод
Facebook
Instagram