ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасының жоғары рейтингті әр апта сайын нығайтып келеді. Өйткені осы аптада көрермендер аудиториясының бестен бір бөлігін қамтып, 0,87% көрсеткішке қол жеткізді. Көрерменді қамту үлесі мен рейтингте аз ғана айырмашылықпен Жетінші арнамен Qazaqstan үздік үштік қатарынан табылды. Содан кейін 0,43% көрсеткішпен НТК мен КТК тұр. Дүниежүзінің назарында болған ірі спорттық шаралар аяқталғанын аңғарамыз. Олай дейтініміз үздік ондық сапында спорттық арналар жоқ.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Осыаптада Еуразия бірінші арнасы КТК жаңалықтарын екінші орынға ығыстырып, ақпараттық бағдарламалар додасында бірінші орынға қайтадан орнықты. Үшіншісі орын да Еуразия бірінші арнасының қазақ тілді жаңалықтар топтамасының еншісінде. Qazaqstan арнасындағы «Ақпарат» көшбасшылардан жүзден бір бөлік төмен тұр.

Еуразия бірінші арнасындағы «Аналитика» аздаған үзілістен кейін эфирге шығып, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында бірден бірінші орынға тқрақтады. Ал Qazaqstan арнасындағы апталық бағдарлама екінші орында. Содан кейін 24 KZ арнасының бестүрлі жобасы үздіктер шеруін жалғастырады.

ҮЗДІК10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Көптеген көрерменнің жүрегін жаулаған «Шаншар» осы аптада бірден жүлдеі орындарға ие болды. Өйткені өнерпаздардың концерті КТК мен Жетінші арнадан да көрсетілген. Осылайша санаттағы бірінші және үшіні орын осы ұжымның еншісінде.  Екінші орын Astana TV арнасындағы «Әзілің жарасса» әзіл-сықақ шығарылымының қанжығасына байланды. Ары қарай бірдей көрсеткіштермен Еуразия бірінші және 31 арналар тұр.

Айдың аяғы Еуразия бірінші арнасы үшін табысты болды. Әсіресе ойын-сауық санатында сәтті жобаларын атауға болады. Өйткені «Qos Like» романтикалық шоуы теледидар алдынаең көп көрермен жинай білді. КТК «Кел, шырқайық!», «Астарлы ақиқат» және «Нысана» деп аталатын жаңа бағдарламасымен екінші, үшінші, бесінші орындарды алды.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Жігер Ауыпбаев, Жұбаныш Жексенұлы және Димаш Құдайберген. Осы үш дарынды әншінің концерттері музыкалық бағдарламалар санатында үздік шықты. Жұма және жексенбі күндері Qazaqstan мен Жетінші арналардың эфирінен көрсетілген концерттер көп көрерменнің назарын өзіне аударған. Дәстүр бойынша, үздік ондықта Qazaqstan арнасының бес түрлі музыкалық жобасы бар.

Танымдық бағдарламалар бойынша бірінші және үшінші орын Еуразия бірінші арнасының таңғы шығарылымдарының еншісінде. Ал екінші орында Qazaqstan арнасындағы «1001 түн» жобасы тұр. Демек көрермен таңертең де, түнде де экраннан алыстамайды.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Өткір әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бағдарламаларды тақырыптарынан-ақ тануға болады. Мәселен, «Ашық алаң», «Стоп, коррупция», «Конроль поручений», «Білім көкжиегі» және т.б. болып кете береді. Бұл санатта Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуыөзге әріптестерімен салыстырғанда көрермендерді көп жинаған.

Басқа бағдарламалар санатында танымал бағдарламалардың көпшілігі Balapan балалар телеарнасының редакциясына тиесілі. Өйткені жазғы каникулдың соңғы аптасында кішкентай көрермендерде теледидар көретін уақыт болды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫ

Qazaqstan арнасы осы аптада қаралымды көп жинаған ерекше сериалдарды көрермен назарына ұсынды. «Әділ Зере», «Қорқыт» және «Замандастар»  сияқты дүниелер арнаға осы санаттағы алғашқы үштікті алып берді. Балалар телеарнасы үшін осы апта жемісті болды. Өйткені бірден төрт сериалы үздік ондық қатарынан табылды.

Көркем фильмдер санатында Astana TV және 31 арна (4-тен 3-ке дейін) үздік болып танылды. Осы арналардың эфирінен шыққан фильмдерінің рейтингтерітең. Ал алшақтық тек жүзден бір бөлікті құраған.

Бұл аптада КТК үздік деректі фильм көрсетті. 31 тамыз яғни сенбі күні эфирге шыққан «Travel Kazakhstan» деректі картинасын көптеген көрермен тамашалаған.

ҮЗДІК 10  ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Еуразия бірінші арнасындағы «Поле чудес» және НТК арнасынан беріліп жүрген «Однажды в России» бірінші және екінші орындарды нық ұстап тұр. 30 тамыз күні, жұманың кешінде 31 арнадан көрсетілген «Рататуи» мультфильмі үшінші орынға ие болды. Бұл санатта жүлделі орындардан көрінген жобалардың жартысы анимациялық фильмдер мен сериалдар екенін де айта кету керек.

«Великолепный век. Хюррем» сериалын көрсете бастағалы Жетінші арна бірінші орынды әзірге ешкімге берген жоқ. Түрік хикаясының ізінен Еуразия бірінші арнасынан көрсетілетін «Любимая учительница» мен «Знахарь» сериалдары еріп келеді. Үздіктер кестесінде НТК, Qazaqstan және 31 арналар да бар.

Перевод
Facebook
Instagram