ҮЗДІК 10 АРНА

Еліміздегі телеарналар жаңа маусымдарының таныстырылымын өте қарқынды түрде өткізе бастады. Демек жақын арада біз телевизия рейтингтеріндегі өзгерістерді аңғарып, көрсеткіштердің көтерілуіне көрермендердің артуы да әсер ететінін байқауымыз мүмкін. Еуразия бірінші арнасы, КТК, Жетінші арна – телекөрермендердің пікірі бойынша, аптаның үздік үштігіне енді. Qazaqstan және НТК өз әріптестерінен айтарлықтай төмен, бірақ бестіктен ойып тұрып орын алды.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы және КТК арнасының екпіні күшті. Қос арнаның да дүйсенбі күнгі жаңалықтарын көрермен көп көрген. Екі арнаның рейтингті 2,46 %-ды құрады. Еуразия бірінші арнасының қазақ тіліндегі «Басты жаңалықтары» үшінші орында. Сондай-ақ,өзге де ақпараттық бағдарламалары жетінші және тоғызыншы орындарды иеленді.

Жазғы демалыстан кейін Еуразия бірінші арнасының «Аналитика» мен «Парламент онлайн» жобалары бірінші орынды бірден өздеріне қайтарып алды. Осылай болар о бастан белгілі еді. Qazaqstan арнасындағы «Апта» қорытынды шығарылымы үшінші орында. Үздік ондықты КТК арнасындағы «Портрет недели» түйіндеді.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Шаншар» әзіл-сықақ шоуы өз эфирі арқылы көрсеткен КТК арнасы бірінші орында. Jibek  Joly арнасы «Әзіл әлемі» театрының концертін сенбі күні көрермен назарына ұсыныпты. Осылайша екінші орынды иеленді. Бұл концертті Жетінші арна да берген екен. «Алдараспан» театры үш рет үздік ондыққа ілікті. Бұл Жетінші арнаны үздік үштік қатарына қосты.

«QosLike», «Астарлы ақиқат», «Кел, шырқайық!» — Ток-шоу санатындағы үздік үш бағдармала. Бұл Еуразия бірінші арнасы мен КТК арнасының шығармашылық топтарының тынымсыз еңбегінің оң нәтежиесі десек те болды. 

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Музыкалық бағытта Qazaqstan ұлттық арнасының жұлдызы жоғары тұр. Өйткені алғашқы ондықта осы арнаның бағдарламалары алты орынды, оның ішінде құрметті алғашқы үш орынды иеленген. Димаш Құдайбергеннің «Stranger Tour» концертітізімде көш бастап тұруы да заңдылық.

Танымдық бағыттағы контентті негізінен Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan, МИР, 24 KZ, Atamaken Business және Жетінші арна жақсы ұсынып жүр.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Дүйсенбі күні Еуразия бірінші арнасының эфирінен берілген «Koremiz» ток-шоуы осы аптада бірінші орында тұр. Дүйсенбінің кешінде көрермендердің назары Qazaqstan арнасындағы «Ақорда» бағдарламасына ауды. Үшінші орынға КТК арнасанан шығатын «Дау-дамайсыз» жобасы орнықты.

«Balapan» телеарнасының өзге де бағдарламалар санатындағы бәсекелесі өз жобалары десек те болады. Өйткені негізгі топтарға кірмеген бағдарламалар рейтингінің ондығындағы көрсеткіш осында. Бұл санатта осы арнадағы мультфильмдер мен сериалдар, өзіндіктеле өнімдер, түрлі жобалар мен ток-шоулар, балалардың интерактивті бағдарламалары бар.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Күздің алғашқы күндері көптеген көрермен әдеттегідей кешкі уақыттарын теледидар алдында, ыстық шайын демдеп, сүйікті телехикаяларын тамашалайтыны белгілі. Рейтингтер бәсекесінде отандық арналар ең сапалы сериалдарын эфирге беріп, сол арқылы көрсеткіштерін де жақсартып алады. Qazaqstan, НТК және Astana TV – сериалдары осы аптаның үздік үштігінде тұр.

Qazaqstan арнасы отандық фильмдерді көрсететін арналар арасында да үздік атанды. «Атамекен» көркем фильмі ұлттық арна эфирінен жексенбі күні берілді. Екінші және үшінші орында Хабар мен 31 арнадан берілген комедиялар тұр. Сондай-ақ, үздік ондықтағы орындардың жартысына El Arna телеарнасының фильмдері ие болды.

«Иірім» деректі фильмдер циклының кезекті эпизоды осы аптада үздік атанды. КТК арнасы осылайша деректі туындыларға жаны құмар көрерменін қуантып жүр.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасынан берілетін «Поле чудес» шоуы бұл арнаға әрдайым жеңіс сыйлап келеді. Осы аптада бұл жоба тағы да бірінші орында. Ал Мир мен НТК арналары «Игра в кино» және «Однажды в России» бағдарламаларымен екінші және үшінші орынды алды.

Осы аптада түрік телехикаялары ел тұрғындарының назарын өздеріне аудара білді. Үздіктер тұғырында үш сериал бар. Олар Жетінші арна, Astana TV және Qazaqstan арналарынан көрсетілген. Бірінші орында «Великолепный век. Хюррем» хикаясы тұр. 

Перевод
Facebook
Instagram