ҮЗДІК 10 АРНА

Дүниежүзіндегі ірі спорттық іс-шаралардың саябырсуы да осы аптаның үздік ондығынан спорттық арналарды ысырып тастады. Көшбасшылар әдеттегідей өзгеріссіз қалды деуге де негіз бар. Еуразия бірінші арнасы, КТК мен Qazaqstan арналары үздіктер үштігінде. Жетінші арнаның да қарқыны қатты. Бұл арнаның көрсеткіштері алдында атаған әріптестеріне сәл ғана жетпей қалды. Телевизия тарландарына сәтті маусыммен көрермендерінің көп болуын тілейміз.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Жаңалықтар бағытындағы бағдарламалардың үздіктері өзгеріссіз қалды. Алғашқы үштік тұғырда нық тұр. Еуразия бірінші арнасының төрт бірдей ақпараттық жобасы да өз биігінен төмендеген жоқ. Егер аптаның әр күнін шолып шықсақ, ең рейтингі күн бейсенбі болыпты. 19 қыркүйекте ел тұрғындары жаңалықтарды қалт жібермей қадағалағанын аңғарамыз.

Еуразия бірінші арнасы «Парламент онлайн» және «Аналитика»  бағдарламаларымен ақпараттық-сараптамалық жобалар санатында бірінші және екінші орынды иеленді. Тұғырда Qazaqstan телеарнасының «Апта» бағдарламасы үздік үштікті түйіндеді.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Шаншар» бағдарламасын эфирге берген КТК осы аптада бірінші орынды иеленді. Ал 31 арна бірден төрт түрлі әзіл-оспақ бағдарламасымен ондықтан ойып тұрып орын алды. Әзіл-сықақ бағдарламаларын ұнататын көрермен үшін контент жеткілікті. Олардың сүйікті арналары — Almaty TV, Astana TV, Жетінші арна және НТК.

Хабар арнасында «Cover show» жобасының жаңа маусымы басталып, көшбасшылар қатарына қайтадан қосылды. Бұл санатта Еуразия бірінші арнасымен КТК  үздік үштіктен төмендемей келе жатқанын ескере кетіңіздер. 

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Демалыс күндеріндегі музыкалық бағдарламалар жасай берсін! Qazaqstan арнасы осы аптада көрермендерді түрлі концерттік бағдарламалармен қуантты. Олардың екеуі рейтингтің бірінші қатарына енді. Үшінші орында Nur Bullin концертін ұсынған КТК арнасы тұр.

Танымдық бағдарламаларының ішінде түн ортасында көрермен назарына ұсынылатын «1001 түн» бағдарламасы Еуразия бірінші арнасындағы таңғы шоудың жүзден бір бөлігін басып озып, көшбасшы атанды. Сондай-ақ, Жетінші арнадағы «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасы үздік үштікке ілігіп, айды аспанға шығарды.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Жаңа маусымның су жаңа бағдарламалары көрермендердің назарын өзіне аударған кезеңде де, елдің ежелден сүйікті ток-шоуларына айналып үлгерген рейтингтік жобалар эфирге шығуын жалғастырып жатыр. Өйткені Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуы бірінші орында, Qazaqstan арнасы «Жақсылық жаса» және «Aqorda» бағдарламаларымен екінші және үшінші орынға ие болды.

Балапан арнасы осы санаттағы ең үздік бағдарламалардың ондығына әріптестерінің бірде-біреуінің кіруіне мүмкіндік бермеді. Өйткені барлық он орын да анимациялық сериалдар және балаларға арналған шоулармен жобалардың еншісінде қалды.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Әр арнаның жаңа маусымында таныстырылымы өткен жаңа премьераларды көрермен тағатсыдана күтіп отыр. Әзірге осы аптаның жетістіктеріне тоқталайық: Алғашқы яғни үздік үштік – Qazaqstan, НТК және Жетінші арнада.

Осы аптадағы көркем фильмдер санатында Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясын көрермен назарына ұсынған Хабар телеарнасы топ бастады. Үздік ондықта барлық жанр қамтылған деуге болады. Комедия, драма, тарихи фильмдер және мелодрамалар да эфирде молынан көрсетілді. «Түпсана және жасыл нәски» комедиясы үздік ондықтың сапында екі рет болды. (31 арна мен Хабар)

«Иірім» деректі сериалы үш апта бойы өз санатында үздік атанды. 22 қыркүйектегі шығарылымы рейтингтің 0,74 %-ын жинады. Бұл жоба КТК арнасынан көрсетіледі.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Шетелдік бағдарламалар негізінен ресейлік контент еншісінде. Еуразия бірінші арнасы, Жетінші арна және НТК үздік үштікте. Осы аптада да «Поле чудес» ток-шоуының рейтингі ең жоғары – 2,80%.

Жетінші арна көрсетіп жүрген «Великолепный век. Хюррем» осы аптада Еуразия бірінші арнасындағы «Чужой среди своих» сериалына бірінші орынды беріп қойды. Бұл тек жеке сериялардың көрсеткіштері болса да, арна ұжымын алаңдатып қойғаны сөзсіз. Үздік ондықта алты бірдей түрік сериалы бар.

Перевод
Facebook
Instagram