ҮЗДІК 10 АРНА

Өткен апта танымал телеарналардың алғашқы үздік үштігі еш өзгеріссіз қалды. Алайда қалған ойыншылар үшін бет бұрыс бар. Жетінші арна өз позициясын жоғалтып, 31 арнамен НТК арнасына жол беріп қойды. Сонымен қатар МИР өз позициясын бесінші орыннан сегізінші орынға түсіріп алды. Qazsport үздік ондыққа қайта ілігіп, Балапан арнасын төменге ығыстырып жіберді.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Ақпараттық бағытта айтарлықтай өзгеріс бар дей алмаймыз. 31 арнадағы «Іnformburo» төртінші орынға табан тіреді. Демек КТК арнасының қазақ тілді жаңалықтарын басып озды. Еуразия бірінші арнасы өз жаңалықтары шығарылымдарының жиынтық рейтингін жақсартты. Қазір бұл арнаның барлық төрт бағдарламасы жетінші орыннан жоғары тұр.

Еуразия бірінші арнасы көшбасшылық позицияларын ақпараттық-сараптамалық хабарлар санатында да сақтап қалды. Айта кетерлігі Жетінші арнаның үш бірдей бағдарламасы да үздік ондыққа ілікті. Олар: «Сөздің қысқасы», «Жетінші студия» және «Что это было?» жобалары.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Өткен аптада 31 арна көптеген әзіл оспақ бағдарламаларын эфирге шығарды және рейтингте 6 орынға ие болды! Бұл үздік үштікке ілігетін көрсеткіш болмаса да сәтті қадам екені анық. Ал көрермендердің ыстық ықыласының арқасында КТК, Astana TV және Almaty TV үздіктер қатарында тұр.

Телевизиялық жобалардың ұзақ мерзім бойы жетістікке ие болуы, жақсы рейтинг жинауы тек қана көрермендердің ықыласы мен адалдығынан емес. Сонымен қатар шығармашылық топтардың қажырлы еңбегінің жемісі мен ізденісі деуге болады. Осылайша үздік үштікте өзгерістер өте сирек кездеседі.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

«Жұлдызды жұп» бағдарламасы Qazaqstan ұлттық телеарнасын апталық рейтингте тағы да бірінші орынға алып шықты. Алосы арнадан көрсетілген «Көңіл толқыны» концерті үшінші орынға ие болды. Осы санатта Balapan телеарнасының эфирінен берілген «Музыка на ТВ» жобасы үздіктер қатарынан табылды.

29 қыркүйек күні Qazaqstan телеарнасының эфирінен берілген жаңа телевизиялық маусымның таныстырылымы көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды. Осылайша ол танымдық бағдарламалар арасында ең жоғары рейтингке ие болды. Екінші орын Мир телеарнасының еншісінде. Олар Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы «В гостях у кочевников» бағдарламасын ұсынды. Еуразия бірінші арнасының таңғы шоуы үшінші орында.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Әріптестер арасындағы бәсекеде озық шығып, табысқа жету үшін Qazaqstan телеарнасы сияқты түрлі жобалар мен бірнеше өзіндік өнімді ұсынған дұрыс шығар? Өйткені осы арнаның жеті бағдарламасы үздік ондықтан орын алған. Бір жобаны жақсылап қолға алып, жан-жақты дамыту арқылы да жетістікке жетуге болады. Мәселен, Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуын ерекше атап өтуге болады. Олар осы аптада ең үздік атанды. 

Өткен аптада Balapan арнасындағы көрерменнің ықылысына көп бөленіп жүрген бағдарламаларды Qazaqstan, 31 арна және КТК телеарналарының хабарлары қуып жетті. Екінші және үшінші орынды Balapan мен Qazaqstan арналарындағы Dara bala (Дара бала) жобасы иеленді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫ

Қазір эфирге шығып жатқан жаңа сериалдарға да уақыт бөліп, назар аударсаңыздар жақсы болар еді. Қазірдің өзінде мыңдаған көрермен жаңа хикаяның сюжетіне еніп, кейіпкерлер мен танысуды бастап кетті. Үздік үштікте Qazaqstan (екі рет) және Жетінші арна бар. Өткен маусымдарда әрдайым алда болған «Зу-Зу Күлпаш» және «Келінжан» жаңадан шыққан ленталарға жолдарын берді.

Хабардағы «Шет елдердегі қазақша бизнес» туралы комедиялар арнаға осы жолы да жоғары рейтингтер мен үздік ондықтан төрт орын алып берді. Astana TV телеарнасының фильмдерінің нәтижесі сәл аздау. Өйткені үш орын осы арнаның еншісінде.

Деректі фильмдер жекелеген тақырыптарға ден қойғандықтан көрермендер арасына кеңінен тарап жүрген сыңайлы. Осы аптада Мир телеарнасындағы түрлі табиғи су көздері туралы «Реки жизни» деп аталатын арнайы деректі шығарылымдары көп көрсеткішке қол жеткізді.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасы көрсететін «Поле чудес» шоуы бұл аптада да алдына жан салмай бірінші орынды алды. Одан кейін 31 арна көрсеткен «Тайна Коко» мультфильмі тұр. Бейсенбі күні Qazsport футзалдан Әлем кубогының ойындарын көрсеткені бәріміздің есімізде. Еліміздегі спорт арнасы үшінші орында.

Жетінші арна беріп жүрген «Великолепный век. Хюррем» бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Властелин колец. Две крепости» картинасында. Бұл фильмді НТК арнасы көрсетті. Ал Еуразия бірінші арнасының эфирінен 29 қыркүйек күні берілген «Простить себя» телехикаясының эпизоды қола жүлдені алды.

Перевод
Facebook
Instagram