Еліміздегі арналардың ішінде алғашқыүздік бес орынды, сондай-ақ телекөрермендердің 58% -ын Еуразия  Бірінші арнасы, КТК, Qazaqstan, Жетінші арна және НТК алады. Бұл ретте Ұлттық арнамен Жетінші арна рейтингі бірдей (0,42%).

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

КТК жаңалықтары 13 тамыз күні ең жоғары рейтингке қол жеткізді. Бұл көрсеткішті үздіктердің үздігі деуге негіз бар. Тамызды бұл арнадан ақпараттық бағдарламаның 68 шығарылымы шықты. Осылайша олардың орташа рейтингі екінші орында. Ал Еуразия бірінші арнасының 21 шығарылым үшін орташа көрсеткіш бойынша бірінші орында тұр. Еуразиялықтар 26 тамыздағы шығарылымдары үшін ең жоғары көрсеткіш бойынша екінші орынды иеленді.

Телекөрермендер үздік сараптаманы 24 kz арнасынан тамашалайтын сыңайлы. Өйткені ең жоғары рейтингтің үздік ондығында жеті бағдарламасы, оның орташа рейтинг сегіз бағдарламасы тұғырда тұр. Бұл ретте бірінші орынды Qazaqstan арнасы, жексенбілік «Апта» жобасы үшін (сурдоаудармасы бар) иеленді.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Шымкент Шоу» бағдарламасы ең жоғары және орташа көрсеткіш бойынша өз санатының рейтингіне үш рет түсті. Оны КТК телеарнасы (1 орын) және Astana TV (2 және 3 орын) көрсетті. 31 тамыз күні «Шаншар» жобасын көрермен назарына ұсынған КТК арнасы екінші орынға да қол жеткізді. Ал үшінші орынды «Әзілің жарасса» жобасын көрсеткен елордалық канал еншіледі.

Еуразия бірінші арнасының «QosLike» шоуы екі көрсеткіш бойынша да алда келеді. Тамызда айында эфирге бес рет шықты және оның 30 тамыздағы шығарылымы ең жақсы көрсеткішке жетті. КТК арнасының «Астарлы ақиқат» шоуы екінші орында, ал «Кел, шырқайық!» жобасы үшінші орынға қол жеткізді.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Qazaqstan арнасы 30 тамыз күні өткен Жұбаныш Жексенұлының концертімен бірінші орында. Музыкалық бағдарламалардың барлығы дерлік бір рет эфирге беріледі. Әрине «Жарқын жүздесу» концерттері осы айда он рет шықты. 23-ші шығарылымның тасы өрге домалады, өйткені ең жоғары рейтинг бойынша екінші орында. Димаш Құдайбергеннің Жетінші арнадағы концерті де жоғары көрсеткіштерге ие. Ол орта есеппен екінші орында және ең жоғары рейтингпен үшінші орында.

Еуразия бірінші арнасының таңғы шоуы осы айда 42 рет шықты, ал орташа көрсеткіш бойынша бұл төртінші орын, ал максимум бойынша – бірінші орын. Тамаша көрсеткіш емес пе? Qazaqstan екінші және үшінші орында таңертеңгі және түнгі бағдарламаларымен үздіктер қатарында (мах).

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan және КТК екі көрсеткіш бойынша да құрметті үш орынды бөлісті. «Koremiz» хит-шоуы эфирге 42 рет шықты, орташа рейтингі 0,71%, ал 26-шы шығарылым 1,92% ең жоғары рейтингке ие болды. КТК-дағы «Было дело» бағдарламасы 28 бағдарлама үшін орташа рейтингке ие болды 0,37%, ал сенбідегі шығарылымы үшін 1,02%.

Негізгі санаттардан тыс бағдарламалар арасында Balapan балалар арнасының телевизиялық жобалары сұранысқа ие. Өйткені «Тоқты мен Серке» анимациялық сериалы ең жоғары рейтинг бойынша бірінші орында. Ол айына 8 рет шықты және орташа есеппен бұл екінші орын. Оны Qazaqstan арнасындағы «Алдар Көсе тұралы ертегілер» мультфильмінің екі сериясы ғана айналып өтті.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Еліміздегі отандық студиялардың теленовелалары бірі біренен өтетін керемет туындылар ұсынып жүр. Олардың кейбіреулері маусымнан жаңа маусымға дейін жалғасып жатады. Ал естен кетпестері көрерменнің көкейінен шықпай, әр жылдары телеарналар арқылы қайталанып беріледі. Тамыз айында Qazaqstan телеарнасынан шыққан «Жат бауыр-2» сериалы ең сәтті және танымал болды, ол 16 рет шықты.

«Вакцина от корупции» өткір әлеуметтік комедиясы екі көрсеткіш бойынша да (НТК) бірінші орынға шықты. Үздік ондықтың қатарында НТК және 31 арнаның ең көп он фильмі барын айта кету керек.

18 тамыз шекарашылар күніне орай Qazaqstan телеарнасында «Шекарашылар» деректі фильмі көрсетілді. Олтамыз айында ең танымал болды.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Тамыз айында осы санат бойынша аңызға айналған «Великолепный век. Создание легенды» телехикаясының түсірілімі туралы деректі фильмең көп қаралды. Ал Еуразия бірінші арнасының «Поле чудес» ойын шоуы бес рет эфирге шықты және орташа және максималды рейтинг бойынша екінші орынды алды. Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан Qazaqstan телеарнасының спорттық көрсетілімдері үшінші және төртінші орында.

Фильмдер мен телехикаяларды көру көрсеткіштері соншалықты жақындаспайды тіпті қиыспайды. Орташа көрсеткіш бойынша барлық шығарылымдар үшін тек 5 сериал үздік ондыққа кірді. Ал максималды рейтингтің ондығында олардың сегізі бар. Сонымен қатар, олардың орындары мүлдем басқа. Егер Жетінші арна «Великолепный век. Хюррем» түрік хикаясымен бірінші тұрғанымен де ең жоғары рейтинг бойынша орташа есеппен ондыққа да ілікпей қалды. Орташа рейтинг бойынша көшбасшы – Еуразия біріні арнасыдағы «Знахарь» сериалы ең жоғары рейтинг бойынша төртінші орынға ие болды.

Перевод
Facebook
Instagram