ҮЗДІК АРНАЛАР

Еліміздегі телекөрермендердің бестен бір бөлігі Еуразия бірінші арнасын үзбей көреді десек қателеспейміз. Біздің отандастарымыз негізінен: КТК, Qazaqstan, Жетінші және 31 арнаны әрдайым тамашалайды. Демек аталған бес арна әрдайым халық назарында. Айта кетейік, осы айда НТК арнасы 31 арнамен сайрейтингке ие – 0,37% және Хабар тарату үлесі де бірдей – 8,50.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы және КТК соңғы жаңалықтарды жедел беру жағынан алдыларына арна салмайды. Осылайша ең жоғары және орташа рейтингтер бойынша барлық рекордтар осы арналардың үлесінде. Мәселен Еуразия бірінші арнасы бір айда 180-нен астам жаңалықтар топтамасын эфирге берсе, КТК 140-тан астам шығарылымды көрермен назарына ұсынған екен. Олармен тек 31арна және Qazaqstan каналының ақпараттық бағдарламалары ғана бәсекелесе алады.

Еуразия бірінші арнасының мықты тұсы — жаңалықтары ғана емес, сонымен қатар бір аптадағы елеулі оқиғалармен үкіметтік құрылымдарда болып жатқан ақпаратқа жасайтын сараптамалық жобалары. Оның «Аналитика» және «Парламент онлайн» сияқты өнімдері ең жоғары және орташа көрсеткіштер бойынша бірінші орында тұр. Үшінші орынға Qazaqstan телеарнасынан 1 қыркүйек күні эфирге шыққан «Апта» бағдарламасы жайғасты. Бұл жоба  қыркүйек айында 13 рет эфирге беріліп, орташа есеппен бесінші орынды иеленді.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМА

КТК және Astana TV ойын-сауық контентін сүйіп тамашалайтын көптеген көрерменді өз аудиториясына жинайды. «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент шоу» және басқа да жобалар қыркүйек айында жоғары рейтингтерге ие болды. Ал «Шаншар» осы айда 17 рет шықты.

Еуразия бірінші арнасы мен КТК ойын-сауық ток-шоу санатында да бабында тұр. Өйткені «Астарлы ақиқат», «QosLike», «Кел, шырқайық» және «Cover Show» (Хабар) фавориттер болып қала береді. Танымал арналардың қатарында Balapan телеарнасының «Жүзден жүйрік» балалар шоуы да бар. Бір айда 20 рет эфирге берілген жоба орташа есеппен жетінші орында және ең жоғары рейтинг бойынша 5-орында (12 қыркүйектегі шығарылым).

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Qazaqstan ұлттық телеарнасы музыкалық бағдарламалар санатында үздік ондықтағы алғашқы орындардың жартысынан астамына ие болған. Демалыс күндері көрсетілетін «Жұлдызды жұп» концертті осы айда 8 рет шықты, оның 21 қыркүйектегі шығарылымы ең танымал болды. Бұл айда Balapan арнасының музыкалық жобалары үздік ондықтан орын алды. Сондай-ақ, КТК да көрермендерінің талғамына сай концерттер берген.

Танымдық бағдарламалар арасында Qazaqstan арнасы жаңа маусымының анонсы көрермендер назарын өзіне аударды. Сондай-ақ, ел тұрғындары таңғы шоуларды, көшпенділер ойындарының шолуына және «1001 түн» бағдарламасына көп көңіл бөлген.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы «Koremiz» ток-шоуын бұл айда 21 рет эфирге ұсынды. Оның ең рейтингтік шығарылымы 30 қыркүйекте көрсетілді. Qazaqstan ең жоғары рейтинг бойынша «Ақорда» бағдарламасымен екінші орында. Дегенмен ол орташа рейтинг бойынша ондыққа енбей қалды. Сондай-ақ 2 қыркүйек күні барлық арналар көрсеткен Мемлекет басшысының Жолдауы да жақсы көрсеткішке жеткен.

Дәстүр бойынша, өзге де бағдарламалар санатының алғашқы ондығын толығымен дерлік Balapan телеарнасы алып тұр. Мультфильмдердің жекелеген сериялары ең максиамалды деңгейде жоғары рейтингтерге ие болған. Алайда орташа рейтинг бойынша ондыққа ілігу оңай емес. Мұнда балалар жобалары, ток-шоулар, түрлі додалар және авторлық бағдарламалардың үлесі басым.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Жаңа маусым телеарналарға бірден бірнеше жаңа сериалдарды да ала келді. Жаңартылған телебағдарламаның сәтті тұсаукесерінен кейін де Qazaqstan арнасы көрермендер арасында беделді болып қала береді. Өйткені екі көрсеткіш бойынша да бірінші орында «Замандас» және «Шеше» сериалдары тұр. Екінші және үшінші орынға «Мошенники» хикаясымен КТК орналасты.

Отандық үздік он фильм санатында «Менің де атым Қожа» комедиясымен Balapan телеарнасы көш бастады. Бұл балалар телеарнасы үшін тамаша көрсеткіш. Astana TV «Бойдақ күйеу» фильмімен екінші орында. Ал үшінші орында – «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясымен Хабар және «Атамекен» фильмін көрсеткен Qazaqstan тұр. Хабар өз көрермендері үшін көркем фильмдерді таңдауда озық екекенін де ескере кеткен жөн.

«Иірім» деректі жобасының кезекті сериясы апта сайын танымалдылығын арттырып келеді. Сондықтан осы айда ең үздік болуы да таңқалатын жағдай емес. 6 шығарылымның орташа рейтингі – 0,46%, ал ең жақсы көрсеткішті 22 қыркүйек күні жинады. Оның рейтингі — 0,74%.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Еуразия бірінші арнасындағы «Поле чудес» ток-шоуы арнаға жылдан жылға жеңіс сыйлайды. Қыркүйек айында футзалдан Әлем кубогы өтті, бұл Kazsport телеарнасын көшбасшылар үштігіне әкелді. 31 арна екі рет «Тайна Коко» мультфильмін көрсетті. Осылайша орташа рейтинг бойынша екінші, ал максималды көрсеткіш бойынша төртінші орын алды.

Еуразия бірінші арнасы – көркем фильмдер мен телехикаяларды күтіп көретіндер үшін ең қолайлы контент алаңына айналды. Өйткені 4/5 орташа рейтингтің ондығы Еуразия бірінші арнасының фильмдерінен тұрады. Ал, бірінші үштіктегі ең жоғары рейтинг бойынша Жетінші арнадағы «Великолепный век. Хюррем» және Еуразия бірінші арнасындағы «Чужой среди своих» және «Любимая учительница» телехикаялары бар.

Перевод
Facebook
Instagram