ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan үздік үштіктікті өзге әріптестеріне бермеуге бекінген сыңайлы. Бұл ірі спорттық іс-шаралардың азаюуына да байланысты болуы мүмкін.  Одан төменгі орындардағы арналар көрермендердің назарын өздеріне аудару үшін қызу күрес жүргізіп жатса да көптеген жылғы тарихы бар кәсіби телеарналардың көрсеткіші жоғары болып қала бермек.  

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы апталық рейтингтің басында дүйсенбі мен сейсенбідегі жаңалықтар мен екі орынға қатар ие болды. КТК арнасының сәрсенбі күнгі орыс тіліндегі жаңалықтар топтамасы үздік үштікті қортындылады. Кешкі прайм-тайм уақытындағы ақпараттық шығарылымдардың рейтингтері де әрдайым жоғары.

6 қазан яғни жексенбі күні аптаның ең өзекті оқиғалары барлық арналардың қорытынды бағдарламаларына ең көп көрермен жинап берген екен. Бұл осы күні өткен референдуммен тікелей байланысты десек те қателеспейміз. Өйткені ел тұрғындары референдумның нәтижесін сенімді дерек көздерден алуға зер салатыны түсінікті. Бұл санатта барлық арнадағы көрсеткіш жақсы дегенімізбен Еуразия бірінші арнасының «Парламент Онлайн» бағдарламасы рекорд жаңартқан.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзіл-сықақ бағдарламалары арасында фавориттер орын алмастырды. Осы аптада «Алдараспан» бағдарламасы үш рет үздік ондыққа ілікті. Өйткені үш түрлі арнадан театрдың концерттері эфирден берілген. Ең жоғары көрсеткіш КТК-ның еншісінде — 1,45%.

Ал ток-шоу арасында алғашқы үштік тұрақты–«Астарлы ақиқат», «QosLike» және «Кел, шырқайық!» (КТК және Еуразия бірінші арнасы). Үздік ондықта жаңа бағдарламалар да пайда болғанын айта кету керек. Бұл Qazaqstan арнасындағы «Қызық екен» және Жетінші арнадағы «Кинокухня. Великолепный век».

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Qazaqstan арнасында «Жұлдызды жұп» атты жаңа музыкалық шоуы мен ел арасында кең талқыланып, көп көрермен жинайтын жобаға айналды. Өйткені 0,68% рейтингімен аптада көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздіктер қатарында Хабар, КТК, Жетінші арна, Jibek Joly және Той Думан телеарналарының концерттерімен бағдарламалары бар. Дүйсенбіде «Urker awards 2024» ұлттық сыйлығы, Әлішер Каримовтың концерті және басқа да бағдарламалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Ақорда» — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір аптадағы қызметі туралы керемет сюжеттер беретін Qazaqstan телеарнасының ақпараттық жобасы. Бағдарламада жүргізіліп жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси реформаларға, елдегі, сыртқы сапарлардың нәтижелеріне және Мемлекет басшысының ресми кездесулеріне шолу жасайды. 6 қазандағы шығарылым Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналды, бұл көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырып, арнаға бірінші орын әкелді.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Референдум бүкіл ел үшін маңызды оқиға болды және бұл отандық арналардың телевизиялық хабар тарату бағытына да, көрсеткіштеріне де айтарлықтай ізін салды. Осы санаттың үздік ондығында бірден бірнеше бағдарлама референдум тақырыбына арналған. Яғни тікелей эфирлер мен пікірталастар, Атом электр станциясының құрылысын жақтаушылар мен қарсыластар арасындағы дебаттар болып жалғаса береді. Айтакетейік, Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» әлеуметтік ток-шоуы осы санатта бірінші тұр.

Өзге де бағдарламалар тобында Balapan арнасынан асатын еш арна жоқ. Өйткені бұл арнада кішкентай көрермендердің сүйікті анимациялық сериалдары, балаларға арналған түрлі шоулары мен байқаулар да көп көрсетіледі. Ал отандық мультфильмдердің шетелдік өндірушілермен салыстырғанда әрдайым жоғары рейтингке ие болады.

ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Жаңа телевизиялық маусымда тұсаулары кесілген жаңа телехикаялар өзінің алғашқы жемісін бере бастады. Талғампаз көрермен өздерінің назарын аударып, еңқызықты деген сериалдарды үздік ондықтың төріне шығарды. Бірінші орында Qazaqstan арнасындағы «Сен қасымда болмасаң…». Осы арнаның тағы екі сериалы ондықта. Екінші орында Жетінші арнадан берілетін «Дем. Соңғы үміт» хикаясы. Үшінші орынға «Зу-зу Күлпаш» (AstanaTV) оралды.

31 арна, Хабар және El Arna  — бұл арналар киноны ерекше талғаммен тамашалайтын көрермендердің ойын дөп басады. Өйткені ондыққа іліккен он фильмнің тоғызын көрермен дәл осы арналардан көрген екен. Ел тұрғындары негізінен — комедия, тарихи картиналар және романтикалық сарындағы фильмдерге ден қояды.

Көктемгі су тасқынының барлық қасіретін бастан өткерген өңірлерді қалпына келтіру көрермен үшін де өте өзекті тақырып. Qazaqstan арнасында «Тасқыннан кейінгі тіршілік» деректі фильмі жарияланды. Бұл деректі картина эфирге 4 қазан күні шықты және 1,79% жоғары рейтинг жинады.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасы көрермендерді аңызға айналған «Поле чудес» шоуымен ғана емес, «Точь в точь» жобасының жаңа маусымымен де баурап алды. Өткен аптада осы санатта Kazsport арнасынан көрсетілген футбол және бокс трансляциялары да ондықтың сапында.

Жетінші арна «Великолепный век. Хюррем» сериалымен бірінші орында. Осы арнадан берілген «Московский роман» сериалы да үшінші орынға ие болды. Ал екінші және төртінші орындарда Еуразия бірнші арнасынан көрсетілген «Разменная монета» мен «Пилигрим» хикаялары тұр.

Перевод
Facebook
Instagram