ҮЗДІК 10 АРНА
Осы аптада арналардың позициялары айтарлықтай өзгермеген. Көшбасшылардың қатарында Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan тұр. Жалғыз ерекшелік – Qazsport өзінің тоғызыншы орнын Balapan балалар арнасына беріп қойды. Осылайша екі арнаның да қамту үлесі мен рейтингтері сәл төмендеді.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Еуразия бірінші арнасы жаңалықтар және аналитикалық бағдарламалар санатында көшбасшы болып қала береді. Сондай-ақ, КТК жаңалықтарының екі тілдегі шығарылымы да, 31 арнадағы Инфорбюро мен Qazaqstan арнасындағы Ақпарат, Мир және Astana Times каналдарының ақпараттық жобалары үздік ондықтың сапында тұр.
Қорытынды сараптамалық бағдарламалардың кейбіреуі жаңалықтар топтамасымен салыстырғанда оқ бойы озық шығады. Мәселен, Qazaqstan және Astana Tv елордалық арнасын ерекше атап өтуге болады. Ал, Жетінші арнамен 24 KZ жаңалықтары ондықтан орын алмаса да, олардың аналитикалық бағдарламалары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Ал КТК, керісінше, күнделікті жаңалықтары жоғары рейтинг жинаса да, «Портрет недели» сараптамалық бағдарламалар санатына ілікпей қалған.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
31 арна көрермендердің көңілін көтеру бағытын жақсылап қолға алған сыңайлы. Өйткені үздік ондықта бес бірдей әзіл бағдарламасы бар. Сонымен қатар, КТК арнасынан көрсетілген «Алдараспан» бағдарламасы бірінші орында. Ал Astana TV жексенбі күні эфирге берген «Шымкент шоу» үшінші орын алды.
Ойын-сауық шоуларының көшбасшылары КТК және Еуразия бірінші арнасы. «Астарлы ақиқат», «QosLike» және «Кел, шырқайық!» атты жобалар да әрдайым жақсы қаралым жинайды.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА
Qazaqstan арнасындағы «Жұлдызды жұп» музыкалық жобасы бұл аптада да бірінші орынды ешкімге бермеді. Ұлттық арнаның тағы үш концерттік бағдарламасы үздік ондықтың ортасында. Олар: «Көңілді толқыны», «Жыр – менің планетам» және Еркеш Хасеннің «Көзің әдемі» шығармашылық кеші. Үшінші орында КТК көрермен назарына ұсынған Рахымжан Жақайымның «18-25» концерті.
Таңғы уақытта біздің көрермен Еуразия бірінші арнасын үзбей көретін сияқты. Өйткені таңғы шолуларының көрсеткіштері керемет. Ал ұйықтар алдында Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасын тамашалайтыны анық.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Осы апта Qazaqstan телеарнасы үшін сәтті аяқталды. Өйткені үздік ондықтағы алғашқы бағдарламалардың жартысынан көбін ұлттық арна ұсынған екен. Арнаның редакциясы әрдайым жедел әрі анық ақпарат таратып, ел тұрғындарын толғандыратын мәселелерді дер кезінде эфирге беруімен ерекшеленеді. Алайда Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуы бірінші орынды уысынан шығармай, мықтап ұстаптұр.
Балаларға арналған бағдарламалар әлі күнге дейін жеке санаттарға ие болмады. Сондықтан олар жоғарыда аталған телевизиялық бағдарламалар тобына жатпайтын өзге де хабарлар арасында өз орынын табуы тиіс. Осы орайда олар өз позицияларын беріп қоюға асықпайды. Өткен аптада «Пингвин оқиғалары» анимациялық сериалынан өзге кішкентай көрермендерге «Бізбен биле!», «Ой зерек» және «Ibars» жобаларын ұсынды.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Qazaqstan арнасы үздік сериал мен үздік фильм аталымы бойынша көш бастады. Дүйсенбі күні эфирге шыққан «Сен қасымда болмасаң» сериалының эпизоды және 12 қазан яғни сенбі күні көрсетілген «Балуан Шолақ» фильмі үздік рейтингке ие болды. Екінші орында «Зу-зу Күлпаш» телехикаясы және «Zhezduha 50» картинасын көрермен назарына ұсынған Astana TV арнасы тұр. Жетінші арнадағы «Құтқару қызметі» телехикаясы және Балапан арнасындағы «Гипер бала» фильмі үшінші орынды еншіледі.
«Иірім» деректі циклы КТК телеарнасының табысты жобасына айнала білді. Өйткені соңғы апталары көрермендер арасында ең танымал жоба болып қала береді.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Еуразия бірінші арнасы көрсетіп келе жатқан «Поле чудес» алдына арна салар емес. Әдеттегідей бірінші орын алды. Екінші орында 31 арна көрсететін көпшіліктің сүйікті әрі күлкіге көметін «Ледниковый период» мультфильмі тұр. Тағы да Еуразия бірінші арнасы. Бұл арнадағы «Точь в точь» шоуы үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, Мир телеарнасының бағдарламалары үздік ондықтағы төрт орынға бірден ие болған.
Жетінші арна көрсететін «Великолепный век. Хюррем» бұл аптада да көш бастады. Оның 7 қазан яғни дүйсенбі күні эфирге шыққан сериясы 2,69 % рейтингке ие болған. Сондай-ақ, дәл осы Жетінші арнадағы «Московский роман» телесериалы үшінші орында. Екінші орын Еуразия бірінші арнасында тағы бір ресейлік «Ищейка 3» сериалының еншісінде. Осы санаттағы сериалдардан өзге, 31 арна көрсеткен «Книга джунглей», НТК ұсынған «Люси» және «Профессионал» мен 31 арнадағы «Пираты Карибского моря» фильмдері үздік ондықтан орын алды.