ҮЗДІК 10 АРНА
Телеарналардың апта сайынғы бәйгесі мен бәсекесінде алғашқы төрт позиция өзгеріссіз қалды. Бұл ретте төрт арнаның да көрермендерді қамту көрсеткіші төмендеген. Осылайша өзге әріптестерінің еншісіне бөлінді. Осы аптада Жетінші арнаның (алтыншыдан бесінші орынға) рейтингтердің өсуін және үздік ондық сапына Хабар телеарнасының қосылуын байқадық. Демек Qazsport арнасының көрсеткіштері төмендеді.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
31 арнадағы Информбюро төртінші орынға көтерілді, ал Astana Times оныншы орыннан сегізінші орынға жоғарылады. Ал көшбасшылар қатарында әдеттегідей Еуразия бірінші арнасы мен КТК келе жатыр.
Қорытынды бағдарламаларда Еуразия бірінші арнасы өз әріптестерінен әлдеқайда озып, «Парламент онлайн» және «Аналитика» бағдарламаларымен бірінші орынға ие болды. Демалыс күндері Qazaqstan арнасының «Апта» және Astana TV-дағы «Sapar Times» бағдарламалары көрермендердің назарын өздеріне аудара білді.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Алдараспан» — ел тұрғындарының ең сүйікті әзіл-сықақ шоуы болып қала бермек! Олай деуге толық негіз бар. Мәселен, өткен аптада «Алдараспан» концертін кестелеріне қойып, эфирге берген КТК, Astana TV және Almaty TV үздік үштіктің басынан көрінді.
Ойын-сауық бағдарламалары санатында Еуразия бірінші арнасының «QosLike» шоуы аз ғана көрсеткішпен КТК арнасы көрсететін «Астарлы ақиқат» және «Кел, шырқайық!» жобаларын артта қалдырды. Жетінші және 1 арнадағы қос бірдей аспаздық шоуы осы аптада үздік ондықтың сапында тұр.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА
Qazaqstan арнасының «Жұлдызды жұп» музыкалық байқауы барлық көрермендердің қызығушылығын оятып, музыкалық бағдарламалар санатында бірінші орын алды. Сондай-ақ, екінші орында осы арнаның «Көңіл толқыны» концерттік бағдарламасы тұр. Үшінші орынға Нұрлан Еспанның «Ән мен әзіл» деп аталатын шығармашылық кеші ие болды.
Ал танымдық бағдарламалардың дені таңғы шоулардың танымалдылығын әлі басып озған жоқ. Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан!» және «Доброе утро, Казахстан!» түрлі бағытты қамтып, жан-жақты болғандықтан да шығар, көрермендер әр таңын осы жобаларды көруден бастайды.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
7/2/1 – бұл арақатынаста Qazaqstan, КТК арналарының және Еуразия бірінші арнасының әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары орналасқан. Үздік ондықта да біз атаған арналар көш басында тұр. Егер Ұлттық арна сандық салыстыруда мықты болса, көрермендердің сұранысы бойынша «Koremiz» ток-шоуының рейтингі барлық рекордтарды жаңарта алады.
Бағдарламалардың бұрын аталған санаттарға кірмеген өзге де жобалар қатарында басқа арналармен қатар, Balapan балалар телеарнасы да бар. Кішкентай көрермендердің сұранысы басы мекенін де ескере кеткен жөн. Айталық «Дара бала» телешоуы 18 қазан яғни жұма күні ең жоғары рейтингке ие болды – 0,85%.
ҮЗДІК 10 ОТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕР
Qazaqstan арнасының эфирінен шығатын «Сен қасымда болмасан…» сериалы бірінші орында және оның рейтингі «Замандастар» хикаясынан екі есе жоғары. Дегенмен бұл сериалдың да қалыптасқан көрермені жеткілікті. «Замандастар» екінші орында. Сондай-ақ, «Мұрагер» деп аталатын сериал көрсететін КТК көшбасшылардың үздік үштігінде.
Көркем фильмдер санатында «Гипер бала» (18 қазан) фильмімен Balapan балалар арнасы көш бастап тұр. Одан кейін «Суперагенты» комедиясын көрсеткен 31 арна және «Родной» картинасын көрермен назарына ұсынған Astana TV бар. Әрі қарай, оныншы орынға дейінгі барлық орындарды Хабар мен Ел арна өзара бөліскен.
15 қазан күні КТК арнасы арқылы аптаның үздік деректі фильмі – «Жарық сәуле» көрсетілді. Бұл цикл отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, олардың әртүрлі және ұқсас тағдырлары туралы баяндайды.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Шетелдік өндірістің мазмұны отандық телевизиялық өнімдерге балама болып табылады, ал телевизиялық индустрияның дамуын ескерер болсақ, біздің арналарымыз үшін лайықты бәсекелес екенін де естен шығармаған абзал. Көрерменнің назарына таласатын негізгі қарсыластар – Еуразия бірінші арнасы, НТК, 31 арна.
Ресейлік және түрік телехикаялары, заманауи шетелдік фильмдер және кеңестік киноклассика. Біздің жергілікі көрермендер де арасында өзге елдің теле өнімдеріне назар аударып, фильмдері мен жобаларын тамашалап тұрады. Өткен аптада Жетінші арна үздік атанды. Өйткені осы арна көрсеткен үш сериал да үздік үштіктен ойып тұрып орын алды.