ҮЗДІК 10 АРНА
Кейбір бағдарламалардың көрсеткіштері де сапасы да жоғары болғанымен жалпы арна үшін жақсы рейтингтің кепілі бола алмайтынын да ескере кету керек. Сондықтан жеңіске жету үшін барлық редакциялар мен арна командасы бір жұдырықтай жұмылып, мұқият әрі тынымсыз жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Өткен аптада Еуразия бірінші арнасы, КТК, НТК және Qazaqstan үздіктер қатарынан табылды.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
КТК жаңалықтары осы аптада да көшбасшылығын сақтап қалды. Сондай-ақ, Еуразия бірінші арнасының «Главные новости» шығарылымы да құрмет тұғырында тұр. Төртінші орынды 23 желтоқсан, дүйсенбі күні эфирге шыққан 31 арнаның Informburo жобасы иеленді.
Аптадағы айшықты ақпараттарды түйіндейтін қорытынды сараптамалар санатында әрдайым Еуразия бірінші арнасының ұпайы жоғары. Рейтингтің алғашқы үш орнын қатар алуы да осының айғағы. Сондай-ақ, 24 KZ арнасы үздік ондықтағы төрт орынды иеленді.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Алдараспан» қайтадан трендте! Бұл жолы КТК бағдарламаны жексенбілік эфирге қойды. Осылайша көрермендердің назарын бірден өздеріне аудара білді. Әзіл-сықақ бағдарламаларының үздік ондығының жартысына 31 арна ие болды.
Ойын-сауық контенті медиа кеңістіктегі негізгі ойыншылардың бірі екені ежелден белгілі. Ойын-сауықпен қызықты бағдарламалар көруге ынталы көрерменнің көрсеткіші де әрдайым басым. Бұл санатта КТК, Еуразия бірінші арнасы және Жетінші арна үздік болып қала береді.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Qazaqstan және Astana TV музыкалық бағдарламалар санатында көш бастап тұр. Бұл арналарда мереке алдындағы демалыс күндері көрермендер концерттермен музыкалық шоуларды тамашалады.
Еуразия бірінші арнасымен Qazaqstan арнасындағы «1001 түн» таңғы шоулары ел тұрғындарының сүйікті жобалары болып қала береді.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Танымал әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың ішінде бірінші орында Еуразия бірінші арнасынан берілетін «Koremiz Show» тұр. Екінші орында КТК көрсететін «Дау-дамаймыз» және үшінші орында Qazaqstan арнасындағы «Әлем және біз» жобасы бар. Бұл ретте Ұлттық арна үздік ондықтағы бірден бес орынды иеленді.
Бұл жолы әдеттегідей басқа да бағдарламалар санатында балалар анимациялық сериалдары көп. «Балапан» арнасы еліміздегі жалғыз балалар телеарнасы екенін де ескере кету керек.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ТОП-ОНДЫҒЫ
Qazaqstan «Көршінің қызы» сериалымен біріншілікті ұстап тұр, ал оның жексенбі күні эфирге берілген шығарылымы аптаның ең көп қаралған сериясы болды. Осы аптада Хабар мен 31 арна көрермендердің талғамын дөп басты.
Фильмдер санатында фавориттер орын алмастырды. Мәселен Жетінші арна көркем фильмдерді сәтті эфирге шығарады және көрермендерді ұстап қалды. Осылайша кестедегі орындардың жартысын иеленді. Тіпті бірінші орын да Жетінші арнаның еншісінде. Бұл ретте, төрт орынды «Бизнес по-казахски» комедиясының түрлі франшизалары алады.
Тұран ТВ телеарнасының «Нұрлепес Ата саябағы» атты деректі картинасы салыстырмалы түрде жоғары рейтингке ие болды. Ол сенбі, 28 қаңтарда эфирге шықты.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Еуразия бірінші арнасы және КТК рейтингтің алғашқы үш орнына ие болды. Осы арналардан көрсетілген «Поле чудес», «Битва сильнейших. Экстрасенсы», және «Точь в точь» шоуларының тұрақты көрермендері көп болғандықтан танымалдықтары арта түсуде. Сондай-ақ, үздік ондыққа Jibek Joly арнасы көрсетіп жүрген «Маша и медведь» және «Балапан» арнасынан берілетін «Үш марғау» мультфильмдері енді.
Жетінші арна беретін «Великолепный век. Хюррем» хикаясы бірінші орынға қайта оралды. Үштік үздікте КТК мен НТК арналары да бар. Фильмдер мен телехикаяларды көру үшін көрермендер көбіне кешкі уақытты таңдайды.