ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасы бәсекелестерінен қамту үлесі кем болса да, алдыңғы аптамен салыстырғанда өз рейтингін оныншы үлеске арттырады. Алматы арнасын айтпағанда, теленарықтың барлық үздік ойыншылары ондықтың ішінде қалды. Алайда Жетінші арна өз позицияларынан айырылып, төртінші орынға түсіп, НТК мен Мир алға шығып кетті.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы осы аптада бірінші орынға қайта оралды. Осылайша «Главные новости» шығарылымы 9 қаңтар күні рейтингтің жүзден бір бөлігіне ие болып, «Новости КТК» жаңалықтарын басып озды. Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» үшінші орында. Көшбасшыларға 31 арна мен Qazaqstan бәсекелестік құрады.

Жаңа жылдық демалыстан кейін Еуразия бірінші арнасы толық жұмыс режиміне кіріп, қайтадан сараптамалық және шолу бағдарламаларымен жеңімпаз тұғырына көтерілді. «Аналитика», «Парламент онлайн» мен «Асау жаңлықтар» рейтингтік бағдарламалары аптаның әртүрлі күндері эфирге шығып, көрермендердің түрлі ақпаратқа деген қажеттілігін өтей алады.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Astana TV арнасынан берілген шығармашылық кеші әзіл-сықақ бағдарламалары арасында ең үздік атанды. Одан кейінгі орындар демалыс күндері үш түрлі арнада көрсетілген «Шаншар» жобасының еншісінде. (КТК, 31 арна және Astana TV).

Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» ток-шоуы рейтинг бойынша бірінші орында. «Шаншар 30 жыл» мерейтойлық шығарылымы елордалық арнада 1,56% рейтингімен екінші орынға тұрақтады. Ал КТК арнасының танымал бағдарламасы «Астарлы ақиқат» үшінші орында.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Qazaqstan телеарнасы алғашқы үш орынды да иеленді. Олар: «Біздің ән. Мирас пен Құралайдың шығармашылдық ән кеші», «Көңіл толқыны» және «Мен даланың қызымын. Бағдат Самидинова».

Қызықты танымдық контент көптеген арналардағы телебағдарламалардың ажырамас бір бөлігі іспетті. Осы аптада үздік ондықта Qazaqstan телеарнасы бес бағдарламамен орын алды. Оның екеуі бірінші орында – «Замандастар» және «Қазақстандағы цифрландыру» жобалары.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan каналдарының бағдарламаларында ел тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер мен тақырыптар ежелден көтеріліп келеді. Сәрсенбі күні «Koremiz» ток-шоуы, жұмада – «Дау-дамайсыз», ал сенбі күні – «Заң ме нел» жобалары көрсетіліп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Balapan телеарнасы аптаның қорытындысы бойынша басқа да бағдарламалар санатында үздік нәтиже көрсетті. Мұндай жағдайға таң қалмаңыз, өйткені Қазақстандағы жалғыз балалар арнасының мазмұны тезистердің негізгі санаттарына сай келмейді. Алайда оның бағдарламаларының сапасы өте жоғары. Бұл факторлар басқа арналармен олардың бағдарламаларына осы санаттың алғашқы ондығына кіруге мүмкіндік бермейді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ТОП-ОНДЫҒЫ

Qazaqstan телеарнасында дүйсенбі күні кешке шыққан «Көршінің қызы» сериясы үшін бірінші орынды иеленді. Осыдан кейін бірден Хабар телеарнасының эфирінен екінші орын алған «Келінжан-2» сериалы көрсетілді. Ал, үшінші орын бұл аптада 31 арнаның қоржынында. Арнадан берілген «С любовью, аферист» хикаясын да көрермен күтіп тамашалайды.

Көркем картиналар санатында 31 арна алтын алды. «Портье. Мальчик на побегушках» фильмі көрермен көңілінен шықты. Бұл картина мереке күні берілгендіктен күндізгі уақытта эфирге шығуы рейтингтің төмен болуына еш әсерін тигізе алмады. Одан кейінгі орын «Ең сұлу» фильмін көрсеткен Qazaqstan арнасында және El Arna эфирінен шыққан «Glamyr для дур» үздік үштікті түйіндеді.

Қаңтардың басы ұзақ уақыт бойы 2022 жылғы қайғылы оқиғалармен байланысты болады. 6 қаңтарда Astana TV телеарнасы берген «Қаңтар. Мемлекеттік төңкерістің әрекеті. Оқиға қалай өрбіді» деректі фильмін көп көрермен тамашалаған екен.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Шетелдік телеөнімді тарататын арналардан Еуразия бірінші арнасы оқ бойы озық тұр десек артық айтпаймыз. Мысалы, осы аптаның рейтингінде «Поле чудес», «Новогодняя ночь на Первом 30 лет спустя», және «Точь в точь» бағдарламаларымен алғашқы үш орынды да иеленді. Сондай-ақ, «Что? Где? Когда?» жобасы оныншы орында тұр.

Қаңтардың екінші аптасындағы шетелдік фильмдер бойынша үздіктер шеруін үш арна бастайды. Олар: Qazaqstan («Тағдыр жазуы»), Жетінші арна («Великолепный век. Хюррем») және НТК («Великий уравнитель»). Рождество мерекесі күні көрермендер Жетінші арнадан «Один дома» мен «Один дома 2» комедиясын тамашалап, оны бесінші және жетінші орындарға шығарды.

Перевод
Facebook
Instagram