ҮЗДІК 10 АРНА

Соңғы апталарда көрермендердің сүйіп көретін арналарында өзгеріс жоқ. Яғни Еуразия бірінші арнасы көш басында. Алайда екінші және үшінші орын үшін сапалы контент пен жедел ақпарат беретін бірнеше арна арасында күрес жүріп жатыр. Өткен аптада НТК, КТК және 31 арналар арасында ең мықтылары анықталды. Мир мен Жетінші арна осы уақытқа дейін әріптестеріне орын беріп келген еді.

ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

17 қаңтар күні эфирге берілген КТК жаңалықтар топтамасы өткен аптада ең жоғары рейтингке ие болды және бірінші орын алды. Еуразия бірінші арнасы екінші, үшінші орындарға қол жеткізді. Оның қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтар көрсеткіштерінің оннан бір бөлігімен ғана ерекшеленеді. Әрі қарай 31 арна мен Qazaqstan үлкен айырмашылықпен рейтингімен келе жатыр.

Еуразия бірінші арнасы ақпараттық-сараптамалық хабарларды әзірлеуде алдына арна салмай келеді. Оған әрине жоғары рейтингтер дәлел бола алады. Көрермендер өзекті және объективті ақпарат алу үшін «Парламент Online», «Аналитика» және «Асау жаңалықтар» жобаларын тұрақты түрде таңдайды.

ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Сенбі күні «Шаншар» бағдарламасы көрсеткен КТК әзіл-сықақ бағдарламаларын күтіп тамашалайтын көрерменді күлкіге қарық қылған сыңайлы. Өйткені көрсеткіштері жоғары. Екінші орында Almaty TV эфирінен 14 қаңтар күні берілген «Үздік әзілдер» шығарылымы тұр. Келесі үш орынды «Алдараспан», «31 әзіл» және «1001 әзіл» бағдарламалары ұсынған 31 арна иеленді.

Еуразия бірінші арнасындағы жастарға арналған «QosLike» романтикалық шоуы ойын-сауық бағдарламаларының рейтингінде көш бастады. Бұдан әрі «Астарлы ақиқат» ток-шоуы мен КТК және «Таптым-ау сені» бағдарламасы мен Жетінші арна келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл рейтингте тек телекөрсетілім көрсеткіштері ескеріледі, ал көптеген арналардың YouTube-те өз профильдері бар және сол жерде көптеген хабарларда үлкен сұранысқа ие болып отыр.

ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА

Біздің сүйікті әндердің авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық кеші 18 қаңтарда көрсетіліп, ең үлкен көрсеткішке ие болды. (1,5%). Келесі күні көрермендер «Ұлытау ұлы. Қыдырәлі Болман» концертін жоғары бағалады. Екі концерт те Qazaqstan арнасынан берілді. Олармен бірге КТК үздік үштікке «Әнім сен едің» концерттік бағдарламасымен кірді.

Qazaqstan арнасындағы «Замандастар» жобасы танымдық бағдарламалар санатында бірінші орын алды. Екінші орында Astana TV арнасынан берілген «Золтой час» бағдарламасы бар. Сондай-ақ, елордалық каналдың басқа бағдарламалары 4, 5, 6-шы орындарда да орналасқан. Еуразия бірінші арнасының «Доброе утро, Казахстан» таңғы  шоуы үшінші орында.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР

«Koremiz show» Еуразия бірінші арнасының көрермендер санын арттыра түсуде. Олай деуге негіз бар. Өйткені 2,45% рейтингімен бірінші орында тұр. Бұл арнаның тағы бір жобасы –  «Заң мен ел» екінші орында. КТК арнасындағы «Дау-дамайсыз» шоуынан кейін Qazaqstan арнасының бірден төрт түрлі бағдарламасы еріп келеді.

Жоғарыда аталған санаттарға сәйкес келмейтін басқа да бағдарламалардың ішінде үздік ондық Balapan балалар арнасының контентінен тұрады. Анимациялық сериялдаардан басқа, балалар тележобалары, интерактивті шоулар және авторлық бағдарламалар көп.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫ

«Көршінің қызы» көрерменді экран алдына жіпсіз байлап қойған сияқты. Өйткені бірнеше апта бойы сериалдар рейтингін ұстап тұр. Екінші орында Qazaqstan арнасынан шыққан «Домалақ ана» сериалы. Келесі екі орын «Asau» және «С любовью, аферист» телехикаясын көрсететін 31 арна бар.

Көрермендер комедия жанрын өзге жанрлардан жоғары қоятынын байқау қиын емес. Көшбасшылар үштігінде «Zhezduha 50», «Родной» және «Ғашық жүрек или котейль для звезды» сияқты картиналар бар. 31 арнамен Astana TV тұғырды бөлісті.

Ал деректі фильмдердің ішінде 14 қаңтар күні Astana TV арнасынан көрсетілген «Ел тірегі» картинасы үздік фильм атанды.

ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР

Еуразия бірінші арнасы шетелдік телеөнімдердің телевизиялық контентін тарататын телеарналар арасында үздік болып қала береді. Оның «Поле чудес» және «Точь в точь» шоулары осы аптада ең үлкен рейтингтерге ие болды. Үшінші орында сенбі яғни 18 қаңтарда көрсетілген «Моана» мультфильмін көрсеткен 31 арна бар.

«Великий уравнитель» фильмі көрсеткен НТК көрермендердің сүйікті хикаясына айналған «Великолепный век. Хюррем» түрік сериалын төменге жылжыта алды. Осылайша Жетінші арна екінші орында. Ал Еуразия бірінші арнасы ұсынған фильмдер мен сериалдар келесі 3, 4 және 5 орындарға ие болды.

Перевод
Facebook
Instagram