ТОП-10 АРНА

Бірінші ондықтағы телеарналар елдегі көрермендердің шамамен 90%-ын қамтиды. Алғашқы үштік 42%-дан астам аудиторияның назарын ұстап тұр. Бұл – Евразия бірінші арнасы, КТК және Жетінші арна. Әрі қарай жекелеген санаттарға тоқталып, телеарналардың эфирлік торы мен қазақстандық көрермендердің талғамын қарастырамыз.

ТОП-10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Көрермендердің сеніміне әлі де Евразия бірінші арнасы мен КТК жаңалықтары ие. Олардың шығарылымдары аптаның басында ең жоғары рейтингтер жинады. Сондай-ақ алғашқы бестікте 31 арнаның және Qazaqstan телеарнасының жаңалықтары бар.

Евразия бірінші арнасының «Аналитика» және «Парламент онлайн» бағдарламаларымен көш бастап тұр. Оларға Qazaqstan телеарнасының «Апта» қорытынды шығарылымы қосылды.

ТОП-10 КӨҢІЛ КӨТЕРЕТІН БАҒДАРЛАМАЛАР

Ең үздік әзіл-сықақ бағдарламалары – КТК-дағы «Шаншар», Almaty TV-де «Үздік әзілдер» және 31 арнадағы «31 әзіл». Алғашқы ондықта дәстүрлі «Шаншар», «Алдараспан» бағдарламаларымен қатар, Хабар мен Евразия бірінші арнасында көрсетілген аңызға айналған «Тамаша» шоуы да бар.

КТК бірінші орынды мықтап ұстап тұр, оған «Астарлы ақиқат» ток-шоуы көмектеседі. Евразия бірінші арнасы «QosLike» шоуымен екінші орынға тұрақтады, оларды небәрі үш жүздік пайыз айырмашылығы бөліп тұр. Үшінші орын Жетінші арнаның «Маска Kazakhstan» шоуына бұйырды.

ТОП-10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Qazaqstan телеарнасы концерттік бағдарламаларды жиі эфирге шығарады, бұл оны музыкалық бағдарламалар санатында үздіктер қатарына қосты (1, 2, 4 орындар). Үшінші орында КТК-дағы «Әнім сен едің» бағдарламасы. Жоғары көрсеткішке ие музыкалық бағдарламалардың жартысынан көбі жексенбі күні эфирге шықты.

Сараптамалық бағдарламалар санатында үздік деп Qazaqstan телеарнасын атауға болады. Алғашқы ондықтағы алты бағдарлама осы арнаға тиесілі, олардың қатарында «Замандастар», «Ақорда», «Теледәрігер», «Таншолпан» және басқалар бар. Екінші және үшінші орындарды Евразия бірінші арнасы иеленді.

ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒДАРЛАМАЛАР

Отандық телеарналарда әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылайтын алаңдар қоғам өмірінің әртүрлі қырларын көрсетеді. Күрделі мәселелерді қозғау, сарапшылардың пікірін тыңдау, дау-жанжалға қатысушыларға сөз беру – әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды танымал ететін негізгі факторлар. Өткен аптада бұл санатта  Евразия бірінші арнасы мен КТК үздік нәтиже көрсетті.

Балаларға арналған Balapan телеарнасында жас көрермендер мультфильмдер мен сериалдар көреді, билеуді үйренеді, аспаздық өнермен айналысады, жаңалықтар зерттейді, түрлі байқаулардың қатысушыларына жанкүйер болады және дамиды. Арнаның алуан түрлі контенті балалардың білімге және ойын-сауыққа деген қызығушылығын қанағаттандырады.

ТОП-10 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕРИАЛДАР МЕН ФИЛЬМДЕР

Күн сайын көрермендер сүйікті сериалдарын үзбей тамашалайды. Өткен аптаның үздік сериалдары Qazaqstan телеарнасында («Бір үйдің балалары», «Сезім толқыны», «Жар-жар», «Қара шаңырақ»), Balapan арнасында («Ағынға қарсы», «Супер дос») және Astana TV-де («Сәке-2», «Зу-зу Күлпаш», «Ангел хранитель») көрсетілді.

Отандық көркем фильмдердің рейтингтері басқа санаттармен салыстырғанда төмен. Бұл фильмдердің стримингтік платформаларда, YouTube және басқа да ашық ресурстарда қолжетімділігімен байланысты. Көрерменнің назарын аудару үшін телеарналар аудиторияның талғамын зерттеп, трендтер мен сұраныстарға сай өнім ұсынуы қажет.

Деректі фильмдер шектеулі аудиторияға арналған, сондықтан бұл санаттың рейтингтері басқа бағдарламалармен салыстыруға келмейді. Дегенмен, бұл өнімнің де өз көрермені бар. 3 ақпанда El Arna телеарнасында шыққан Қасым Жәкібаев туралы «Бірегей» деректі фильмі осы санатта үздік атанды.

ТОП-10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР ЖӘНЕ СЕРИАЛДАР

«Поле чудес» ойын шоуы және оның тұрақты жүргізушісі Леонид Якубович қазақстандық көрермендердің сүйіктісі болып қала беруде. Екінші орын Balapan телеарнасындағы «Смурфиктер» мультфильміне бұйырды. Үшінші орын 31 арнадағы «Храбрая сердцем» мультфильміне тиесілі. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Евразия бірінші арнасының төрт түрлі бағдарламасы енді.

Түрік сериалдары «Тағдыр жазуы» және «Великолепный век. Хюррем» Qazaqstan мен Жетінші арнаны көшбасшылар қатарына қосты. Келесі екі орын Евразия бірінші арнасының ресейлік «Невский» және «Невский. Проверка на прочность» сериалдарына тиесілі.

Перевод
Facebook
Instagram