Ұлттық Медиа Ассоциациясының атынан 2024 жылғы Қазақстандағы теледидар көрудің қорытындыларын шығаруды жалғастырамын. Талдауда 6 жастан асқан, халқы 100 мыңнан асатын қалалардағы аудитория ескерілді.
Бүгін біз телеарналардың қорытынды рейтингін, сондай-ақ жанрлар мен тақырыптар бойынша ең көзге түскен бағдарламалар мен сериалдарды қарастырамыз.
Жыл көшбасшылары — Евразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan. Бұл телеарналар жаңалықтар, сараптамалық және ойын-сауық жобалары арқылы рейтингтің жоғарғы сатысын тұрақты түрде иеленді.

Жаңалықтар бағдарламалары арасында тұрақты көшбасшылықты Евразия бірінші арнасының «Главные новости» мен «Басты жаңалықтар», сондай-ақ КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасы сақтап қалды. Сонымен қатар үздік ондыққа Astana TV арнасындағы «Astana Times», 31 арнадағы «Informburo» кірді.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатында көрермендердің ең көп назарын Евразия бірінші арнасының «Парламент Online» және «Аналитика», Жетінші арнаның «Бүгін», Евразия бірінші арнасының «Асау жаңалықтар», Astana TV арнасының «Sarap Times», КТК арнасының «Портрет недели», Qazaqstan арнасының «Апта» және Хабар арнасының «7 күн» бағдарламалары аудартты.

Ойын-сауық ток-шоулары жанрында жыл бойы Евразия бірінші арнасының «Qoslike»жобасы көш бастап, бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Сондай-ақ КТК арнасының «Астарлы ақиқат», НТК арнасының «Бір болайық», Хабар арнасының «ХабарLike», Жетінші арнаның «Late Night Show with Dinara Satzhan» бағдарламалары жоғары рейтинг көрсетті.

Юмористік бағдарламалар ішінде Жетінші арнаның «Маска Kazakhstan» және «Таптым-ау сені», КТК арнасының «Кел, шырқайық!» және «КТК web», НТК арнасының «Такси», Хабар арнасының «Қызық Times» бағдарламалары танымал болды.

Танымдық бағдарламалар категориясында бірінші орынды Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасы иеленді. Одан кейін Евразия бірінші арнасының «Доброе утро, Казахстан», Balapan арнасының «Bala time», Qazaqstan арнасының «Дала дәмі» және Евразия бірінші арнасының «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламалары орналасты.

Қазақстандық телесериалдардың танымалдығы өсе түсті. 2024 жылы ең көп сұранысқа ие болғандар: «Ауыл мұғалімі», «Қызғалдақ», «Екі жүз», «Иірім», «Жат бауыр-2» — барлығы Qazaqstan телеарнасынан көрсетілді.
