ТОП-10 арна
Евразия бірінші арнасы күнделікті тұрақты әрі сапалы эфирімен өз позициясын сақтап қана қоймай, көрсеткіштерін жаңа биіктерге көтерді. КТК және Жетінші арна рейтингтің аздаған төмендеуіне қарамастан үздіктер қатарынан түспей, өз орындарын сақтады. Мир арнасы төртінші орынды иеленсе, Astana TV екі сатыға көтеріліп, үздік бестікті түйіндеді.

ТОП-10 жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар
Евразия бірінші арнасының жаңалықтар бағдарламалары көш басында. «Главные новости» бағдарламасы рейтинг 0,05%-ға төмендегенімен, бірінші орында. «Басты жаңалықтар» керісінше, рейтингін арттырғанымен, үшінші орында қалып отыр. Ал КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасы 0,44%-ға рейтинг жоғалтып, екінші орнынан айырылып қалу қаупі бар.

Евразия бірінші арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бойынша да үштікке қайта оралып, «Аналитика», «Парламент Онлайн» және «Асау жаңалықтар» бағдарламаларымен көш бастады. Qazaqstan арнасының «Апта» бағдарламасы 0,59% рейтингпен үздікке ең жақын орналасқан.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалар
КТК арнасындағы «Шымкент Шоу» және Astana TV-дағы «Адараспан» дерлік бірдей рейтингпен алғашқы екі орынды бөлісті. Келесі орындарда Жетінші арна мен Jibek Joly арнасындағы әзіл және концерттік бағдарламалар («Әзіл Time» және Турсынбек Қабатов концерті).

Кешкі ойын-сауық бағдарламасы – КТК арнасындағы «Кел, шырқайық!» бұрынғы көшбасшы Евразия бірінші арнасының «QosLike» бағдарламасынан асып түсіп, бірінші орынға шықты. Үшінші орында КТК-ның «Астарлы ақиқат» ток-шоуы.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар
Qazaqstan арнасы 17 мамырда көрсеткен Beu awards музыкалық фестивалімен бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарда КТК арнасының «Ән мен әнші» және «Әнім сен едің» бағдарламалары.

Танымдық бағдарламалар арасында Евразия бірінші арнасының таңғы шоуы, Qazaqstan арнасының «1001 түн», Jibek Joly арнасының «Төрлетіңіз!» ток-шоуы үздіктер қатарында. 24KZ арнасының «Большая страна» мен «Дархан дала» бағдарламалары бірдей рейтингпен 4 және 5 орындарды бөлісті (0,44%).

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және өзге бағдарламалар
Евразия бірінші арнасы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар бойынша көшбасшы: сейсенбідегі «Koremiz show» — 1 орын, сенбідегі «Заң мен ел» — 2 орын, ал «Qаймақ» — 4 орында. КТК арнасының «Было дело» бағдарламасы 3 орында.

Balapan арнасының балалар бағдарламасы «Кім мықты» бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, арнаның тағы 8 түрлі бағдарламасы ТОП-10 қатарына кірді. Astana TV-ның «Саулықтың сыры» бағдарламасы 4 орында.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер
Qazaqstan арнасының «Ыстық ұя» сериалы қайтадан бірінші орынға шықты. Сол арнаның «Әскери ант» сериалы 8 орыннан 2 орынға көтерілді. Үшінші орында – 15 мамырда шыққан балалар сериалы «Табиғат сақшылары» (0,58%).

Үздік үш фильм – комедия жанрында: Хабар арнасындағы «Агашки по вызову», 31 арнадағы «Студент Көке» және Almaty TV-дағы «Күшік құда-квартиранты».

Qazaqstan арнасының дүйсенбі күнгі деректі фильмі «Тәуелсіздік тарландары» – өз санатында үздік көрсеткішке ие болды.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар
Шетелдік жобалар отандық көрермен үшін көбінесе ойын-сауықтық сипатқа ие. Үздік үштік: Евразия бірінші арнасындағы «Поле чудес» шоуы, 31 арнадағы «Рио 2» мультфильмі және Мир арнасындағы «Игра в кино».

Түрік және ресейлік сериалдар арналардың эфир кестесінде басым. Жетінші арна көрермендердің көңілін «Бесценное время» және «Великолепный век. Кесем» сериалдарымен баурап отыр. Евразия бірінші арнасы болса, «Фальшивая нота» және «Телохранитель» сериалдарымен 1-ден 4-ке дейінгі орындарды иеленді.
