ТОП-10 арналар

КТК апталық рейтингте бірінші орынды сақтап қана қоймай, жалпы арналық рейтинг пен көрермен аудиториясын қамту көрсеткішін жақсартты. Евразия бірінші арнасы екінші орында қалды, бірақ оның жалпы рейтингі өткен аптамен салыстырғанда төмендеді. Үшінші орында – «Жетінші арна», ол да көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты өз позициясын жоғалту қаупінде.

ТОП-10 жаңалықтар және ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

КТК жаңалықтар бағдарламаларының рейтингін күшейтіп, тағы да апталық тізімнің көшін бастады. Екінші орында айтарлықтай артта қалған Евразия бірінші арнасының «Главные новости» бағдарламасы. Үшінші орын – 31 арнаның «Informburo» жобасына тиесілі.

Биыл алғаш рет ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың ТОП-10-дығында алғашқы бес орынды 24KZ арнасының жобалары иеленді. ТОП-3-ке «Арнайы жоба», «Акценты» және 28 шілдедегі «24KZ Таңы» кірді.

ТОП-10 ойын-сауық бағдарламалары

Аптаның үздік әзіл-сықақ жобалары – «Әзілің жарасса» және «Әзіл әлемі театры» концерті («Жетінші арна»). Үшінші орында – 31 арнаның «Алдараспан» шоуы.

Ойын-сауық бағдарламалары рейтингінде көшті Qazaqstan арнасының танымал ойыны «Jaidarman» бастады. Екінші орында – НТК-ның «Қызық Live» бағдарламасы, үздік үштікті КТК-ның «Кел, шырқайық!» жобасы түйіндеді.

ТОП-10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

Тамыз басы Qazaqstan, Жетінші арна, КТК, Той Думан және басқа да арналардың музыкалық бағдарламаларымен ерекшеленді. Бірінші орында – «Жұлдызды жұп» дуэттер концерті, екінші – «Жарқыраған жұлдыз», үшінші орында – «Әндер мен жылдар» концерті.

Евразия бірінші арнасының дүйсенбі және бейсенбідегі таңғы бағдарламалары ең жоғары рейтингке ие болды. Үшінші орында – Qazaqstan арнасының 1 тамыздағы «Бурабай баурайында» бағдарламасы.

ТОП-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағдарламалар

Әлеуметтік-экономикалық жобалар рейтингінде дәстүрлі түрде Евразия бірінші арнасының «Koremiz Show» шоуы көш бастайды. Екінші орында – Qazaqstan арнасының «Ақорда» бағдарламасы, үшінші орында – КТК арнасының «Было дело» жобасы (айырмашылығы небәрі жүзден бір пайыз).

Басқа телебағдарламалар тізімінде дәстүрлі түрде көпшілік орын Balapan арнасына тиесілі. Оның «A.I.dos», «Сынақ алаңы», «5/5. Математика деген не?» сияқты балалар жобалары мультсериалдар мен өзге бағдарламаларға қарағанда жас көрермендерден көбірек назар аударды.

ТОП-10 қазақстандық сериалдар мен фильмдер

Qazaqstan арнасы алғашқы үш орынды «Ақжауын» (1 және 2 маусым) және «Көзайым» сериалдарымен иеленді. Сонымен қатар ТОП-10-да НТК («Патруль»), Хабар, Balapan және КТК арналарынан да жобалар бар.

Көркем фильмдер арасында ең көп қаралымды «Мир» арнасы көрсеткен қазақстан-ресейлік бірлескен «Американская дочь» фильмі жинады. Екінші орында – 31 арнаның «Адал алаяқтар» фильмі, үшінші – Astana TV және «Senbe» фильмі.

3 тамыз, жексенбі күні Евразия бірінші арнасы көрсеткен «Бауырластық» деректі фильмі өткен аптадағы ең жоғары рейтингке ие болды.

ТОП-10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Шетелдік өнімдерден құралған ТОП-10 тізімінің жартысы Евразия бірінші арнасына тиесілі. Оның ішінде бірінші және екінші орында «Поле чудес» және «Жить здорово» шоулары тұр. Үшінші орында – Qazsport арнасының УЕФА Чемпиондар лигасының трансляциясы.

КТК 29 шілдедегі эпизодымен «Шеф. Мужская работа» сериалы арқылы ең жоғары рейтингке ие болды. Ал Жетінші арна бірден үш орынға (екінші, үшінші, төртінші) жайғасып, «Стамбұл қалыңдығы», «1001 түн» және «Ғажайып ғасыр. Кесем» сериалдарын ТОП-қа шығарды.

Перевод
Facebook
Instagram