2025 жылдың 1-7 қыркүйек аралығында Қазақстандық телеарналардың жалпы деңгейі көрермен тарапынан жаңалықтар мен ойын-сауықтық бағдарламаларға деген тұрақты қызығушылықты көрсетті. Апта қорытындысы бойынша ең көп көрермен жинап, жалпы рейтингте 100 мыңнан астам аудиториясымен көш бастап тұрған Еуразия бірінші арнасы болды.

Ақпараттық бағдарламалар ішінде қоғам назарын аударған арналар қатарында КТК мен Еуразия бірінші арнасының жаңалықтары рейтингтің басында тұр. Бұл көрермендердің ақпараттық бағдарламаларға деген сенімінің жоғары екенін және олардың өзекті мәселелерді жедел жеткізе алатынын дәлелдейді.

Аналитикалық жобалар қатарында Еуразия бірінші арнасындағы «Аналитика» және «Асау жаңалықтар», сондай-ақ КТК арнасындағы «Портрет недели» бағдарламалары алдыңғы орындардан көрінді. Бұл көрермендердің түрлі оқиғаларды тереңірек талдауға, сараптамалық пікірлерге деген қызығушылығының артып келе жатқанының белгісі.

Ойын-сауықтық бағыттағы жобалар да көшбасшалыр қатарында. Үздік ондықтағы бағдарламалардың жақсы нәтиже көрсетуі қарапайым халықтың әзіл мен ой салатын отбасылық контентке айтарлықтай сұраныстың бар екенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ музыкалық бағдарламалар да халықтың назарына ілінген.


Көрермен көзайымына айналған отандық телехикаялар көпшілікті көп жылдан бері қызықтырып келеді. Солардың ішінде Хабар арнасынан көрсетілген «Келінжан-6» және Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Ақжауын-3» телехикаялары аптаның ең көп тамашаланған драмалық жобалары атанды.


Жалпы, апта бойы көрсетілген жобалар мен бағдарламалар аудиторяның қызығушылығын арттырып, жаңалықтар, аналитика, ойын-сауық және музыка бағытында теңдей бөлінгенін көрсетті. Қазақстандық телеарналар аудитория талғамына сай жұмыс істеп, түрлі форматтарда отандық контент өндіруді қарқынды дамытып келеді.