8–14 қыркүйек аралығындағы телевизиялық рейтингтер: қазақстандық көрерменнің таңдауы қандай болды?
Қыркүйектің екінші аптасында қазақстандықтар бұрыннан таныс жаңалықтар, отандық сериалдар мен сараптамалық бағдарламаларды көбірек көрген. Телеметриялық мәліметтерге сәйкес, эфирде Еуразия бірінші арнасы, КТК және Qazaqstan арналары көш бастап, прайм-таймда аудиторияның назарын ұстап тұрды.

Жаңалықтар өз орнын бермей келеді
Ақпараттық бағдарламалар көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие екенін тағы бір мәрте көрсетті. Рейтинг нәтижесіне сүйенсек: Бірінші орында КТК арнасының «Жаңалықтар» бағдарламасы (2,67%). Екінші орында Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» (2,26%). Ал үшінші орында орыс тіліндегі «Главные новости» (1,73%). Сондай-ақ үздік бестікке 31 арнадағы «Informburo» мен КТК арнасының кешкі «Жаңалықтары» енген.

Аналитикалық бағдарламалар да көрермен тарапынан сұранысқа ие
Саяси және әлеуметтік тақырыптарды талқылайтын бағдарламалар өз көрерменін сақтап отыр. Еуразия бірінші арнасындағы «Парламент Online» жақсы нәтиже көрсетіп, 1,60% жинады. Ал Astana арнасындағы «Sarap times» 0,64% көрсеткішпен үздік үштікке енді. Бұл көрермендердің тұрақты екенін көрсетеді.

Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар арасында ең жоғарғы нәтиже көрсеткен Еуразия бірінші арнасындағы «Kөremіz show» бағдарламасы дүйсенбі күні кешкі эфирде 6,3%жинаған. Екінші орында 31 арнадағы «Әділдік алаңы». Сейсенбі күні эфирге шыққан бұл бағдарлама 5,9% көрсеткішке ие болып, халықтың әділдік пен құқықтық көмекке деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Қазақстандық телехикаялар: «Келінжан» қайтадан үздік бестіктің ішінде
Көркем контент арасында Хабар арнасындағы «Келінжан-6» көш бастап тұр — 1,52%. Сондай-ақ рейтингте: Ұлттық арнадағы «Ақжауын-3» — 0,75%; КТК арнасындағы «Соңғы ойын» — 0,44% көрсеткен. Отандық телехикаялар, әсіресе кешкі уақыттарда, тұрақты аудитория жинауда.

Өз көрермені бар ән мен әзіл
Музыкалық контент тұрақты түрде өз көрерменін тартуда. Хабар мен Qazaqstan арналары ұсынған концерттік бағдарламалар 0,85%-ға дейін рейтинг жинап, орташа көрсеткіш көрсетті. Ал әзіл жанрындағы бағдарламалар «Ризамын» мен «31 әзіл» 0,12%-дан төмен рейтингпен шектеліп отыр.

Отандық фильмдер: демалыс күндері эфирге шықты
Қыркүйектің екінші аптасында отандық көркем фильмдер телеарналардың кестесінде маңызды орын алды, әсіресе демалыс күндері. Рейтинг бойынша көшбасшы — Astana телеарнасындағы «Сен маған керексің» фильмі — 0,61%. Бұл апта ішіндегі отандық фильмдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. 31 арнадағы екі бірдей отандық көркем фильм «Родной 2» коммедиясыекінші орынды иеленіп 0,49%—ды көрсетсе, үшінші орында — «Жеті гүл» 0,24% — бен үздіктер қатарында.

Отандық фильмдердің рейтингі сериалдар мен жаңалықтарға қарағанда төмен болғанымен, демалыс күндері күндізгі және кешкі эфирде көрермен қызығушылығын тудырып, тұрақтылық танытып отыр.