Күздің соңғы аптасының қорытындысы бойынша көш басында әлі де Еуразия бірінші арнасы тұр, одан кейін КТК мен Жетінші арна орналасқан. Мир және Қазақстан арнасының рейтингінде көрсеткіштер күшейіп, олар рейтингтің ортасында өз позицияларын нығайтты. Balapan және Almaty TV өздерінің аудиторияларын сақтап қалды.

Жаңалықтар

Жаңалықтар блоктарында ірі арналардың дәстүрлі кешкі шығарылымдары сенімді түрде алда келеді. КТК мен Еуразия бірінші арнасы тағы да күнделікті ақпараттың негізгі көздері екенін дәлелдеді.

Ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар

Бұл категорияда Еуразия бірінші арнасы айқын басымдық танытты — апталық аналитикадан бастап парламенттік шолуларға дейін бірнеше мықты жобаларын көрерменге ұсынды. КТК «Портрету недели». бағдарламасының арқасында позициясын нығайтты. Рейтингке жаңа кірген арна — Atameken Business экономика мен жаһандық оқиғаларға бағытталған мамандандырылған форматтарымен көзге түсті.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар

Еуразия бірінші арнасы және Qazaqstan әлеуметтік және саяси бағыттағы форматтарды белсенді дамытты — тікелей диалогтар мен мемлекеттік органдардың қызметі туралы жобалар соның қатарында. КТК публицистикалық бағытқа көбірек көңіл бөлді, ал 24 KZ және өзге арналар өзге де жобалар ұсынды.

Ойын-сауық бағдарламалары

Ойын-сауық бағдарламалар әртүрлі жастағы және мәдени топтарды біріктіретін жанр. Бұл категорияда дәстүрлі түрде Жетінші арна мен КТК көш бастап тұр. Рейтингтің дебютанты – Alatau TV.

Ойын-сауық шоу бағдарламалары

Бұл санат форматтардың әр алуандығымен ерекшеленеді: ток-шоулар, жастар жобалары, lifestyle және отбасылық бағдарламалар. Жаңа кірген арна – Jibek Joly бірден екі жобамен топқа енді. Сонымен қатар, Balapan арнасы да ойын-сауық бағдарламаларының тізіміне кіргенін атап өткен жөн.

Музыкалық бағдарламалар

Концерттер мен тақырыптық кештер аптадағы маңызды оқиғалардың біріне айналып, көрерменді экранға жинайды. КТК мен Qazaqstan арналарындағы музыкалық кештер қарашаның соңғы аптасында аудиторияның көп бөлігін өзіне тартты. Жалпы, музыкалық бағдарламалар — демалыс күндерінің маңызды бөлігі.

Қазақстандық сериалдар

КТК және Qazaqstan танымал сериалдар өндірісінде тағы да алда келе жатқанын көрсетті. Одан бөлек жаңа жобалар мен бұрыннан белгілі хикаялардың жалғасы эфирге жол тартады. Astana TV сенімді түрде үздік үштікке кірді.

Қазақстандық фильмдер

Бұл аптадағы басты жаңалық — Alatau TV арнасының топқа кіруі. Арна бірден бірнеше жобамен: «Әйгерім», «Шымкентский вариант» және  «Майдангерлер»  көзге түсті. Жалпы, қазақстандық фильмдер тұрақты түрде эфирге шығып, көрерменнің отандық сюжеттер мен мәдени мотивтерге деген сүйіспеншілігін дәлелдеуде.

Перевод
Facebook
Instagram