Көшбасшы телеарналар

Бірінші орынды Еуразия бірінші арнасы иеленді рейтинг 0,56%, үлес 12,13%. Екінші орында  КТК рейтинг 0,53%, үлес 11,48%, үшінші орында Qazaqstan рейтинг 0,52%, үлес 11,29%. Аптаның басты жаңалығы  Qazaqstan ұзақ уақыт бойы алғашқы үштікте болған Жетінші арнаны ығыстырды.

Жаңалықтар

Телевизиялық жаңалық бағдарламалары қазақстандықтар үшін әлі де ең сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Апта көшбасшысы «Басты жаңалықтар» бағдарламасы Еуразия бірінші арнасында рейтинг 2,59%. Одан кейін КТК жаңалықтары рейтинг 2,42% және «Басты жаңалықтар» қазақ тіліндегі шығарылымы Еуразия бірінші арнасында рейтинг 1,43% көрсетті.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар

Талдамалық жобалар көрермендер арасында тұрақты сұранысқа ие. Бірінші орынды «Parlament Online» Еуразия бірінші арнасында рейтинг 1,67% иеленді. Кейінгі орындарда «Аналитика» Еуразия бірінші арнасында рейтинг 1,23% және «Апта портреті» КТК арнасында рейтинг 0,90%-ды құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық жобалар

Апта көшбасшысы — «Koremiz show» Еуразия бірінші арнасында рейтинг 1,23%. Екінші орында «Ақорда» Qazaqstan арнасында рейтинг 1,21%, үшінші орында — «Қос палата» Qazaqstan арнасында рейтинг 0,90%. Осы аптада Qazaqstan арнасы аталған санатта 7 позицияны иеленіп, ерекше белсенділік көрсетті.

Көңіл көтеретін бағдарламалар

Апта үздігі  «Алдараспан» КТК арнасында рейтинг 0,92%. Екінші орында «Үздік әзілдер» Almaty TV арнасында рейтинг 0,60%, үшінші орында  «Әзілің жарасса» Жетінші арнада рейтинг 0,36%. 31 арна аптаның әзіл-сықақ бағдарламалары рейтингінде 5 орынды иеленді.

Ойын-сауық бағдарламалары

Аптадағы үздік үштік:
1-орын — «QosLike» Еуразия бірінші арнасында рейтинг 1,20%,
2-орын — «Қазақ аруы – 2025» Хабар арнасында рейтинг 0,86%,
3-орын — «Қызық екен…» Qazaqstan арнасында рейтинг 0,67%.

Музыкалық бағдарламалар

Апта көшбасшысы  «Ұнайды маған cover кеші» Qazaqstan арнасында рейтинг 1,72%. Одан кейін «Көңіл толқыны» Qazaqstan арнасында рейтинг 1,24% және «Тоқтар Серік – 50 жас» Astana TV арнасында рейтингі 1,19%.

Танымдық бағдарламалар

Бірінші орынды «Dimash» Qazaqstan арнасында рейтинг 1,60% иеленді. Екінші орында «1001 түн» Qazaqstan арнасында рейтинг 0,94%, үшінші орында «Балалық шақ оянатын мекен» Astana TV арнасында рейтинг 0,84%. Бұл санатта Qazaqstan арнасы айқын басымдық көрсетті.

Отандық сериалдар

Апта көшбасшысы — «Келінжан-6» Хабар арнасында рейтинг 0,93%. Екінші және үшінші орында Qazaqstan арнасының екі бірдей телехикаясы жайғасты «Жалған өмір» рейтинг 0,73%, болса, «Сезім толқыны-2» рейтингі 0,55% көрсетіп алға шықты.

Отандық фильмдер

Апта көшбасшысы — «Той boy» 31 арнада рейтинг 0,76%. Екінші орында «Малай» Qazaqstan арнасында рейтинг 0,73%, үшінші орында  «Ауылбайский участковый» 31 арнада рейтинг 0,63%. Осы аптада бұл санатта 31 арна мен Astana TV үш орыннан иеленді, сондай-ақ рейтингке Alatau TV арнасы алғаш рет енді.

Перевод
Facebook
Instagram