*Халқы 100 000-нан асатын қалалар және 6 жастан жоғары көрермендерге арналған
29 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейінгі мерекелік аптада Қазақстанның телевизиялық кеңістігі ерекше мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Көрермендер жаңалықтар, концерттер және көркем контент үйлесім тапқан ірі ұлттық телеарналарды таңдады. Аптаның басты оқиғасы – Президенттің Жаңа жылдық құттықтауы болса, ойын-сауық сегментінде юморлық бағдарламалар мен мерекелік концерттер жоғары сұранысқа ие болды.

Аптаның басты жаңалығы – рейтингтегі көшбасшылар үштігінің өзгеруі. Қазіргі үздік үштік: Жетінші арна, Еуразия бірінші арнасы және 31 арна. Сонымен қатар Balapan мен Almaty TV арналар ондықтан шығып, олардың орнын Хабар мен Jibek Joly телеарналары басты.
Ақпараттық бағдарламалар
Рейтинг көшін Еуразия бірінші арнасындағы «Басты жаңалықтар» бастап, ең көп аудитория жинады. Одан кейін КТК арнасындағы «Жаңалықтар» мен дәстүрлі үздік үштікке өзгеріс енгізген Мир арнасының жаңалықтары орналасты. Сондай-ақ алғашқы ондыққа 31 арнадағы «Informburo» және Жетінші арнаның жаңалықтары нық енді. Бұл жаңалықтар сегментіндегі бәсекенің жоғары екенін көрсетеді.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламалар
Талдау бағдарламалары арасында көшбасшылықты Atameken Business арнасындағы «Арнайы репортаж» иеленді. Одан кейін Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Апта» және Atameken Business арнасындағы «Арнайы репортаж» бағдарламалары тұр. 24 KZ арнасы бірден бес жобасын үздік ондыққа енгізіп, өз позициясын едәуір нығайтты. Ал ондықты Turkistan арнасындағы «Turkistan 24» бағдарламасы түйіндеді.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар
Аптаның абсолютті көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауы болды. Мемлекет басшысының үндеуі барлық арналарда рекордтық рейтинг жинап, 6,7%-ға дейін жетті. Бұл аптадағы басты медиаоқиға әрі ел бірлігінің символына айналды. Президенттің үндеуін көрермендер ең көп таңдаған арналар: Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan, 31 арна.

Әзіл-ысқақ бағдарламалары
Ойын-сауық сегменті, әсіресе юморлық жобалар, дәстүрлі түрде жоғары рейтинг жинады. Абсолютті фавориттер – «Шаншар»бағдарламасы Astana TV және КТК арналарында, сондай-ақ «Алдараспан» бағдарламасы 31 арнада көрсетіліп, олардың шығарылымдары 1,4%-дан жоғары рейтинг жинады.Тұрсынбек Қабатовтың концерттері мен Jibek Joly арнасындағы бағдарламалар да көрермен ықыласына бөленіп, халықтық юмор жанрының сұранысын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл категориядағы рейтингтің алғашқы төрт орны 31 арнаға тиесілі болды.

Басқа ойын-сауық форматтарында аптаның көшбасшысы Хабар арнасындағы «Қызық премия» атанып, 1,7%-дан жоғары рейтингке жетті. Сондай-ақ үздік қатарға Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike»және Жетінші арнадағы Динара Сәтжанның Late Night Show бағдарламасы енді.

Музыкалық бағдарламалар
Мерекелік күндері музыкалық бағдарламалар да кең аудитория жинады – үздік бағдарламалардың барлығы 1,3%-дан жоғары рейтинг көрсетті. Бірінші орынды Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Сағындырған әндер-ай» концерті иеленіп, оның рейтингі 2,3%-дан асты. Сондай-ақ Жетінші арнадағы «Жетіншіде жаңа жыл түні» және Qazaqstan арнасындағы «Жақсылықпен кел, жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық концерттер жоғары позицияларын сақтап қалды.

Отандық телехикаялар мен фильмдер
Қазақстандық сериалдар арасында көшбасшы Жетінші арнадағы «Ыстық ұя» сериалы болып, 2,5%-дан жоғары рейтинг жинады. Ал үздік ондықтағы келесі бес орынды Qazaqstan арнасының түрлі отандық сериалдарының шығарылымдары иеленді.

Кино көрсетілімдерінде Жетінші арна мен Astana TV арналарында көрсетілген «Таптым-ау сені 2» фильмі алға шығып, 2,3%-дан жоғары рейтингке қол жеткізді. Одан кейінгі төрт орынды қатарынан Qazaqstan арнасының көрермен сүйіп көретін фильмдер топтамасы иеленді.
