Қазақстанның қалалары мен ауылдары, 0+, 6 жастан жоғары аудитория
Аталған аптада теленарықтың тұрақты бәсекелестік моделіне көшкені байқалады. Бұған дейін өсім негізінен жаңалықтар арқылы қамтамасыз етілсе, қазір тұтыну құрылымы күрделене түсті: бір мезгілде үш негізгі бағыт — жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық контент және телесериалдар — күшейіп отыр. Аптаның басты үрдісі — ақпараттық сегменттің жетекші рөлі сақтала отырып, сұраныстың әртараптануы.
Арналардың жалпы рейтингінде айтарлықтай қайта бөлініс орын алды. Көшбасшылықты «Еуразия» Бірінші арнасы» сақтап қалды (0,6% және үлесі 13,93%), әрі өз позициясын нығайтты. Ал КТК төртінші орынға түсіп (0,46% және 10,78%), «Qazaqstan» (0,47% және 11,01%) мен «Жетінші арнаға» (0,47% және 10,89%) жол берді.

Жаңалықтар сегменті негізгі драйвер ретіндегі мәртебесін сақтағанымен, белгілі бір өзгерістер байқалады. Енді «Еуразия» Бірінші арнасы» бастап тұр: «Главные новости» 2,32%, «Басты жаңалықтар» 2,25% көрсеткішке жетті. Ал «Qazaqstan» арнасындағы «Ақпарат» (2,13%) үшінші ықпалды орталық ретінде қалыптасуда.

Ақпараттық-талдамалық бағыт тұрақты, бірақ салыстырмалы түрде баяу өсімді көрсетіп отыр. «Еуразия» Бірінші арнағы» «Парламент Online» (1,91%) көшбасшылықты сақтап, жаңалықтар деңгейіне жақындай түсті. «Qazaqstanдағы» «Апта» (1,67%) екінші орында, ал «Аналитика» (1,18%) үшінші орынға жайғасты.

Әлеуметтік-экономикалық контент айтарлықтай күшейіп, екінші негізгі драйверге айналып келеді. «Koreimiz show» (1,98%) үздік жаңалықтар деңгейіне жақындап, маңызды сигнал берді. «Qazaqstan» «Әлем және біз» (1,36%), «Қос палата» (0,77%) жобалары арқылы мазмұнды топ қалыптастырса, «Еуразия» Бірінші арнасы» форматтар арқылы позициясын ұстап отыр.

Ойын-сауық сегментінде «QosLike» (1,64%) айқын алға шығып, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар деңгейіне жақындаған жалғыз жобаға айналды. Қалған жобалар — «Қайырлы кеш» (Qazaqstan), «Жүзден жүйрік» (Balapan), «Cover show» (Хабар) — 0,7–1,1% аралығында екінші эшелонды құрайды.

Әзіл-сықақ сегментінде тоқырау байқалады. Ең жоғары көрсеткіш 0,54%-дан аспайды («Шаншар», Almaty TV), ал жобалардың басым бөлігі 0,4%-дан төмен деңгейде.

Музыкалық сегмент өткен аптамен салыстырғанда күтпеген өсім көрсетті. «Qazaqstan» арнасы «Cover show» (1,22%), «Көкжиектен асқан үн» (1,15%), «Ән-думан» (1,06%) жобаларымен мықты блок қалыптастырды. КТК концерттік форматтар арқылы (1,04% және 0,81%) өз позициясын күшейтті.

Телесериалдар аудитория шоғырланатын негізгі алаң болып қала береді. «Qazaqstanдағы» «Қыздың жолы» 2,09% көрсеткішке жетіп, аптадағы барлық жанрлар арасындағы ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл ретте «Streetxana» (0,81%) мен «Жат бауыр-2» (0,68%) жобаларынан айырмашылығы бірнеше есеге жетеді.

Киносегментте «Astana TV» негізгі ойыншы ретінде айқын көрінді. Топтағы жобалардың басым бөлігі осы арнаға тиесілі, оның ішінде көшбасшы — «Кімге керексің?» (1,41%). Бұл — сирек кездесетін құбылыс: контент бір жанр ішінде емес, бір арна аясында шоғырланған. Бұл арнаның нақты әрі дәл бағдарламалық стратегиясын көрсетеді.
