Бүгін Ұлттық медиа қауымдастығы 2025–2026 жылдардағы телевизиялық маусымның қорытындысын шығарып, отандық телевидениенің үздік жобаларын жариялады.

Телекөрермендердің қалауын зерттеу нәтижелері бойынша түрлі номинациялардағы жүлделі орындардың басым бөлігін «Бірінші арна Еуразия», Qazaqstan, КТК және Жетінші арна жобалары иеленді. Маусым бойы дәл осы телеарналар көрермендерге ең сұранысқа ие ақпараттық, сараптамалық, көркем және ойын-сауық контентін ұсынды.

2025–2026 жылғы маусым жеңімпаздары қазақстандық және бірлескен өндірістегі, отандық телеарналар эфирінде көрсетілген тележобалар арасынан анықталды.

Жеңімпаздар телекөрсетілім рейтингтері мен Ұлттық медиа қауымдастығының Сарапшылар кеңесі әзірлеген телевизиялық өнімдерді іріктеу критерийлері негізінде анықталды.

Цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілердің қарқынды дамуына қарамастан, телевидение қазақстандық миллиондаған көрермен үшін ақпарат пен ойын-сауықтың маңызды көзі болып қала береді. Телевизиялық контентке деген жоғары сенім деңгейі ел бойынша аудитория көрсеткіштерінің тұрақтылығымен расталып отыр.

«Үздік телеарна» номинациясы бойынша маусым көшбасшылары

Бұл телеарналар маусым бойы ең көп аудиторияны тартып, көрермен қызығушылығын тұрақты сақтай алды.

«Үздік күнделікті жаңалықтар бағдарламасы» номинациясы бойынша жеңімпаздар

«Үздік сараптамалық бағдарлама және апталық оқиғалар шолуы» номинациясы бойынша

Отандық өндірістегі көркем фильмдер де көрермендер арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. «Үздік телевизиялық фильм» номинациясының жеңімпаздары

Сериалдар телевизиядағы ең танымал жанрлардың бірі болып қала береді. 2025–2026 жылғы маусымда көрермендер төмендегі жобаларды жоғары бағалады. «Үздік телесериал» номинациясы бойынша

Қазақстандық аудитория арасында ел тарихы, мәдениеті мен дамуына арналған деректі фильмдер де ерекше қызығушылық тудырады. «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша

Ойын-сауық контенті телеарналар эфирінде маңызды орын алуды жалғастыруда. «Үздік бағдарлама. Жұмыс күндері. Off Prime Time» номинациясы бойынша

«Үздік бағдарлама. Демалыс күні. Off Prime Time» номинациясы бойынша

«Үздік бағдарлама. Жұмыс күндері. Prime Time» номинациясы бойынша маусым көшбасшылары

«Үздік бағдарлама. Демалыс күні. Prime Time» номинациясы бойынша

Ұлттық медиа қауымдастығы шығармашылық ұжымдарды, журналистерді, продюсерлерді, режиссерлерді және телеарна басшыларын 2025–2026 жылғы маусымдағы жоғары жетістіктерімен құттықтап, жаңа табысты жобалар, кәсіби жетістіктер және көрермендердің одан әрі қолдауына ие болуды тілейді.

Перевод
Facebook
Instagram