2026 жылғы 10 қыркүйекте Астанада Ұлттық медиа қауымдастығы «Цифрлық бәсекелестіктегі теледидар: даму перспективалары» атты конференция өткізеді. Конференция медиасаладағы негізгі өзгерістерді, цифрлық ортадағы медиаөлшемдердің дамуын және теледидар нарығының болашағын кәсіби талқылауға арналған алаңға айналады.
Бағдарламада:
● медиасаланың өзекті мәселелерін талқылау;
● цифрлық ортадағы өлшеу жүйесінің дамуы;
● телеарналардың жаңа маусымын таныстыру.
Іс-шара оффлайн форматта өтеді. Көрермендер үшін Ұлттық медиа қауымдастығының ресми сайтында тікелей эфир ұйымдастырылады.
Күні: 2026 жылғы 10 қыркүйек
Уақыты: 09:30-дан 13:30-ға дейін
Орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, 21-қабат, конференц-зал.
Аккредитация: қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 31 тамызға дейін z.bayanova@nma.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Өтінімде қатысушының Т.А.Ә., өкілдік ететін компанияның атауын көрсету қажет. Залдың сыйымдылығы шектеулі болғандықтан, бір компаниядан үш адамнан аспайтын өкіл қатыса алады.
Конференцияның толық бағдарламасы қоса беріледі.
Байланыс тұлғасы:
Зарина Баянова
Телефон: +7 701 409 31 13
Электрондық пошта: z.bayanova@nma.kz

