Қазақстанның қалалары мен ауылдары, 0+, 6+ аудиториясы

Шілде айында еліміздің ірі телеарналары арасындағы бәсеке жоғары деңгейде сақталды. Дегенмен маусым айымен салыстырғанда, шілдеде көшбасшылар арасындағы айырмашылық айқынырақ байқалды. Жалпы телеарналар рейтингінде Astana TV 0,40% көрсеткішімен және 10,72% аудитория үлесімен бірінші орынға шықты. Екінші орында «Жетінші арна» — 0,39% рейтинг және 10,42% аудитория үлесі. «Еуразия» Бірінші арнасы мен КТК арналарында рейтинг көрсеткіші бірдей — 0,36%. Алайда аудитория үлесі бойынша «Еуразия» Бірінші арнасы сәл алда: 9,71% қарсы 9,64%. Келесі орынды Qazsport пен Qazaqstan бөлісті — екі арнаның да рейтингі 0,34%.

Жаңалықтар сегменті. Шілде айында жаңалықтар бағдарламалары арасында КТК арнасындағы «Новости» абсолютті көшбасшы атанды. Бағдарламаның орташа рейтингі 0,82%, эфирге 43 рет шыққан. Екінші орында 31 арнадағы Informburo — 0,41% рейтинг және 39 шығарылым. Үшінші орынға «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Главные новости» бағдарламасы жайғасты — 0,40% және 53 шығарылым. Үздік ондыққа сондай-ақ «Мир» арнасындағы «Новости» (0,32%) және КТК арнасындағы «Жаңалықтар» (0,31%) енді. Осылайша, КТК жаңалықтар сегментіндегі көшбасшылығын сақтап қалды, ал ақпараттық контент аудиториясы бірнеше ірі телеарна арасында бөлінді.

Ақпараттық-талдамалық сегмент. Бұл бағытта бірінші орынды Qazaqstan телеарнасындағы «Апта» бағдарламасы иеленді — рейтинг 0,61%. Одан кейін «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Парламент Online» (0,54%) және «Аналитика» (0,51%) бағдарламалары орналасқан. Айдың басты нәтижелерінің бірі — Хабар телеарнасының төрт жобасының бірден үздік ондыққа енуі. Атап айтқанда, «Глобальные события» жетінші орынға (0,08%), «7 күн» (қаз.) сегізінші орынға (0,07%), «Қоғам пікірі» тоғызыншы орынға (0,04%), ал «7 күн» оныншы орынға (0,04%) жайғасты. Осылайша, Хабар — шілде айындағы ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың үздік ондығына бірден төрт жобасын енгізген жалғыз телеарна болды.

Әлеуметтік-экономикалық контент. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар арасында «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Законы жизни» көш бастады — рейтинг 0,53%. Екінші орында Qazaqstan арнасындағы «Әлем және біз» (0,48%), үшінші орында — «Ұлттық теледебат-2026. Қазақстанның болашағы — адам капиталы» (0,41%). Үздік ондыққа КТК арнасындағы «Было дело» (0,32%) және «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Анықтаймыз. Руслан Өтепбаймен» (0,30%) бағдарламалары да енді. Бұл сегментте Qazaqstan телеарнасы төрт жобасымен үздік ондыққа еніп, қоғам үшін маңызды тақырыптарды қамтитын контент бағытындағы жоғары нәтижесін сақтап қалды.

Юмористік бағдарламалар. Шілде айындағы юморлық жобалар арасында КТК арнасындағы «Алдараспан…» көш бастады — рейтинг 0,49%. Екінші орында Jibek Joly арнасындағы «Тұрсынбек Қабатов. Сахнада 25 жыл» (0,45%), үшінші орында Astana TV арнасындағы «Әзілін жарасса» (0,43%). Сонымен қатар Astana TV үздік ондыққа «Шымкент Шоу» (0,40%) және «Алдараспан…» (0,25%) жобаларымен енді.

Ойын-сауық бағдарламалары. Әзіл-сықақтан бөлек, түрлі форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында Astana TV арнасындағы Musicom абсолютті көшбасшы болды — рейтинг 0,95%. Екінші орынды «Еуразия» Бірінші арнасындағы QosLike (0,53%), үшінші орынды Qazaqstan арнасындағы «Қайырлы кеш» (0,46%) иеленді. Одан кейін «Жетінші арнасындағы» Late Night Show with Dinara Satzhan (0,30%) және Qazaqstan арнасындағы «Қызық екен…/Qyzyq eken…» (0,26%) бағдарламалары орналасқан.

Музыкалық контент. Музыкалық бағдарламалар мен концерттік жобалар рейтингінде Qazaqstan телеарнасы айқын басымдық танытты. Бірінші орынға «МузАРТ 25 жыл» концерті шықты — рейтинг 0,95%. Екінші орында «Біздің ән. Мирас пен Құралайдың шығармашылық ән кеші» (0,84%). Үшінші орынға «Жетінші арнасындағы» «Қайрат Нұртастың жеке концерті» (0,67%) жайғасты. Үздік бестіктің қатарында Abik Jeksen. Live концерт (0,63%) және Qazaqstan арнасындағы «Ұлытау ұлы. Қыдырәлі Болман. Концерт» (0,61%) бар. Осылайша, Qazaqstan алғашқы бес орынның төртеуін иеленіп, ұлттық музыкалық және концерттік контент бағытындағы жоғары көрсеткішін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сериалдар. Шілде айында сериалдар сегментіндегі көшбасшылық Astana TV арнасына өтті. Алғашқы екі орынды «Аппақ Келін 2» (0,73%) және «Аппақ Келін» (0,66%) сериалдары иеленді. Үшінші орында «Еуразия» Бірінші арнасындағы «Любовь сквозь время!» — 0,56%. Astana TV үздік ондыққа бірден төрт сериалын енгізді. Ал Хабар телеарнасының «Көршілер» сериалы 0,33% көрсеткішімен сегізінші орынға жайғасты.

Кино контенті бойынша шілде айында Astana TV іс жүзінде абсолютті көшбасшы болды. Телеарна айлық рейтингтегі фильмдердің үздік ондығына тоғыз туындысын енгізді. Бірінші орынға «Ғашықпын саған» фильмі шықты — рейтинг 1,31%. Екінші орында «Рэкетир. Новые времена» (1,02%), үшінші орында «Ұялам, но үй алам» (0,99%). Шілде айының басты қорытындысы

Шілде айының негізгі нәтижесі Astana TV телеарнасының позициясын айтарлықтай нығайтуы. Арна жалпы рейтингте бірінші орынға шығып қана қоймай, кино және сериал сегменттерінде де негізгі көшбасшы атанды. Жетінші арнасы жалпы рейтингте екінші орнын бекітті. Qazaqstan музыкалық және қоғам үшін маңызды контент бағыттарындағы мықты позициясын сақтап қалды. Ал Хабар телеарнасы шілде айында әсіресе ақпараттық-талдамалық сегментте ерекшеленді: оның бірден төрт жобасы үздік ондыққа енді. Сонымен қатар телеарна юморлық бағдарламалар мен сериалдар рейтингтерінде де көрінді. Жалпы, шілде айының телерейтингтері қазақстандық көрерменнің ақпараттық, қоғамдық мәні бар, музыкалық және ойын-сауық контентіне деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Перевод
Facebook
Instagram