Қазақстанның қалалары мен ауылдары, 0+, 6+ аудиториясы

Тамыз айының соңғы аптасында еліміздің ірі телеарналары арасындағы күштер арақатынасы тағы да өзгерді. Бірінші орынға 0,37% рейтинг және 11,46% аудитория үлесімен Astana TV көтерілді. Көшбасшыға барынша жақын орналасқан КТК 0,36% рейтинг және 11,35% аудитория үлесімен екінші орынға жайғасты. Ал алдыңғы аптада рейтинг көшін бастаған Жетінші арна бұл жолы 0,35% рейтинг және 10,84% аудитория үлесімен үшінші орынға түсті. Одан кейін Qazaqstan (0,34%; 10,59%), ал бестікті Еуразия Бірінші арнасы (0,30%; 9,37%) түйіндеді. Алғашқы үштік арасындағы айырмашылықтың өте аз болуы көшбасшылық үшін бәсекенің жоғары деңгейде сақталғанын көрсетеді.

Жаңалықтар сегменті. Апта көшін Qazaqstan арнасындағы «Qazaqstan. Aqparat/Ақпарат» бағдарламасы бастады. Оның рейтингі 1,84%-ды құрап, санаттың дәстүрлі көшбасшысы КТК арнасындағы «Новости» бағдарламасын (1,59%) басып озды. Үшінші орынды Еуразия Бірінші арнасындағы «Главные новости» бағдарламасы (1,06%) иеленді. Үздік ондыққа сондай-ақ «Мир» арнасындағы «Новости» (0,93%) және КТК арнасындағы «Жаңалықтар» (0,93%) енді.

Ақпараттық-талдамалық сегмент Хабар арнасы үшін аптаның басты жетістіктерінің біріне айналды. Арна бұл санатта бірінші орын алып қана қоймай, үздік ондыққа бірден төрт жобасын енгізді. Абсолютті көшбасшы — Хабар арнасындағы «7 күн (қаз)» бағдарламасы, оның рейтингі 1,23%-ды құрады. Бағдарлама Qazaqstan арнасындағы «Apta/Апта» жобасынан (0,62%) екі есеге жуық жоғары нәтиже көрсетті. Үздік ондыққа сондай-ақ «7 күн» (0,14%), «Қоғам пікірі» (0,12%) және «Глобальные события» (0,05%) бағдарламалары кірді. Осылайша, Хабар апта қорытындысы бойынша ақпараттық-талдамалық рейтингте ең кең ауқымда ұсынылған телеарна атанды.

Әлеуметтік-экономикалық сегментті Qazaqstan арнасындағы «Әлем және біз» бағдарламасы 1,25% рейтингпен бастады. Екінші орында Qazaqstan арнасындағы «Aqorda/Ақорда» (1,05%), үшінші орында Еуразия Бірінші арнасындағы Koremiz show (0,74%) орналасты. Хабар да жоғары нәтиже көрсетті: «Жұмыр жер» бағдарламасы 0,61% рейтингпен бесінші орынға жайғасты.

Юморлық сегментте алғашқы екі орынды Astana TV иеленді. Көшбасшы — рейтингі 0,72% болған «Үздік әзілдер» бағдарламасы, екінші орында «Алдараспан…» (0,50%). Үшінші орын КТК арнасындағы «Алдараспан…» бағдарламасына (0,31%) бұйырды. Сонымен қатар 31 канал үздік ондыққа бірден төрт жобасын енгізіп, юморлық контент сегментіндегі кең ауқымды қатысуын сақтап қалды.

Өзге форматтағы ойын-сауық бағдарламалары арасында бірінші орынды Еуразия Бірінші арнасындағы QosLike бағдарламасы 0,42% рейтингпен иеленді. Санаттағы басты нәтижелердің бірі Хабар арнасына тиесілі болды: оның жобалары бірден екінші және үшінші орындарды алды. «100 Sarbaz» бағдарламасының рейтингі — 0,12%, ал «Ozger. Меняйся к лучшему» жобасының көрсеткіші — 0,11%.

Музыкалық сегментте Qazaqstan арнасы көш бастап, алғашқы үш орынды толық иеленді. Ең жоғары нәтижені «Жігіттер квартетінің ән кеші» көрсетті — 1,14%. Одан кейін «Көңіл толқыны» (0,73%) және «Қуандық Рахымның шығармашылық кеші» (0,37%) орналасты. Үздік ондықта сондай-ақ КТК, Astana TV және Jibek Joly арналарының жобалары ұсынылды.

Сериалдар сегментінде бірінші орынды Qazaqstan арнасы сақтап қалды. «Сен қасымда болмасаң…» сериалы 1,39% рейтинг көрсетті. Екінші және үшінші орындарды Astana TV жобалары иеленді: «Зу-Зу Күлпәш» (0,75%) және «С любовью, аферист» (0,68%). Хабар сериалдық контенттегі позициясын тағы да нығайтып, үздік ондыққа бірден екі жобасын енгізді: «Келінжан-5» бесінші орынға (0,56%), ал «Келінжан-6» алтыншы орынға (0,49%) жайғасты.

Киносегмент тағы да Astana TV арнасының көшбасшылығымен ерекшеленді. Арна үздік ондықтағы жеті орынды иеленіп, алғашқы бестікті толық қамтыды. Көш бастаған «Таптым-ау сені» фильмінің рейтингі 1,13%-ды құрады. Одан кейін «Болған оқиға» (1,07%) және Bayguys (0,86%) орналасты.

Перевод
Facebook
Instagram