Ағымдағы жылдың 19 мамырында Ұлттық медиа ассоциациясы (бұдан әрі — Ассоциация) «Медиа өлшем. Телевизия нарығының өзекті мәселелері.» тақырыбында Конференция өткізуді жоспарлауда.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 181, «Intercontinental Almaty» қонақ үй кешені, «Астана – 2» Конференц-залы.

Өткізу уақыты: 09-30-дан 13-30-ға дейін.

Конференция офлайн форматта өтеді, спикерлер мен қатысушылар бетпе-бет форматта қатысады, сонымен қатар Ассоциацияның сайтында тікелей трансляция өтеді.

Конференция аясында талқылау өткізу жоспарында:

1. 2022 жылғы медиа өлшеуіштердің қорытындысы. Қазақстан халқының медиа тұтынуының негізгі факторлары.

2. «ТВ индексі 100 000+» деректер базасы жүйесінің халықаралық аудиті. Халықаралық тенденциялар, ерекшеліктер мен нәтижелер.

3. Мемлекеттік тілде жарнама. Аударма ерекшеліктері және оның даму мүмкіндіктері. (бағдарлама қоса беріледі).

Перевод
Facebook
Instagram