Үздік арналар

Ай сайын теледидар рейтингтерінің нәтижелері максималды және орташа рейтинг бойынша бағдарламалардың танымалдылығына байланысты жақсы көрсеткіштерге ие болған. Максималды рейтинг жеке эфирге берілген жобалар көрсеткішін айғақтайды. Арналардың қорытынды рейтингтері жекелеген санаттардағы олардың бағдарламалары көрсеткіштерінің санына байланысты. Сонымен, бірінші орында Еуразия бірінші арнасы (1,17%), екінші орында – КТК (0,69%) және үшінші орында – Astana TV (0,48%).

Үздік 10 жаңалықтар бағдарламасы

Қазақстан телекөрермендерінің Еуразия бірінші арнасы мен КТК-ға деген сенімдері артпаса еш кеміген емес. Еуразиядағы Басты жаңалықтар жоғары рейтингте, КТК жаңалықтары да жоғары және орташа рейтинг бойынша үнемі құрмет тұғырына шығып отыр. Көрсеткіштердің жақсы рейтингін 31 арна, МИР, Qazaqstan, Astana TV жаңалықтары жалғастырады. Бұл ретте қазан айында Qazaqstan арнасындағы Aqparat (134) және Новости МИР (108) жаңалықтарыең көп қаралғандар санатына шықты.

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары ТОП-10

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары әрдайым жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді. Өйткені көрермені көп. Әдетте, олар күнделікті жаңалықтардың қысқартылған нұсқасы екені анық. Әрі аптаның соңында эфирге шығып, кезеңді қорытындылайды. Сондықтан бірінші үштік-Еуразия бірінші арнасымен КТК-ның еншісінде екені қисынды. Олардың қорытынды «Аналитика»сараптамалары, «Парламент Онлайн» және «Портрет недели» жобалары ең жоғары рейтингте өз орындарында тұр. Орташа көрсеткіш бойынша айына шығарылымдардың жалпы саны үшін Еуразия бірінші арнасы өзінің бағдарламаларымен алғашқы төрт жолды иеленді.

Үздік 10 әзіл-оспақ бағдарламасы

Қазан айында «Шымкент-шоудың» үш шығарылымы теледидар экрандарының алдында көптеген көрермендерді жинады. Бұл демалыс күндері (7, 8 және 15 қазан) ҚТК мен Astana TV арналарында көрсетілді. «Алдараспан» орташа рейтинг бойынша ең танымал әзіл-сықақ бағдарламасы болып қала береді. Ондықтағы көшбасшы деуге толық негіз бар. Оның 21 қазанда КТК-ға шыққан бөлімі  екінші көрсеткішке ие – 1,22%, ал 15 Қазанда 31 арнада 9 – шы орында. Айына «Алдараспан» әртүрлі телеарналарда 11 рет көрермен назарына ұсынылған.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

КТК және Еуразия бірінші арналары хитке айналатын ток-шоуларын күшейту жұмыстарын жалғастырып келеді. Олардың тақырыптары әрдайым өзекті, кейіпкерлері қызықты. Бұл сөзімізге дәлелі ретінде бағдарламалардың рейтингтері болып тұр. КТК-да «Астарлы ақиқат», Еуразия бірінші арнасында «QosLike» және «КТКweb» ең жоғары рейтинг бойынша алғашқы үш орынды иеленген. Орташа рейтинг бойынша позициялар сәл өзгерді – бірінші орында «QosLike» 26 шығарылымы, екінші орында «Астарлы ақиқат» 34 шығарылымы және үшінші орында Еуразияның «Dastarxan» кешкі шоуының жалғыз шығарылымын атауға болады.

Үздік 10 музыкалық бағдарлама

X-Factor және Qazaqstan дауысы музыкалық байқаулары көптеген көрермендердің назарын аударады. Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасының «Музыка на ТВ» ең жоғары рейтингі бойынша көшбасшылар сапында (2-ші орын). Көптеген концерттік бағдарламалар теледидарда бір рет шыққанымен, олардың орташа рейтингі өте жоғары. Мысалы, Еуразия бірінші арнасындағы «Әгугай» музыкалық айдары 4 рет шықты, бұл ретте ол 6-орында. Республика күніне орай «Хабар» мерекелік концерт көрсетті, оның орташа рейтингі 0,84%.

Үздік 10 танымдық бағдарлама

23 қазан күні таңертең «Доброе утро, Казахстан» бағдарламасы Еуразия бірінші арнасында (1,34%) ең көп көрермен жинады. Оның орташа рейтингі айына 42 шығу кезінде 0,56%, 5-ші. Бір сағат бұрын эфирге шығатын «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқасының көрсеткіші сәл аз (4-ші орын, 1,03%). Республика күні 31 арнадан көрсетілген «Моя Республика» жобасы да яғни кешкі мерекелік бағдарламасы да осындай жетістікке жетті. КТК-да сұхбат форматында (ең жоғары рейтинг бойынша 3-ші орын) «Динаман дұрыс» жаңа бағдарламасы танымал болып келеді. «МИР» телеарнасының «Озера Алаколь» және «Чарынский каньон»   бағдарламаларының орташа рейтингі — 1,24% және 0,93% осылайша телеарнаны 1 және 3 орынға шығарды.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық бағдарлама

Еуразия бірінші арнасы екі көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрған тағы бір бағыт осы топта. «Koremiz» бағдарламасы айына 42 шығарылыммен ең танымал болды, ал 19 қазанда шығарылымы ең жоғары рейтингті көрсетті. КТК «Было дело» және «Дау-дамаймыз» бағдарламаларымен ең жоғары рейтинг бойынша екінші және үшінші орында тұрақтады. Орташа рейтинг бойынша республика күні Qazaqstan телеарнасында Мемлекеттік Тудың көтерілу рәсімін көрсету және 31 арнада «Пенсия .KZ» тиісінше екінші және үшінші орынды иеленді.

Үздік 10 басқа отандық бағдарламалар

Бұл санатта қазан айында ешқандай шүбәсіз «Balapan» телеарнасына берілді. Анимациялық телехикаялар мен балалардың танымдық шоулары, авторлық бағдарламалар мен балалар арнасының эфиріндегі додалар, түрлі жобаларәрдайым кішкентай көрермендердің қызығушылығын тудырады. Мультфильмдер мен анимациялық сериялардың арасында кейіпкерлер, достар және ойдан шығарылған кейіпкерлер туралы әңгімелер бар. Сондай-ақ, бағдарламалардың көп бөлігі білімді және танымал жетекші балалармен өтетіндіктен өз санатында көрерменді көп жинайды. Айта кетейік, арна барлық мазмұнды мемлекеттік тілде ұсынады.

Қазақстандық үздік 10 сериал

Отандық телехикаялардың ішінде үздік ондықтың төртеуі –«Balapan» телеарнасының балалар сериалдарына тиесіні (2, 3, 6 және 10 орын). Ең жоғары рейтинг бойынша бірінші орында 6 қазан күні эфирге шыққан «Келінжан» хикаясының бесінші маусымының эпизоды тұр. Қазан айында орта есеппен 14 серия үшін0,97% рейтинг жинады. Көпсериялы ленталар арасында «Хабар» телеарнасындағы «Рауза: Сакура-жас өркен» 15 сериясы, НТК-дағы «Мошенникий» сериалының  11 сериясы, «Балапандағы»«Вундеркинд бала» 21 сериясы және КТК-дағы «Пленники» телехикаясының 21 сериясы орташа рейтинг бойынша ондыққа кірді.

Үздік 10 қазақстандық фильм

Қазан айында астаналық «Astana TV» арнасы бес кинокартинамен бірден ең жоғары рейтинг бойынша ондыққа кірді. Алайда «Жетінші арнадан» көрсетілген «Время патриотов» картинасы осы санаттағы бірінші орынға ие болды. Ал 31 арна эфиріне шыққан «Хотя бы кинода-2» комедиясы екінші орын алды. Екі фильм Республика күні, 25 қазанда көрермен назарына ұсынылған еді. Фильмдерді балама уақытта қайта көрсету телеарналар үшін жақсы тәжірибе болып табылады, бұл киноны көрген көрермендердің көбеюіне және рейтингтердің жоғарылауына әкеледі. Мысалы, Qazaqstan «Анаға апарар жол» фильмін үш рет көрсетіп, оның орташа рейтингі екінші тұғырға әкелді.

Үздік деректі фильм

Осы айдағы ең жақсы деректі фильм Еуразия бірінші арнасында 29 қазан күні көрсетілген «Очаг смерти» болды. Сондай-ақ, бұл жоба әр түрлі уақытта барлық республикалық арналардың эфиріне шыққаны белгілі. Фильмді бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Костенко атындағы шахтада болған оқиғадан кейін ҚР Президентінің телерадиокешені түсірді.

Үздік 10 шетелдік бағдарлама

Еуразия бірінші арнасында «Поле чудес» бағдарламасы көштің басын ешкімге бермей тұр. Бір шығарылым үшін 4,03% рейтинг (20.10.23.) барлық беріліс санаттарының ішіндегі ең жоғарысы да осы жоба. Қазан айында барлығы 4 бағдарлама шықты және олардың орташа рейтингі 3,28% ең жақсы көрсеткішке ие. УЕФА лигасы қазан айында Qazsport телеарнасын алға шығарды. 31 арнадағы «Тайна Коко» мультфильмі мен «МИР» телеарнасындағы «Вместе» қортынды бағдарламасы ең жоғары рейтингі бойынша 1,77% көрсеткіш жинап, олар 3 және 4 орындарды иеленді. Орта рейтинг бойынша екінші орында Азия ойындарында әйелдер арасында ауыр атлетикадан жарыстары (Qazsport) көрсетілді.

Үздік 10 шетелдік фильмдер мен сериалдар

Еуразия бірінші арнасы қазан айында біздің көрерменге арналған ең қызықты фильмдер мен сериалдарды көрсетіп, көқпшілікті өз  қарамағына тоғыстыра білді. 10 — нан 7-бұл ең жоғары және орташа рейтинг бойынша осы санаттағы үздік 10-да телеарнаның болуы. Мұның бәрі қазақстандықтардың сүйікті телехикаялары, олардың сюжеті, актерлердің ойнауы және тақырыптары арқылы назар аударатын телехикаялар. 24 қазандағы «Горячая точка-2»  сериалы және «Клянусь любить тебя вечно» ең жоғары рейтингтер жинаған фильмдерге айналды.

Перевод
Facebook
Instagram