Қазақтың қазынасы – домбыра мен күй мәдениеті туралы сыр шертетін «Қазына» жаңа тележобасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Хабар» агенттігі жарыққа шығарды.
Тұсаукесерге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ халқы ғасырлар бойы тарих пен мәдениетті сақтап, оларды күй арқылы жеткізгенін атап өтті.
«Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Домбыра үнінен ұлттық тарихтың бастауы мен Ұлы даланың сан ғасырлық шежіресі естіледі. Халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес. Жүректен шыққан күй ұлттық рухты көтереді» деді. Шынында да күй өнері ел тарихымен бірге өмір сүреді. Біздің міндетіміз – қасиетті өнерімізді насихаттау және болашақ ұрпаққа аманат ету».
«Қазына» тележобасы домбыраны насихаттауға, есімі музыка тарихына алтын әріппен жазылған күйшілердің мұрасын қазақстандықтардың санасында жаңғыртуға бағытталған.
Деректі фильмде 7 мектептің тарихы, оқиғалары мен ерекшеліктері туралы баяндайды.
Айта кетейік, соңғы жылдары күй өнерін зерттеуші ғалымдар мектептер санын 7-ден 12-ге дейін арттырды.
Жобаға өнертану, музыкатану, этнография және тарих ғылымдарының мамандары қатысады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
В Астане презентовали документальный телепроект «Қазына»
Новый телевизионный проект «Қазына», рассказывающий о казахской сокровищнице – домбре и культуре кюя, реализован агентством «Хабар» по заказу Министерства культуры и информации.
Министр культуры и информации Аида Балаева отметила, что казахский народ на протяжении веков сохранял историю и культуру посредством кюев.
«Поздравляя с Национальным днем домбры Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил, что «в звуках домбры мы слышим истоки отечественной истории и многовековую летопись Великой степи. Невозможно представить самобытную культуру и искусство нашего народа без домбры. Во все времена проникновенный кюй возвышал национальный дух».
Действительно, искусство кюя неотделимо от истории страны. Наш долг – пропагандировать и передавать будущим поколениям наше священное искусство», — подчеркнула Аида Балаева.
«Қазына» призван возродить и донести до казахстанцев наследие исполнителей кюев, имена которых золотыми буквами вписаны в историю национальной музыки.
Документальный фильм расскажет об истории, событиях и особенностях семи школ кюя, распространившихся по направлениям шертпе и токпе.
Добавим, ученым, изучающим это искусство, за последние годы удалось увеличить количество школ с 7 до 12.
В проекте принимают участие специалисты искусствоведения, музыковедения, этнографии и исторических наук.
Пресс-служба Министерства культуры и информации РК