ҮЗДІК 10 АРНА
Жаңа жылдағы алғашқы аптаның көшбасшыларүштігі өзгерді деуге болады. Өйткені еліміздегі арналар арқылы көрсетілген мерекелік бағдарламалар мен Жаңа жылдық фильмдер осы өзгерістерге әсер етті деуге негіз бар. НТК екінші орынға көтерілді (0,82%) осылайша Еуразия бірінші арнасы (1,10%) мен Qazaqstan ұлттық арнасының (0,79%) арасына орналасты. КТК өз бағдарламаларының максималды рейтингінде жүзден бір бөлігін жіберіп алды және төртінші орынға ие болды (0,74%). Балапан балалар телеарнасы ондықты қортындылап тұр.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР
Еуразия бірінші арнасының «Басты жаңалықтары» мен «Главные новости» жаңалықтар топтамасы жылдың үздік үштігіне ілігуден бастады. КТК жаңалықтары — 3 қаңтардағы шығарылым үшін ең жоғары рейтингі 2,91% жинап екінші орынға жайғасты. Жаңа жылдық мерекелерден кейінгі алғашқы жұмыс күнінде қазақстандық телекөрерменнің елдегі және әлемдегі оқиғаларға деген қызығушылығы оянды десе болады. Өйткені рейтингтер көрсеткіші осы сөзімізге дәлел.
АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТОП-10
КТК-дағы «Портрет недели» осы санаттағы ең жоғары рейтингті – 1,23% — жинап, жылдың алғашқы аптасында керемет көрсеткішке ие болды. Екінші көрсеткіш – 0,48% — Хабар агенттігінің екі талдамалық бағдарламасында –«7 күн» және «Іс жүзінде». Сондай-ақ, Хабар 24-тегі «Утро 24kz» және «Дневная смена/Күн тәртібі» жобалары мен Atameken Business-тегі «Своими словами. Новости за неделю», «Специальный репортаж» шолу бағдарламалары алдыңғы қатарда.
ҮЗДІК 10 ӘЗІЛ-ОСПАҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1 қаңтарда қазақстандықтар теледидар алдында ойын-сауық контентінде демалды. Мұны әзіл-оспақ бағдарламалары санатының кестесі дәлелдейді, онда жылдың бірінші дүйсенбісінде шыққан әзіл-оспақ бағдарламалары бірден алты жолды алады. Жексенбіде Qazaqstan-да «Әзіл әлемі» бағдарламасын ең көп көрермен тамашалаған.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
КТК-дағы («Астарлы ақиқат», «Кел, шылқайық!», «КТК Web») ток-шоулары, Еуразия бірінші арнасында («QosLike», «Dastarxan»), Balapan («Super отбасы», «Саядан хат») және басқа арналар осы ондықтың қатарында тұр. Атап айтқанда, жаңа жылдық мерекелер арналардың хабар тарату торына ерекше әсер етпеді және көпшілікке таныс ойын-сауық мазмұны трендте қалды.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Концерттік бағдарламалар мен вокалдық шоулар, Жаңа жылдық мерекелік шығарылымдар мен халық сүйетін әртістердің концерттерінің көрсетілімдері ТОП-10 музыкалық бағдарламасын құрады. Бірінші және үшінші орында Еуразиядағы «X Factor» шоуының шығарылымдары. «Ән мен әнші» дәстүрлі концертін Astana TV және КТК көрсетті, бұл жобаларға көрермен ықыласы ерекше. Басқалармен қатар, біз тағы да Balapan балалар арнасының музыкалық хабары ондықтың ішіне енді.
ҮЗДІК 10 ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА
Хабар агенттігінің телевизиялық отбасы осы маусымда көптеген танымдық хабарлар шығарды және осы аптада олардың 8-і осы санаттағы ТОП-10-да. Qazaqstan Ұлттық арнасындағы әріптестері «Жарқын жүздесу» бағдарламасымен бірінші орында және «Tansholpan» таңғы шоуымен бесінші орынға тұрақтады.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуында маңызды және өзекті тақырыптарды жариялауды жалғастыруда. Оның рейтингі 2,66%, бұл осы санаттағы екінші көрсеткіштен үш есе – 1,23%, оған келесі ойыншы ие (КТК-дан «Дау-дамаймыз» бағдарламасы). 1,11% және үшінші орын КТК-да 4 қаңтарда «Было дело» бағдарламасын шығарғаны үшін. Қалған жеті позиция Хабар 24 арнасына және оның әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бағдарламаларына тиесілі екенін атап өткен жөн.
ҮЗДІК 10 БАСҚА ОТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Балапан тағы да бәсекелестерін ығыстырып, басқа он бағдарламада барлық орындарды иеленді. Оның «Qobylandy», «Ақжелкен» және «Тұлым» анимациялық сериялдары бірінші үштікте. Балалар мазмұны қаңтардың басында өзекті, өйткені қазір мектеп оқушылары демалыста және теледидар көруге көбірек уақыт бар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЗДІК 10 СЕРИАЛ
Сериалдарды сүйіп тамашалайтын көрермен үшін қазір түрлі бағыттағы, жанрдағы хикаялар түсіріліп, эфир арқылы беріліп жатыр. Біздің көрермен қазір қазақы болмыстағы дүниелерді тамашалауға құмар. Ағайын арасындағы әңгіме, ауылдағы тіршілік жайлы сюжеттер біздің көрермендерге жақын, оларды қызығушылықпен күтеді және көреді. Танымал сериялардың атаулары бойынша туыстық атауларды да бір еске түсіресіз. Мәселен «Құдаша қыз», «Күйеу бала», «Келінжан» сияқты жобалар ондықта тұр. Сондай-ақ, Балапанның балаларға арналған үш сериалдары да осы санатта бар.
ҮЗДІК 10 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ
Осы аптаның дүйсенбі және сейсенбі күндері қазақстандықтар үшін шын мәнінде мерекелік болды. Халық үйде демалды, теледидар алдында тыныққанды жөн тапты. Барлық көрермендерді 1 қаңтарда Qazaqstan-да «Жар – жар» картинасы жинады — оның рейтингі 2,92%. Айта кетейік, аптаның үздік он фильмінің қатарына Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» сәтті комедиялық франшизасының төрт эпизоды енді. Оларды Astana TV және Jibek Joly көрсетті.
ҮЗДІК ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
Көбіміз жаңа жылдық мереке күндері көңіл көтерер контент көруді немесе демалатын жобалар тамашалауды қалаймыз. Алайда өткен күндер естеліктерінен алыстап кете алмаймыз. Әрбір жерлесіміз үшін қаңтар тек жаңа жылдық мерекелермен ғана байланысты емес. Осыған орай Qazaqstan Ұлттық арнасының қайғылы оқиғалары жайлы «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс арекеті. Оқиға қалай өрбіді» деректі фильмін көрсетті. Фильм жоғары рейтингке ие болды-2,23%.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМА
Көптеген көрермендердің сүйікті ойын-сауық бағдарламаларын Еуразия бірінші арнасының кәсіби командасы құрды. Осы аптада бірден осындай үш бағдарлама шетелдік бағдарламалар рейтингінің бірінші қатарына кірді-бұл «Поле чудес», «Лучше всех» және «Большая разница» сияқты танымал теле жобалар.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
Бірінші кезекте көптеген көрермен Жаңа жылда тамашалау дәстүрге айналған фильмді көруді қалайды. «Один дома 2. Потерявшийся в Нью-Йорке» фильмі жаңа жылдың бірінші күні 31 арнада көрсетілді. Кевиннің оқиғасын әр жолы алғаш рет көргендей теледидарға назар аударатын көрермен саны көп. Сондықтан көрсеткіш те жақсы болды. Одан кейінгі қатарда«Осман-4» және «Қилы күндер» түрік телехикаялары, «Храброе сердце» және «Снежный ангел» фильмдері тұр.