ҮЗДІК 10 АРНА
Көрермен мемлекеттік және коммерциялық арналар деп екіге бөліп-жармайды. Тек қана хабар тарату желісіндегі бағдарламалар, олардың өзектілігі мен танымалдығы ғана ескеріледі. Сондықтан біздің телеарналарымыз жергілікті көрерменнің телевизиялық қалауының объективті бейнесін береді деуге толық негіз бар. Осы аптада көшбасшылар үштігі келесідей көрініс береді: Еуразия бірінші арнасы, КТК, Astana TV.
ҮЗДІК 10 ЖАҢАЛЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Жаңалықтар мен сараптаманы көрермендер кешкі уақытта тамашалауды жөн көреді. Бұл туралы 100 000-нан астам тұрғыны бар қалалардағы телекөрермендердің өлшемдері арқылы аңғаруға болады. Қазақстандықтар Еуразия бірінші арнасы, КТК, Qazaqstan, 31 арна, МИР және Astana TV телеарналарының ақпаратына көбірек назар аударады. Он ақпараттық-сараптамалық бағдарламада іс жүзінде өзгеріс жоқ. Қорытынды және шолуға бағытталған шығарылымдарәрдайым ештеңеге көңілі толмайтын көрермендердің де талаптарын қанағаттандырады және рейтингтердің алғашқы қатарын қамтамасыз етеді.
ҮЗДІК 10 ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Сенбіде «Егіз лебіз» шоуының көрсетілімі 1,82% рейтингке ие болды. Бұл оның өткен аптадағы рейтингінен төмен, бірақ бұл жобаның қайтадан бірінші орынға шығуына кедергі бола алған жоқ. Екінші орында «Шымкент — шоу», одан кейін –«Шаншар». Үш апта бойы осы бағдарламаның мерейтойлық шығарылымдары көрсетіліп жатыр. Десе де көрермендер бұл жобаны ұнатып, көрілім санын көбейьуге ықпал етіп отыр. Олардың барлығы әзіл-сықақ бағдарламаларының ондығына кіреді. Басқа да ойын-сауық бағдарламаларының сапында «Астарлы ақиқат», «QosLike» және «КТК web» фавориттер болып қала бермек.
ҮЗДІК 10 МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАМА
«X Factor» музыкалық шоуының сенбідегі шығарылымы да рейтингін төмендетіп алды. Алайда бірінші орында қалды. Көрермендердің қызығушылығының күрт төмендеуі түсініксіз. Оған көптеген себептер болуы да мүмкін. Бәлкім күн жылы болып, көптеген көрермен сыртта жүрген шығар. Танымдық контентті күшейтіп отырғандар қатарында Еуразия бірінші арнасы, Qazaqstan, El arna бар. Бұл арналар бұрыннан да осы бағытқа көбірек басымдық беретін.
ТОП-10 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛАР
Осы санаттағы бірінші орында 3,70% жоғары рейтингі бар «Koremiz» әлеуметтік ток-шоуы тұр. КТК эфирінен көрсетілген «Было дело» және «Дау-дамайсыз» рейтингтері сәл төмен (1,16% және 1,11%) екінші және үшінші орынға тұрақтады. Ұлттық арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасы жүзден бір бөлікке артта қалды (4 орын).
Жас көрермендерінің арқасында басқа бағдарламалардың санаты толығымен Balapan телеарнасына берілді. Анимациялық фильмдер мен сериалдардың арасында «Ханталапай», «Ibars» балалар бағдарламалары да бар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ФИЛЬМДЕРДІҢ ТОП-ОНДЫҒЫ
«Ауыл мұғалімі» сериалы санат көшбасшысы болып қала береді. Тағы бір жаңалық «Зу-зу Күлпаш» (Astana TV) хикаясы төртінші орыннан жоғары көтерілді. «Теңбіл доп» және «Супер дос» балалар сериалдары содан кейінгі қатарға жайғасты. Бұл ұсынылған сериалдардың барлығы қазақ тілінде түсірілген.
Фильмдер арасында комедиялар көп. Үздік бес фильмді көрермендер жексенбіде тамашалады. Бірінші орында «Я пышка» комедиясы, екінші орында – «Әкім» тұр. Осы екі фильм де елордалық Astana TV арнасында көрсетілген.
Ал үздік деректі фильм 14 ақпанда Almaty TV- эфирінен көрермен назарына ұсынылған әйгілі «Қара майор» Борис Керімбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай түсірілген«Ерлік пен өрліктің шежіресі» атты фильм болды. Борис Төкенұлы КСРО және ҚР Қарулы Күштерінің белгілі полковнигі болған.
ҮЗДІК 10 ШЕТЕЛДІК БАҒДАРЛАМАЛАР, ФИЛЬМДЕР МЕН СЕРИАЛДАР
«Поле чудес» шет елдік телеөндірістің үздік ойыны, ток-шоуы болып қала береді. Оның осы аптадағы рейтингі 2,46%. Екінші орынға 1,41% бірден екі бағдарлама ие болды. Олар: МИР телеарнасынан көрсетілген «Игра в кино» және Жетінші арнадағы «Юморина 2019» жобалары. Сол жексенбіде «Юморина 2021» бағдарламасының тағы бір көрсетілімі эфирге шықты. Алайда КТК-да оның көрсеткіші 1,37% ғана жинады.
«Осман» фильмдер мен телехикаялар санатында үшінші орында тұрып, «Қилы күндер» түрік телехикаясына және «Маруся» атты ресейлік лентаға өз позициясын беріп қойды. Жұма күні кешке НТК-да «Пуленепрбиваемый» фильмін көру үшін экшн-фильм әуесқойлары экран алдына жиналды.