ҮЗДІК 10 АРНА

Еуразия бірінші арнасы елдің теледидар нарығының бестен бір бөлігін қамтиды. Оның өткен аптадағы эфирі 1,23% рейтингке ие болды. КТК екінші орында тұр. Біз көріп отырғанымыздай, оның күшті жақтары жаңалықтар, аналитика және ойын-сауық мазмұнындағы бағыттар. Рейтингтің жүзден бір бөлігін үшінші және төртінші орында тұрған Astana TV және Qazaqstan бөледі.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

Осы дүйсенбі күні арналардың эфирінен шыққан жаңалықтардың қаралымы өте көп. Үздік ондықтағы 10 жаңалықтың 7-і дәл 4 наурызда эфиргеберілді. Еуразия бірінші арнасы  және КТК еліміздегі, шетелдегі оқиғаларды жедел әрі объективті жариялауда алдыларына жан салмауға барын салады. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды («Парламент Онлайн» және «Аналитика») беруде Еуразия бірінші арнасына бәсекелес болуға лайық Qazaqstan және 24KZ («Апта» және «Prime Time») арналары деуге негіз бар.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

«Егіз лебіз» шоуы көрермендерді баурап алды және жоба басталған уақыттан бастап көшбасшылық позицияларға ие болды. Qazaqstan телеарнасындағы«Әзіл әлемі» бағдарламасы да алдыңғы қатарда. Осы аптадақаралым жағынан екінші орынға ие болды. Үшінші және бесінші орындар КТК мен Astana TV эфирінен көрсетілген «Шаншар» жобасында. Демалыс сәттерінде және әзіл-оспақ көргісі келген кезде көрермен 31 арнаны жиі қосады. Үздік үштіктегі ток-шоулар арасында Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike», КТК арнасындағы «Кел, шырқайық!» және Балапандағы «Тай-тай шоу» бар.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарлама

Осы аптадағы музыкалық бағдарламалардың көпшілігі әйелге, анаға яғни 8 наурыз мерекесіне арналды. Керемет концерттер, көрерменге ғажап көңіл-күй сыйлады. Концерттердің атаулары да ерекше: «Әйелмен әлем әдемі», «Гүл сыйлайық анаға», «Әлемнің жарығы», «Ару көктем». Қазақстандықтар демалыс және мереке күндерінің кештерін Astana TV, КТК, Хабар, Qazaqstan және Еуразия бірінші арнасының алдында өткізді. Білім беру яғни танымдық мазмұн таңертең де, кешке де өте жақсы көріледі. Өйткені танымдық дүниелер көрерменге әрдайым қызық. Qazaqstan және Еуразия бірінші арнасындағы таңертеңгілік бағдарламалар трендте қалып отыр.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар

Біздің қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көруге, талқылауға ынтасы жоғары. Осындай бағыттағы тақырыптарды ұсынатын арналар жеткілікті. Алайда  көрермен көбінесе Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» және «Айна» бағдарламаларын тамашалайды. Сондай-ақ, «Ашық алаң», «Qаймақ», «Контроль поручений» және т.б. бағдарламалар да әрдайым ел назарында. Сосын Balapan балалар телеарнасы да кішкентай көрерменге түрлі жанрдағы танымал контент ұсынып отыр. Бұл жолы елордалық арнада шығатын «Саулыкың сыры» бағдарламасы үшінші орынға шықты.

Қазақстандық телехикаялар мен фильмдердің топ ондығы

Qazaqstan арнасы жергілікті көрермендерге үздік телехикаялар мен фильмдерді ұсынып отыр. Олардың арасында: «Жат бауыр» хикаясының екінші маусымы бар. Сонымен қатар, «Жар-жар» комедиясы осы аптада көрермен қызығушылығына ие болып, қаралым көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты. Сондай-ақ, біздің отандастарымыз «Келінжан-4» және «Зу-зу Күлпаш» сериалдарындағы оқиғалардың дамуын бақылауды жалғастыруда.

Ал көркем фильмдерге келетін болсақ, Astana TV – ге осы аптада ешкім де тең келмейді. Елордалық арнаның хабар тарату бағдарламасынан бірден төрт фильм екінші орыннан бесінші орынға дейінгі сатыны иеленді. Дәстүр бойынша, көрермен  демалыс күндерін кино көруге арнайды.

Аптаның ең үздік деректі фильмі 6 наурызда Qazsport телеарнасында көрсетілген «На пути к мечте» болды. Фильм Қазақстан құрамасындағы футболшыларымыздың келбетін ашып көрсетті.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, телехикаялар мен фильмдер

Шетелдік бағдарламалары мен фильмдері бар арналардың ішінде көрермендердің қалауы Еуразия бірінші арнасы болып қала бермек. Өйткені «Поле чудес» шоуы және «Реализация» сериалы өз санаттарындағы рейтингтердің көшін бастады. Екінші орында Мир және Astana TV телеарналары («Игра в кино», «Осман» т/с) бар. Осы аптадағы үштікті қортындылайтын Qazsport пен КТК арналары. Спорттық арнада бокстан әлем чемпионаты көрсетілсе, КТК «Маруся» телехикаясын көрермен назарына ұсынды.

Перевод
Facebook
Instagram