Үздік 10 арна

Еуразия бірінші арнасы, КТК және НТК-осы аптадағы үздік үштікті осы үш арна бастап тұр. Республикалық эфирдің 42% — ға жуығы осы арналардың бағдарламалары мен жобаларының еншісінде. Осы аптадағы шолуымызда біз жеке санаттардағы ең танымал шығарылымдар туралы толығырақ ақпарат береміз. Естеріңізге сала кетейік, телеарна көрермендерінің санын анықтау жүз мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерде және 6 жастан асқан көрермендерді ескере отырып жүргізіледі.

Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар

Еуразия бірінші арнасындағы «Главные новости» осы аптада ең жоғары рейтингке ие – 4,53%. Бұл алдыңғы апталардағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Екінші орында КТК жаңалықтары (3,70%) тұр, үшінші орында тағы да Еуразия бірінші арнасының Басты жаңалықтары (3.60%). Сондай — ақ, көрермендер осы арнадағысараптамалық шолужобалары яғни «Парламент Онлайн» және «Аналитика» бағдарламаларын жоғары бағалайды. Үшінші орында Astana TV-дағы  Sapar Times жобасының сенбілік шығарылымы.

Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы

Qazaqstan әзіл-сықақ бағдарламаларының рейтингісіне бірден екі бірінші орынды иеленді. Олар: «Егіз лебіз» шоуы және демалыс күндері көрермен назарына ұсынылған «Әзіл әлемі» бағдарламасы. «Шымкент Шоу 10 жыл» шығарылымын эфирге берген КТК үшінші орында.  Үштікті жалғайтын ойын-сауық бағдарламалары арасында танымал және қазақстандықтар ерекше ықыласпен тамашалайтын Еуразия бірінші арнасындағы «QosLike» ток-шоуы, КТК ұсынатын «Астарлы ақиқат» пен «Кел, шырқайық» бар. Сондай-ақ, Balapan балалар арнасының екі бағдарламасы — «Тай-тай шоу» мен «Кім тапқыр?» ондықтан ойып тұрып орын алды.

Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламалар

КТК-дағы «Әнім сен едің» концерттік бағдарламасы, Qazaqstan арнасындағы Жігер Ауыпбаевтың шығармашылық кеші және Astana TV-дегі «Жігіттер» квартетінің концерттері осы жексенбілік кештің сәнін келтірді. Осылайша көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. Үздік он бағдарламаның бесеуі Qazaqstan арнасынан көрсетілгенін де айта кеткен жөн.

Ал танымдық бағдарламаларының ішінде таңертеңгілік шоулар ерекше орын алады. Олар көрерменнің ұйқысын ашып, сергек жүруді ғана үндемейді. Күні бойына жететін жақсы көңіл-күй сыйлап, қажетті танымдық ақпаратпен де бөліседі. Олардың арнасында озып алға шыққандар  — Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан!» және Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» жобалары. Олармен бірге білім беру мазмұнын тооықтырғандардың ондығында Balapan, 24KZ және Хабар телеарналары бар.

Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа да отандық бағдарламалар

Мерекелік күндер арасындағы аптада айтарлықтай ерекше жаңалық жоқ. Апта бірқалыпты өтті деуге де болады. Алайда танымал тележобалар әрдайым биіктен төмендемеуге тырысады. Осылайша өз эфирлерімен көрермендердің қызығушылығын тудырады. Мәселен Еуразия бірінші арнасындағы «Koremiz» ток-шоуыкөш бастап тұр. Оның рейтингі 4,38%. Бұл осындай форматтағы бағдарламалардың рейтингтерінен бірнеше есеге артық көрсеткіш. Мысалы, Qazaqstan телеарнасында «Ақорда» бағдарламасы екінші орында. Оның көрсеткіші бар болғаны 0,95%. Ал, одан кейінгі жобаларғаназар аударсақ үздік ондықта Balapan телеарнасының әртүрлі бағдарламалары бар. Олардың рейтингі 0,55% — дан 0,79% — ға дейін.

Қазақстандық телехикаялар мен фильмдердің топ-ондығы

Бірінші орында «Хабар» телеарнасында басталған «Жаңбырлы ғұмыр» жаңа хикаясының наурыздың 14-і күні эфирге берілген сериясы бар. Сериал қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелерін баяндайды және 15 эпизодтан тұрады. Екінші орында Qazaqstan арнасынан көрсетілетін «Жат бауыр», үшінші орында Astana TV-дағы көрермендердің сүйікті жобаларының біріне айналған «Зу-Зу Күлпаш» комедиялық сериалы тұр. Сондай-ақ, елордалық арна осы санатта ондықтағы үш орынды еншіледі. Бірінші орында «Бойдақ күйеу», жетінші және оныншы орында «Ғашық жүрек или коктейль для звезды» фильмдері бар. Алекінші орында КТК арнасынан көрсетілген «Моя чужая» картинасы үшінші орында танымал отандық фильм «Рэкетир» бар. Бұл кино Almaty TV арнасының эфирінен берілді.

Телеөлшемдерден алынған мәлімет бойынша, аптаның үздік деректі фильмі Qazaqstan телеарнасында көрсетілді. Бұл жазушы Жұмабай Шаштайұлы туралы 12 наурызда көрсетілген «Қаламгердің қайран дидары» деректі жобасы.

Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар

Осы аптада Еуразия бірінші арнасының ең танымал шоуы «Поле чудес» жобасына рейтингтерге сәйкес лайықты қарсылас пайда болды. НТК телеарнасы жұма күнгі эфирінен «Уральские пельмени. СмехBook» жобасын көрсеткен еді. Оның көрсеткіші 2,69% болды. Ал Леонид Якубович жүргізетін әйгілі тележоба осы аптада небәрі 2,94% көрсеткішке ие болған.

«Осман» және «Маруся» сериалдары әлі де көрермендердің назарын аударып, көшбасшылар үштігінде қалады, бірақ Еуразия бірінші арнасында «Адмиралы района» сериалы басталды, ол қысқа мерзім ішінде қазақстандықтар арасында резонанс тудырып, жүректерін жаулап алды деуге негіз бар. Өйткені апталық рейтингте бірінші орынға шықты.

Перевод
Facebook
Instagram