Үздік 10 арна
Осы аптада ең көпқаралғанконтент Еуразия бірінші арнасында. Бұл көрсеткіш апта бойы теледидарлар арқылы Бірінші арнаны таңдайтын көрермендердің 20% — дан астамы дәлелдейді. КТК және Qazaqstan Еуразия арнасының құрмет тұғырындағы сенімді үштігін құрап тұр деуге болады. Бірақ резервте НТК және Аstanatv бар екенін де естен шығармаған жөн. Олар өздерінің хабар тарату торында табанды жұмыс істейді және жеңісті көшбасшылармен қатар бөлісуге әрқашан дайын.
Үздік 10 жаңалықтар және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар
КТК жаңалықтарын оңтайлы ұсына білу арқылы бірінші орынға шықты! Бұл 26 наурыз, сейсенбі күннің кешк шығарылымында белгілі болды. Осы тұғырдағы бәсекелестікті Еуразия бірінші арнасының орыс және қазақ тілдеріндегі жаңалықтар шығарылымы құрады. Бірінші арнаның қорытынды сараптамалық талдауы трендте қалып отыр және «Аналитика» мен «Парламент онлайн» бағдарламаларымен бірінші орында тұр. Qazaqstan телеарнасында «Апта» және «Aqparat. Арнайы шығарылым» бағдарламалары бар ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар санатындағы келесі екі жолды иеленді.
Үздік 10 ойын-сауық бағдарламасы
Әзіл-сықақ бағдарламалар санатында фавориттер өзгерген жоқ: «Егіз лебіз», «Алдараспан»,«Шымкент шоу» және түрлі сатиралық бағдарламалар көш бастап келе жатыр. Егер көрсеткіштер бойынша Qazaqstan және AstanaTV алда болса, онда ондықтағы өкілдік бойынша бірден 31 арнада төрт орын бар. Ойын-сауық шоуларының ішінде ең аз өзгерістер –«Астарлы ақиқат», «QosLike» және «Кел, шырқайық» өз арналарына алдағы орындарды тұрақты түрде алып берді. Тек қана алға!, — деуден басқа сөз жоқ.
Үздік 10 музыкалық және танымдық бағдарламасы
Өткен аптада музыкалық бағдарламалар Qazaqstan телеарнасына рейтингтің ондығында жеңіске жетуге мүмкіндік бергені кездейсоқ емес. Осы аптаның нәтижелері арнаға телевизия саласындағыы ең үздік музыкалық платформа атағын бекітіп қана қоймай, Qazaqstan – да бірінші-жетінші орында ең жоғары рейтингтерді көрсетті!
Танымдық яғни білім беру контентінің алдыңғы қатарында Ұлттық арнаға лайықты бәсекелестікті 24 KZ құрады. Qazaqstan бағдарламалары 2, 4, 5, 6 және 8 орындарда болған кезде «Qazaqstan halqyna» бағдарламаларының шығарылымдары 1 және 3 орындарды иеленді. Олардың табысының сыры неде? Оны білу үшін арнадағы жобаларға назар аударыңыздар!
Топ-10 әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалар
Оқиғалардың қайнаған ортасынан табылу, өзекті мәселені анықтау, болып жатқан жағдайға объективті баға бере білу және ең білікті сарапшыларды тарту – бұл әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың ондығына енген арналардың сәттілігінің формуласы. Көшбасшылар үштігінде «Koremiz» және «Айна» бағдарламалары бар Еуразия бірінші арнасы, сондай-ақ «Ашық алаң» жобасымен Qazaqstan телеарнасы бар.
Балалар телеарнасы яғни «Балапан» дәстүрлі түрде ешкімге жол бермейтін санатта бүгін елордалық Astana TV және республикалық el Arna тиісінше ТОП-10-ға 2 және 10-орынға ие болып, «Балапан» үшін тек сегіз жол қалдырды.Кейде көрсеткіштердің осылай таң қалдыратыны бар. Өйткені көрерменнің талғам таразысы әртүрлі.
Үздік 10 отандық телехикаялар мен фильмдер
Бір қызығы, сериалдар аптаның кез келген күнінде, демалыс немесе мереке күндерінде де танымалдылығын төмендетпей тұра алатын қасиетке ие. Мұның себебі неде? Көрермендердің сүйікті кейіпкерлеріне деген адалдығы немесе уақыт бойынша қалыптасқан әдеті ме? Біз мұны түсінуге тырысып отырған сәтте, «Жат бауыр» мен «Келінжан» өздерінің жеңісті шеруін жалғастыра берген болатын. Көркем фильмдердің рейтингтерін сериалдардың рейтингтерімен салыстыруға болмайды, бірақ олар біздің назарымызға лайық. Апта Astana TV-дегі «Казахи против пришельцев» комедиялары, Жетінші арнадағы «От» пен Qazaqstan арнасындағы «Оралман» көркем фильмдері үшін сәтті өтті. Айтпақшы, елордалық канал бірден бес картинасын, соның ішінде «Параолимпиец» драмасын да ұсынған.
Үздік деректі фильм КТК арнасында 30 наурыз, сенбі күні эфирге шықты. «Без ограничений» лентасы үздік деректі фильм деп танылды.
Үздік 10 шетелдік бағдарламалар, фильмдер мен сериалдар
НТК арнасынан көрсетілген «Однажды в России» шоуы рейтинг көрсеткіштері бойынша тағы бір ресейлік теле шоуды шаң қаптырып кете жаздады. НТК-ға көрермендердің назарының жүзден екі бөлігі ғана жетпей қалды. Осылайша Еуразия бірінші арнасы «Поле учдес» шоуымен бірінші орынды сақтап қалды. Үшінші орында тағы да ресейлік контент. НТК ұсынған «Уральские пельмени. СмехBook». Бұдан әрі тізімде МИР көрсеткен «Игра в кино» шоуы, Balapan, Qazaqstan және Jibek Joly арналары қазақ тіліне дубляждаған мультсериалдар мен мультфильмдер бар.
Жеті сериал мен үш көркем фильм өткен аптада көрермендердің көзайымына айналды. Олар Еуразия бірінші арнасынан көрсетілген «Простить себя», Astana TV-дегі «Осман-4» сериалының сенбілік эпизоды және КТК – дағы «Маруся» сериалдары. Осы үш дүние де алғашқы үш орынды иеленді. Айтпақшы, «Маруся» сериалының тағы бір көрсетілімі яғни жұма күні эфирге берілген көрсетілімі рейтингтің ондығына кірді. Еуразия бірінші арнасында көрермендерге ұнайтын тағы екі телехикая бар. Олар «Лихач» және «Не оглядывайся назад». Бұл осы аптадағы негізгі көрсетікіштер болатын.